Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Қазақтың бес арысының бірі – Шәкәрім.

2. Шәкәрім ‘‘жан” туралы.

Қорытынды 

Кіріспе

Шәкәрім қазақ поэзиясының  философия саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.

Шәкәрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына    » Қазақ айнасы» деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері — өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биікте терең философиялық әрі эстетикалық түсінік ұғымының көрінісі еді».

Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ — Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі. Шәкәрім орыс жөне дүниежүзілік классикасымен Абай арқылы танысқаны анық. Ол құрметпен, мақтанышпен көбірек айтатын есімдер ішінде Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой, Некрасов аттарын кездестіреміз.

Шәкәрім осы аталған орыс ақын-жазушыларының шығармаларынан жақсы аудармалар жасайды. Ал меңгеріп алғаннан кейін орыс мөдениетін батыстың асыл қазынасына жетер баспалдақ ретінде жоғары өрлейді. Батыс философтары Шопэнгауер, Канттың философиялық ілімдері жайлы толғаулары соған куә.

Қазақтың бес арысының  бірі – Шәкәрім

    Қазақ әдебиетінің бес арысы – Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Дұлатов, Ж.Аймаутұлы, М.Жұмабаев білім, жалпы ұлттың руханият саласында ерең еңбек еткен.

Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік – қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.

Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.Ол  араб, түрік, парсы, орыс,шағатай тілдерін үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:

«Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

    Сол тілге аударылган  барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыда туып кунім.

   Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,

 Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен,

   Надандықтың тазарып кетті кірі».

Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі – Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі – табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы – демократтары  да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.

Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы», және т.б өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-кебек», «Нартай лақ пен Айсулу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.

Шәкәрім ‘‘жан” туралы

Шәкәрім  қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты—туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қоддану. Шәкәрімнің рухани ізденісіңде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекще орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат—ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.

Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқаң идея — жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойьнша, адамның дүнйедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің қепілі — Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқаңда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. «Жан, — дейді Шәкәрім, — менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай бол- са, бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді». Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алға- шқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм жөне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы — үшінші анықты ұсынады:

«Еңбекпенен, өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл, қайнар омір

Ар ілімі оқылса».

Яғни, басты мәселе ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі — ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: «Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ождан, намыс жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, намыс құр-ғйна көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.

Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі елген соңғы жан өміріне нана алмай ождан, намыс, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нөрсе карайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сиякты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы—ождан, намыс деумен еш нөрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы».

Қорытынды

 Шәкәрім өмір бойы езің-өзі жетілдірумен өткен адам. Ол әдебиет, тарих, философия, жаратылыстану ғылымдары. Мен- мен де өте көп қызыға шұғылданды. Оккультизм, спиртуализм, магия мәселелерімен де қызықты. Ал, оның философиялық дүниетанымында ежелгі антикалық классиктер -— Пифагор, Демокрит, Эмпикур, Платрн және Аристотель негізгі орын алды. Ол сондай-ақ XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басын- дағы фраңцуз философы Огюст Конт, ағылшынның позитавист философы Герберт Сденсер, Нелийдің идеалист пессимист фи- лософы А. Шопенгауэрдің т.б. философиялық еңбектерін өте жақсы білді,

Бұдан біздің нақтылы айтарымыз Шәкәрім өзіне дейінгі бол- ған, өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Ыбырай, Абайға қарағанда, грек, Еуропа кәсіби философиясының тарихымен тікелей щұғылданып, оларды тек танып біліп қана қоймай өз пікірлерін, ойларын ортаға салып, айта отырып, өмірге қазақ кәсіби философиясының ірге тасын қалап, өзі де нағыз қазақтың алғаш кәсіби философы атанды. Сөйтіп қазақ философиясының деңгейін әлемдік философияның қатарына қосуға жақыңдата түсті. Біздіңше ұлттық философиялық тұғырнамамыздың бастауы, қалыптасуы осы кемеңгер ойшыл, ақын, философ Шәкәрім Құдайберді ұлынан басталады деп батыл айта аламын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Шөкәрім. «Жазушы» баспасы. Алматы. 1988.
  2. Ж.Алтай ,А.Қасабек,Қ.Мұхамбетәли Философия тарихы Алматы 1999
  3. Bigox.kz Қазақша рефераттар сайты
  4. Бейсенов Қ.Щ. «Философия тарихы». Алматы. «Ғылым». 1992
  5. Құдайбердіұлы Шөкәрім. «Үш анық». Алматы, 1991

Тағы рефераттар