Сау басын саудаға салды
Саудаға достық жүрмейді
Сауда түбі – борыш, шаруа түбі – кеніш
Базарда мың кісіні көреді,
Әркім сүгеніне сәлем береді.
Үйдегі есепті,
Базардағы нарық бұзар.
Сөзіңе қарап саудагер екеніңді білдім.
Теңге тиынна өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
Есепсіз дүние жоқ.
Жыраққа қойсаң жақыннан аларсың.
Түстік өмірің болса, кештік мал жина.
Алтын тапсаң санап ал.
Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
Тамшыдан тама берсе дария болар.
Судың да сұрауы бар.
Есептемегенге бәрі түгел.
Сауыа ішсең мың күндік,
Сойып жесең бір күндік.
Үзіп жеген үнемге жатпайды.
Қасықтап жинағанды шөміштеп төкпе.
Базары жақын байымас.
Қолдағының құны жоқ.
Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді,
Жақсы қойшы жайлауынан мың күн жейді.
Шашу оңай, жинау қиын.
Тағы рефераттар
- Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері
- Алгоритм құрылым негіздері мен қолдану тәсілдері курстық жұмыс
- Банк балансы: банкті басқаруда қолдану және талдау дипломдық жұмыс
- Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
- Этикет