СЕЙТЕН КӨЛІ АРТЕМИЯСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ, ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨНІП-ӨСУ
СИПАТТАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
Соңғы уақытта табиғи экожүйеге қарқынды антропогендік ықпал жасау аясында олардың жағдайы және тиімді пайдалануына қоғамдық қызығушылық өседі.
Табиғи биологиялық ресурстарды тиімді заманауи шаруашылықта пайдалану оның табиғи өсіп-өнуін міндетті түрде сақтап қалу қағидатына тоқталады, осы ретте әр ресурс түрінің ареал шекарасында ғана емес және ол мекендеген жердің барлығында сақталу қажеттілігі ескеріледі.
Осы жұмыстың мақсаты: дала зерттеулері мен эксперименталдық жұмыстар негізінде Сейтен көлі Артемиясының физиологиялық және өніп-өсу сипаттамасының ерекшелігі мәселесінің негізін зерделеу.
Алға қойылған міндеттер:
- Артемияның өмірлік циклі кезеңін реттейтін факторлар негізін бағалау;
- Эксперименталдық зерттеулер өткізу, оның негізінде артемияның физиологиялық және өніп-өсу ерекшелігін анықтау бойынша қорытынды жасау.
Осы жұмыстың жаңашылдығы зерттеуден алынған деректер әдістемелік ұсынымдардың негізі болатында және Павлодар облысында Артемия туралы ғылыми түсінікті кеңейтуге мүмкіндік беретінінде тұр.
Тұзды көлдердегі артемия шаяндарына жасалатын мониторинг жұмыс көлемінен асады, ол сонымен қатар экожүйенің жалпы экожүйе жағдайының көрсеткіші ретінде өте маңызды. Шаян тура мен төте антропогендік әсер алатын объекті тәрізді қарастырылады.
Барлық организмдер және гидробионттар ортамен өзара әрекет жасаудан экологиялық факторлар спекторының әсеріне ұшырайды. Олардың арасында ең алдымен жарық (фотокезең), температура, оттегі, кермектік, қысым, антропогендік әрекет сияқтыларды бөліп атауға болады, биотикалықтың арасында – трофикалық жағдайлар, популяцияның тығыздығы, паразитарлық инвазия және басқалар. Қолданыстағы факторлар жиынтығынан қандай да біреуін бөлу және оны өзгелерге байланыстырмай талдау өте қиын. Табиғи жағдайларда ортаның қосарлас факторлар кешені гидробионттарға әсер етеді [1].
Сейтен көлін мониторингтік зерттеу әдістемесінің негізіне Юта штатының ғылыми зерттеу және дамыту Стратегиялық одағының қызметкері – Б. Мардэнмен (Солт – Лейк – Сити, АҚШ) әзірлеген және пайдаланатын стандарт әдістері алынған. Сынама іріктеуі 16 көлдің тіркелген ұңғымасында жүргізіледі, олар 4 транссектаға шартты белгіленген. Әр транссектадағы ұңғыманың тереңдігі: 2,4,6,8 метр. Зоопланктонды таңдау диаметрі 0,5 м. планктондық конустық сетка арқылы жүргізіледі. Температура мен кермектілікті өлшеу үшін рапаны (сынаманы) таңдау батометрдің көмегімен жүзеге асырылады. Таңдау кезеңі орташа 10 тәулік, ол генерация мен ауа райы жағдайына байланысты.
Сейтен көлінде жүргізілетін мониторингтік тексеру негізінде 2011-2012 жылдардағы генерация және артемия шаянының іс-әрекеттері сипаттамасының ерекшеліктері белгіленді. Деректерге талдау жүргізгенде Artemia шаяндарының көбею заңдылығы мен тарау стратегиясына көп назар аударылды. Ұрпақ беру және потенциалдық мүмкіндіктерін анықтау мақсатында барлық вегетациялық кезең ішінде ұрпақ беру көрсеткішіне талдау жүргізілді.
Сейтен көлінің гидрологиялық режімінің айтарлықтай тұрақты көрсеткіші бар. Көктемде беткі қабаты өте жылдам жылыйды. Рапаның 0,5 метрлік қабатының температурасы -8°С-ден +10°С-ге дейін көтеріледі. Беткі қабаттың температурасы 10-13°С болғанда алғашқы науплиустар пайда болады. Бірінші генерацияның қалыптасуы мен өсуінің басталуы әдетте бет қабаттың температурасы 13-20°С болғанда сәуірдің аяғында – мамырдың басында болады. Жазғы кезеңде рапа (сынама) 22-23,5°С-ға дейін қызады.
Көлдің тұзды құрамында негізгі рөлді хлорлы натрий (NaCl) алады. Рапаның (сынама) кермектілігі маусым ішінде 150-160 г/л орташа кермектікте 3-8 г/л шегінде ауысып тұрады.
Температуралық режім айтарлықтай тұрақты болған кезде барлық маусым ішінде жем қорының тұрақсыздығы анықталады, ол Секка дискісінің көмегімен көрінетін судың мөлдірлігімен сипатталады.
Физиологиялық жағдайдан басқа температураның, жарық пен басқа да бірқатар табиғи факторлардың әсері шаянтәрізділердің ұрпақ тарату қабілеті ең алдымен тамақпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты екені анықталды [2]. Бірақ-та трофикалық жағдайлар көбею процесіне әсер ететін негізгі факторлар деп саналмайды, және де шаянтәрізділердің көбею циклі уақыт бойынша жас ұрпақтың шығуын тамақпен қамтамасыз етілу кезеңіне дәл келтіріп жылдам реттелгені байқалады [3].
