Шаруашылықта табиғатты қорғау шаралары туралы қазақша реферат
Шаруашылықта топырақты қорғауда негізгі атқарылатын жұмыстар жел және су эрозиясынан қорғау шаралары болып есептеледі. Жел эрозиясы қалаған өсімдіктер сирек алқаптарда болуы мүмкін. Сонымен бірге қатарда ауыл шаруашылығы егіндері енді пайда болған алқаптарда жел эрозиясы қауіпті болып саналады.
Жел эрозиясына қарсы бірінші шаралардың бірі алқаптарды желден қорғау. Екіншіден топырақтың ылғалдығын сақтау. Бұл мәселелерді шешуде орман жолақтарын құру, жоғары қалың сабақты өсімдіктер (жүгері,күнбағыс) егіп топырақты сақтау және басқада орман мелиоратив жұмыстары атқарылды.
Су эрозиясында табиғи жағдайға қарап көп кездеседі. Су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия болып ол суғаруда көп су нормасынан пайдаланудан келіп шығады. Эрозияның бұл түріне қарсы суландыру нормасын реттеу, отвалсыз терең аудару, бұл шарада топырақ суды көбірек сіңіру көбірек ұсталды. Және бір ең жай және оңай шаралардың бірі ауыл шаруашылығы егіндерін еніне егу, ол судың ағымын іркеді. Сондай-ақ шаруашылықта агротехникалық, орман мелиорация және гидротехникалық шараларда қолданылды.
Су көздерін қорғау.
Су суармалы жерлерде өнімділікті асыру факторының бірі. Суды үлкеннен – кіші барлығымыз қорғауымыз тиістіміз. Сондай-ақ судан тиімді пайдаланып өзен су қоймаларын таза ұстап ластанудан сақтау қажет.
Ауыл шаруашылығында су резервтерінен үнемді пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілі соның үшін өсімдік талабына қарай суғару және техникалық суғаруға үлкен назар аударылады.
Ауыл шаруашылығында инсектицидтерді және гербицидтерді білімсіз пайдалану олардың суға түсуіне себепші болады. Ол канал өзен суларының сапасының бұзылуына алып келеді. Ауыл тұрғындары пайдаланатын су сапасы өте жақсы болуы қажет. Ластанған сулар адам және жануарларға үлкен зиянын тигізеді. Соның үшін пайдаланатын сулар қорғауды талап етеді. Ішімдік және ағынды сулардың биологиялық және бактериялық жағдайы барлық уақыт қадағалау қорғау жұмыстары жақсы қойылды.
Атмосфера ауаны қорғау.
Ауыл шаруашылығы өсімдіктері, орман, қала және қала сырты көгалдандыру үлкен зиянын тигізетін нәрсе өндірістік шығындылар есептеледі. Ауаны ластандыруда көбірек таралған және өте улы зат бірі күкіртті газ. Сондай-ақ фтор, көмірхлорид т.б Олардың өсімдіктерге зияны төмендеуге көптеген ғылыми мәліметтер бар.
Ауыл шаруашылығында тракторлар, комбайн және дизельді двигательдер атмосфераға зиянды компонентерді тастайды. Атмосфера ауасы тазалағын сақтау үшін ормандарды көбейту олардың өнімділігін арттыру, ормандарды өрттен сақтау, өсімдіктерді түрлі зиянкестер аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуы қажет.
Табиғатта жануарлар және өсімдіктер өте тығыз байланыста болады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ауаға көмірқышқыл газын шығарады, сонымен бірге топырақты құнарландырады. Соның үшін жануарлар және өсімдіктерді пайдалануда тиімді жұмысқа асыру ауаны қорғаудың бір түрі. Соның үшін жануарлардан тек сүт, ет, жүн терісі үшін емес табиғатты қорғау үшінде мал шаруашылығын өркендету керек.
Табиғатты қорғаудағы шаралар.
- Қауыпты шығындылар көзінен пайдалануда зиянды заттарды кемітетін жаңа технологиялардан пайдалану.
- Жанармайлардың құрамын жақсылау, аппараттардан техникалардан атмосфера және суларға түсетін зиянды заттардың алдын алу.
- Зиянды шығындыларды ауаға тастайтын өндірістік зоналарды орман, көгалдандыру жолымен түрлі шығындылардан сақтау.
- Ормандардан тиімді пайдалану олардың аралық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиядан пайдаланып орман өнімін арттырумен орманды қорғау.
- Өсімдік және жануарлардың өнімділігін асыру және оларды тиімді пайдаланумен олардың санын сапасын жақсарту.
Тағы рефераттар
- Инновация қызметінің әсерлерінің және тиімділігінің түрлері
- «WASABI» ЖШС-нің есеп саясаты
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және фискалдық қызметті ұстауға байланысты бюджет шығыстары мен олардың біліктілігін арттыру жолдары
- Қазақстанның сыртқы экономикалық қарым-қатынастар
- Психология