«Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы туралы қазақша реферат
Бұдан бұрын «Терра» СК» АҚ деп аталған «Cентрас Иншуранс» Сақтандыру Компаниясы» Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі «Сақтандыру Компаниясы») 1997 жылы Қазақстанда құрылған.
2005 жылғы 12 сәуірден бастап СЕНТРАС тобының құрамындағы компания Сақтандыру компаниясының негізгі акционері болды.
Бүгінде Сақтандыру Компаниясында бизнесті дамыту жолында айтарлықтай тың өзгерістер болуда. Ал бұл біздің болашаққа деген сенімімізді одан әрі нығайта түспек. Компаниямыздың жарияланған жарғылық капиталы қазіргі кезде 1 млрд. теңгеден асты. Филиалдар желісі тез қарқынмен даму үстінде, сақтандыру қызметтерінің жиынтығы молайып, тұтынушыларға қажетті сақтандыру өнімдерінің қатары көбейіп келеді. Сақтандыру Компаниясы Сақтандыру төлемдеріне кепіл болу қорының мүшесі болып табылады.
Компания Қазақстанда сақтандырудың әр алуан түрлері бойынша клиенттердің сұраныстарын толыққанды қанағаттандыру үшін жаңа лицензиялар алуға белсене іс-әрекет жасауда.
Сақтандыру Компаниясының миссиясы:
Қазақстан нарығына батыстың ең үздік дәстүрлеріне негізделген сапалы сақтандыру өнімдерін енгізу.
Сақтандыру Компаниясының 2008-2009 жж. стратегиясы:
– Қазақстанның сақтандыру нарығындағы көшбасшылар ондығының қатарына қосылу.
– Халықтың және тұтынушылардың арасында ұнамды имидж жасау.
– Қазақстан Республикасының барлық ірі қалаларында филиалдар ашу.
– Агенттік желіні арттыру арқылы еліміздің барлық аймақтарында халыққа жекелеп сатуды дамыту.
Компанияның басым бағыттары:
– Қазақстанда бәсекеге түсе алатын сақтандыру өнімдерінің мол жиынтығын ұсыну
– Жаңа ақпараттық және басқару технологиясын жедел қарқынмен енгізу
– Сақтандыру Компаниясының барлық қызметкерлерін жоғары кәсіби даярлықтан өткізу және біліктіліктерін арттыру.
– Елімізде сақтандыру мәдениетінің деңгейін көтеру.
– Жаңа сату жүйелерін қалыптастыру және филиал мен агенттіктіңтармақталған желісін дамыту.
– Клиенттермен ұзақ уақытқа өзара тиімді қарым-қатынас орнатуды көздеу.
– Жасалған сақтандыру келісімдерінің сенімділігін, заңдылығын және тиімділігін қамтамасыз ету.
«Сентрас Иншуранс» СК» АҚ-ның көрсеткіштері:
2010 жылғы І-тоқсанындағы қорытындылар бойынша «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ жинаған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 миллиард теңгеден асып, 80%-ға көбейді. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 79%-ға артып, 213 млн. Теңгеге дейін жетті.Компанияның активтері 5570 млн. теңгеге жетіп, ал компанияның меншікті капиталы 1779 млн. теңгеден асып түсті. Moody’s Investors Service ұйымы Компанияның сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы рейтингін (СҚТР) «В3» халықаралық меже бойынша растады, «болжам-«оң». Ал Қазақстанның түрлі экономикалық секторларындағы ірі компаниялары мен ұйымдарының 750-ден астам басшылары қатысқан «Exclusive» журналының тәуелсіз қорытындылары бойынша «Сентрас Иншуранс» СК» АҚ үш жыл бойы Қазақстанның ең үздік 50 компаниясының қатарынан көрінді.
Тағы рефераттар