Artemia табиғи жағдайда физиологиялық пен биохимиялық көрсеткіштер бойынша бөлінетін бірнеше биотоптар екені көрсетілген. Табиғатта бар популяцияның ішінде біреулері жыныстық жолмен көбейеді, басқалар – партеногенетикалықпен. Партеногенетикалық популяцияны сипаттау үшін жыныстардың арақатынасын анықтайды. Бірқатар авторлар тұз құрамының өзгеруі жыныстар арақатынасының өзгеруіне және еркектерінің уақытша жойылуына әкеліп соғады деп санайды.
Туыстық филоподтарға қарағанда қоршаған ортаның жағдайы жайлы болғанда артемияның еркектері шығарудың (сырт қабатты салу) бір жүйесінен тірі науплиустардың тууына (тірі туу) жеңіл ауысады. Артемияда шығарудың бір жүйесінен басқасына ауысуы аяғына дейін әлі зерттелген жоқ. Зертханалық эксперименттер сырт қабатты салу сияқты шығару әдісі жемазықтың азаюымен және оттегі тапшылығынан болу мүмкін екенін көрсетті. Осындай жағдайларда гемоглобин шығады, ол сыртқы қабығының пайда болуына маңызды роль атқарады [4].
Осылайша, соңғы жылдардың деректері негізінде Сейтен көлі бойынша еркектердің пайда болуына, шаян қалыптасқан кезінде де және оның даму мен өсу кезеңінде туындаған төмен жемазық базасының кезеңіне сәйкес келетіні анықталды.
Сейтен көлінің Artemia шаяны үшін үш генерация тән, алайда тұрақты жемазықпен қамтылғанда және су айдынының гидрологиялық режімінің арқасында төрт генерацияның толық даму циклі болуы мүмкін.
Биоресурсты дамытуға шектеулі әсер ететін мекендеу ортасының лимиттік факторының бірі жемазық базасы болып табылады.
Жемазық базасының жеткілікті болуы тірі тууға жақсы әсер етеді және жоғары ұрпақ тарату сипаттамасын қалыптастырады, оның ішінде өсіп-өну.
Жемазық базасының тапшылығы шаянның өсуіне, дамуына және өлуіне, сондай-ақ төмен ұрпақ таратушылыққа әкеліп соғады.
Популяция санын реттеу әдістерін және жемазық базасын әзірлеу ұрпақ таратуды арттыруға мүмкіндік береді және сонымен дайындау көлемін ұлғайтады.
Сондықтан да, партегенетикалық популяцияның түрлерін сипаттаған кезде барлық генерациялардағы жыныстық арақатынасқа талдау өткізу керек.
Сондай-ақ ғылыми мақалалар аталмыш мәселені зерттеуде, тілдік аспектілерді де қарастырады. Бізбен төменде берілген анықтамаларды толыққанды экологиялық терминдер ретінде қолдануды ұсынамыз:
1. Абиотикалық факторлар – өлі табиғаттың әсері (климат, температура , ылғалдылық , жарық және т.б.).
2. Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
3. Биологиялық ресурстар – генетикалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөлiктерi, популяциялар немесе экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотикалық компоненттерi.
4. Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері.
5. Табиғи ресурстардың сарқылуы – табиғи ресурстар қорларының сандық және сапалық сипаттамаларының iшiнара немесе толық жоғалуы.
6. Ұрпақты болу денсаулығы – адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;
7. Физиология – тірі ағзаның регуляциясы және қолданылуы.
Қорытынды: Сейтен көлінің Aртемия шаянын зерттеген кезде температура, кермектік, жарық, ортаның сутегі көрсеткіші, құрамдағы оттегі және басқалар сияқты барлық факторлардың бірлесіп көрсеткен әсері шаянтәрізділердің қөбеюі үшін ғана емес, сонымен қатар альгофлораның түрлерінің және сандық құрамының дамуына жағдай да жасайды. Осы кезекте, жемазық базасы шаянның санын, оның ұрпақ берушілігін, физиологиялық және өзге де сипаттарын реттейді.
Келтірілген экологиялық анықтамалардан басқа, біздің мақаламыз – қазақ тіліндегі қазіргі экологиялық терминдердің қолданылу аясын кеңейту мен жетілдіруде тағы да бір маңызды міндет атқаратындығы сөзсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Хмелёва Н.Н. Шаянтәрізділердің көбею заңдылығы Минск.: Ғылым және техника, 1988. – 208 б.
2. Ивлев В.С. Мұхит жануарларының физиологиясы. М.,1966. – 45б.
3. Кисилёв И.А. Теңіз планктоны және континенталдық су айдындары. Л., 1980. – 97 б.
4. Ивлева И.В. Омыртқасыздардың биологиялық негіздері және жаппай культивациялау әдістері. М.: Наука, 1969.- 75 б.
Зейнулина А.Ф.
Профессор, ф.ғ.к.
Чидунчи И.Ю
М Эк-22ғ тобының магистранты
Тағы рефераттар
- Кен орнының геологаялық зерттелуі және игеру тарихы
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздар есебі курстық жұмыс
- Салықтық тексерістің ұйымдастырылуының кезеңділігі
- Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері
- Иран халқының мұнай өндірісін ұлттандыру үшін күресі