Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады.
«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады.
Қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады.
Несие ұсыну жаңа және жетілдірілген жаңа құралдар алуға; айналым қаражатын толықтыруға; әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға негізделген.
Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз.
«ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.
Негізгілер:
ü СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
ü «ДАМУ аймақтары II»;
ü «ДАМУ өндіріс»;
ü «Бизнестің жол картасы – 2020»;
ü Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;
ü Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.
Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы — ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек.
Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «ДАМУ аймақтары ІІ». Бағдарламаның басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар.
«ДАМУ өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді.
«ДАМУ» қоры сыйақы мөлшері төмен – 8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарлама әзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады.
Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» және «Евразиялық банк».
Қаржылық емес бағдарламалар – мүгедек-кәсіпкерлерге олардың мәселелері мен қажетті ресурстары (қаржылық, мүліктік, ақыл-кеңестік қолдау көрсету, өзге де қызметтер арқылы көмек беру) туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жолымен көмек көрсету мақсатында әзірленген арнайы бағдарлама. Қор «ДАМУ-көмек» сайтын жасап, оған өзінің шағын ісін ашқан және көмекке мүдделі мүгедек-кәсіпкерлер туралы ақпараттар орналастырады.
Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие алу үшін кәсіпкерлер банктің несие саясатына сай келуі керек. Сіз өзіңіздің кепілдік мүлігіңізді және бизнес-жобаңызды ұсынуыңыз қажет. Банк оң шешім шығарған жағдайда құжаттар қарастырылуға жіберіледі. Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) несие беру мүмкіндігі немесе бас тарту туралы соңғы шешімін шығарады.
Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие алуға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытына қатысты өзгерістер енгізілді. Осылайша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% орнына, мемлекет 14% кезінде 7% жабады, ал кәсіпкер бағдарламаның 7%-ынан астамын ғана жабады. Үшінші бағытында экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған 8% мемлекет өз есебінен жабады.
Неліктен «Даму» қорын таңдау керек деп ойлайсыз? Орташа алғанда бүгінгі күнде коммерциялық несиенің пайыздық мөлшерлемесі 16-21%-ды құрайды. Қаржыландырудың бағдарламасында бұл — 10%, оның үстіне жеңілдік мөлшері бойынша несие алған кәсіпкер басқа мемлекеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасына» қатысуға мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мемлекет оған сыйақы сомасының 5% жауып береді. Ал егер несие алушы жаңа құралдар алған болса және экспортқа өнім шығаруға жұмыс істесе, онда мемлекет өзіне 8% пайыздық төлемді алады.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты Сіз «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарынан ала аласыз.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.damu.kz – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның cайты;
2) www.damu-komek.kz/ — «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қызмет істеп жатқан және жаңа бастаған мүгедек-кәсіпкерлерге арналған cайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бизнеске несие», «бизнес несиелерін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
- Кеңес дәуіріндегі қазақ айтысы
- Биоиндикаторлар және олардың сипаттамасы
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу проблемалары мен оларды шешу жолдары
- Биология дамуының қысқаша тарихы жөнінен анықтама