Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді, сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және өзінің отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.
Шетел тілдерін университеттің тиісті кафедрасында не болмаса, өз бетінше мамандандырылған курстарда оқып, үйренуге болады.
Тілдерді өз бетінше үйрену кезінде сөздіктерді оқу, (тіпті түсінбесең де) радио тыңдау пайдалы. Үйренуді сөздікпен бастаңыз; өзіңізге белгілі бір жағдайларды ойдан шығарыңыз: досыңызбен кездесу, кино, спорт және т.б. жайлы. Дұрыс сөйлеп үйрену өте маңызды – бұл тек ауызша сөйлеуді ғана емес, сонымен қатар жазбаша сөйлемдерді де дұрыс және жеңіл айту, жазудың кепілі. Шет тілінде сөйлеу – сол тілде ойлау дегенді білдіреді.
Тілді үйренудің жалпы ережелері:
1.Тіл үйренумен күн сайын айналысыңыз! Аптасына 10-12 сағат оқығанда ғана сәттілікке жетуге болады.
2.Сабақтарды түрлі нысандарда өткізіңіз (грамматикасын үйренуден шаршасаңыз – оқыңыз; оқудан шаршасаңыз – үйреніп жатқан тілдік аудиокурсты, радио немесе магнитофон және т.б. тыңдаңыз; үйреніп жатқан тілде фильмдер көріңіз).
3. Тізім бойынша емес, сөйлем құрамындағы сөздерді жаттаңыз (белгілі бір жағдайларда). Сізге «айтқым келіп еді», «назарыңызды аударғым келеді», «менің ойымша», «мән-мағынасы бар», «ойлануға бір минут уақыт беріңіз» және т.б. ауызекі сөздері біліп алыңыз, ал одан кейін әңгіме барысында кезекті сөздеріңізді ойыңызға түсіріп алу үшін уақыт ұтатындай, белгілі бір қыстырма сөздерді сөздік қорыңызға қоса бересіз.
4. Сол тілде сөйлей алатын адамдармен сөйлесудің кез келген мүмкіндігін пайдаланыңыз (бірақ тіл ортасына тек негізгі тілді жеткілікті білгеннен кейін ғана бару керек).
5. Өзіңізге ана тіліңізде қызықты болатын, тілдік қатынастардағы мәтіндерді мүмкіндігінше жаттап алыңыз.
6. Үйреніп жатқан тілдеріңізде көп оқыңыздар, онда да өзіңізге қызықты тақырыптарды оқыңыздар. Сонда ғана сіз өзіңізді оқуға міндеттемей, «одан кейін не болар екен» деген сұрақ оқуға итермелейтін болады. Мақалдар, мәтелдер, жаргондар және т.б. олардың мәндерін барынша кеңінен жаттау керек, (егер етістігі болса) оларды бірінші жақта айтып үйренген жақсы.
Қазіргі заманда шет тілдерін үйрену үшін Интернет көп мүмкіндік беріп отыр. Көптеген пайдалы сайттар тегін, дегенмен олардың ішінде де ақылы түрде қосымша (кеңейтілген) қызметтер ұсынады. Келесі сайттар сізге пайдалы:
Online сабақтар – бұл топқа белгілі бір уақыт ішінде түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік беретін сайттар кіреді. Мысалы: www.livemocha.com.
Аудармашылар. Оn-line аудармашылардың кемшілігі көп болғанына қарамастан олар даусыз басымдықтарға ие, мысалы, олар қағаз басылымдарға қарағанда жедел жаңарады, www.lingvo.ru, www.translate.google.com және т.б.
Сонымен қатар, оқулықтар, кітаптар, журналдар, өлеңдердің сөздері, сөздіктер, оқу бағдарламалары және т.б. жинақталған бар электронды кітапханалар бар. Мысалы: www.greylib.uz., www.french-book.net, www.uz-translations.net.
Араласудан тәжірибе алудың ең логикалық тәсілі – үйреніп жатқан тіліңізде сөйлейтін елге барып, сол елде жергілікті тұрғындармен көп араласу. Бұл әдіс ең қымбат болатын әдіс, бірақ нәтижесі де соғұрлым жоғары — ол тілді жетік білуге дағды алуға мүмкіндік береді.
Егер Сіз тілдерді тіл курстарында үйренбек болсаңыз, онда бәрінен бұрын қай тілді таңдайтыныңызды білуіңіз қажет. Сіздің тіл үйренудегі мақсатыңыз жұмыс үшін бе, әлде, туристік мақсатқа керек пе, соны анықтау керек. Осыған байланысты нақты мақсаттарға қажетті қызмет, бағдарлама және оқу нысанының түрі таңдалады. Курстардың тақырыптарына да назар аударған жөн, өйткені өмірдің түрлі салаларына түрлі сөздік қор қажет.
Курсты анықтау кезінде не туралы ойлану керек? Бірінші кезекте оқытушылардың біліктілігіне. Бейіндік білім мен халықаралық сертификаттар – бұл жақсы баға. Бірақ, сонымен қатар, олардың курстарда жұмыс істеп, білім беру әдісі жақсы қалыптасқан болса, өте жақсы. Топтағы адамдардың санына да назар аударған жөн. Егер білім алушылар көп болса, басқа топқа барған жөн. Тіл курстарының міндетті түрде мемлекеттік үлгідегі лицензиясы болады, ол курсты аяқтаған соң берілетін құжатта көрсетіледі.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.learn-english.ru/ — ағылшын тілін үйренудің онлайн-курсы (тіркелу тегін, бірақ бірқатар оқу мәтіндері ақылы);
2) http://lingualeo.ru/ — LinguaLeo ағылшын сөздерін дауыстап айту, оқу және дұрыс сөйлеу дағдысын арттырушыларға, сондай-ақ күніне сөйлемдегі бірнеше сөзді есте сақтап өзінің сөздік қорын кеңейткісі келгендерге арналған (ресурс тегін, бірақ сайт әзірлеушілері қызметтердің ақылы түрлерін де пайдалануды ұсынады, олардың пікірі бойынша ол шет тілін үйренуді жеделдетеді);
3) http://ru.forvo.com/ — Сөздерді қалай айту керек екендігін білмейсіз бе? Өзіңізге қажетті сөзді тауып, «сөйлеу белгісін» басыңыз, сонда Сіз оның дұрыс айтылуын естисіз (тіркелу – тегін).
4) http://lexiconer.narod.ru/index.html — сөздік қорыңызды толықтыру үшін тегін бағдарлама;
5) www.lingva-city.com/software.html — мұнда шетел сөздері мен сөйлемдерін үйрену үшін бірнеше тегін оқу бағдарламалары жүргізіледі.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шет тілін игеру», «шет тілін игеру әдістері» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- Бұйымның номенклатурасы
- Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастығы
- Мәдениет философиясы
- Салық туралы түсінік туралы қазақша реферат
- Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылымы мен қызметтері