Шикізаттармен және материалдармен жабдықтау жөніндегі шаруашылық байланыстарды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Өндірістік процесстерінің үздіксіздігі мен тұрақтылығын сақтаудың қажеттілігі шикізаттармен жабдықтаушылармен және делдалдармен, сондай-ақ өнімдерді тұтынушылармен сенімді, тұрақты өндірістік және шаруашылық байланыстар орнатуды талап етеді.
Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында бұл байланыстар орталықтан жоспарлау және басқару негізінде орнатылды. Әрбір кәсіпорын өзін кімнің немен жабдықтайтынын, ал өзі кімге не беретінін білді. Енді, шаруашылықты басқарудың нарықтық жүйесіне өтуге байланысты, кәсіпорын өз бетімен өзіне жабдықтаушылар, делдалдар табу керек, сонымен бірге өз өнімін тұтынатын тұтынушыларды табуы және жасалған сатып алу-сату келісім-шартының негізінде олармен арадағы байланыстарды ресімдеуі тиіс.
Өндірісте еңбек құралдарының өзіндік ерекшеліктері болатындықтан, тұтынушыларды құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету кезінде күрделі проблема туындайды. Филиалдар, біріншіден, құрал-жабдықтардың көптеген түрлерінен монополиялық өндірушілердің бар екендігін байқайды. Екіншіден, олардың тым жиі өндіретін өнімдері қымбат тұратын болып шығады және мемлекеттің жеңілдікпен берілетін несиелерінен дотация бөлінбейінше, кәсіпорынның оның сатып алуына шамасы келмейді. Үшіншіден, құрал-жабдықтардың көптеген түрлерін дайындауға (жасауға) ұзақ уақыт кетеді. (1 жыл және одан да көп).
Нарықты зерттеу негізінде (сұраныстар мен ұсыныстарды) кәсіпорын өз бетімен немесе мамандандырылған жабдықтаушы-сатушы мекемелердің көмегімен тапсырыстар портфелі мен тауар өндірісінің жоспарларын жасайды, сондай-ақ қажетті материалдық ресурстарға тапсырыстарды орналастырады (таратады). Қызметтің осы екі бағыты кәсіпорынның өнімдерді сатып алушылармен арадағы сауда-коммерциялық байланысының және материалдық ресурстармен жабдықтаушылармен арадағы шаруашылық байланыстардың мәні мен сипатын анықтайды. Кәсіпорынның шаруашылық және сауда-коммерциялық байланысын дамытуға қойылатын маңызды талаптар мыналар: тиімділік, сенімділік және тұрақтылық.
1999 жылға дейін (кейбір жерлерде 1992 жылға дейін) іс жүзінде тауарлар қозғалысының негізгі екі түрі қолданылды: біреуі – мемлекеттік сауда арқылы көпшілік тұтынатын тауарлар үшін, ал келесісі – материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жалпы мемлекеттік және ведомстволық жүйелерінің мекемелері арқылы. Тауар қозғалысының бұл түрлері қаржы қорларын қатаң бөлу және өнімдерді жоспар актісі бойынша жабдықтау болып есептеледі. Бұрынғы КСРО аймағында материалдық-техникалық жабдықтау жүйесінде он бір мыңнан астам кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істеді. 90 жылдардың басында олардың 10 % жуығы жалпымемлекеттік жүйені құрады және КСРО мемлекеттік жабдықтау комитетіне (госснаб) жатты, ал 90 % әр түрлі министрліктер мен ведомстволарға, халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқарушы комитетіне кірді. Нарыққа көшу кәсіпорындарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің орталықтандырылған жүйесін құртты. Материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындар оларға өзара тиімді шаруашылық есеп жағдайында қызмет көрсететін сауда және коммерциялық агенттерге айналды. Олардың барлығында да дайын қоймалар торабы, баздар, дүкендер, өндірістік участоктар бар. Олардың атқаратын функцияларының әр алуандымен (әмбебап, көтерме және бөлшек сауда) үйлескенде, бұл ақырында олар қызмет көрсететін кәсіпорындардың өндірістік және тауарлық запастарын азайтады, мұнымен қоса қаржы айналымындағы артық қалдықтарды үнемдеуге мүмкіндік туғызады, қаржы айналымын жеделдетеді және өндірістің ырғақтылығын сақтайды. Басқаша айтқанда, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін ұйымдар мен кәсіпорындар өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдермен жабдықтау бойынша шаруашылық байланыстардың тиімділігіне жетуге мүмкіндік туғызады.
Нарықтық қатынастардың дамыған жүйесі бар елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жабдықтау-сату ұйымдарының әр алуан түрлері болады. Олар бір-бірінен клиенттерге көрсететін қызметтердің жиынтығымен, тауарды мамандандырумен, тапсырыс берушілердің белгілі бір санаттарына көрсететін қызметтерімен және басқалармен ажыратылады. Сатудың қолданыстағы жүйесі туралы жалпы көріністі тұтасымен 1.2 – сурет береді.
Аталған схеманың тауарлардың топтарына қарай өз ерекшеліктері бар. Мысалы, кәсіпорынды шикізатпен, материалдармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету кәсіпорындар мен жасаушы зауыттар, немесе шикізат өндіретін кәсіпорындар арасындағы тікелей не болмаса негізгі мамандандырылған фирмалар арқылы жабдықтау жөніндегі жасалған келісім-шарттар негізінде жүзеге асады.
Жасауға көп уақыт кететін жабдықтар туралы сөз болғанда, жабдықтау жөніндегі келісім-шарттар тікелей жасалады. Негізгі ұйымдар, қағида бойынша, материалдармен (металл, шикізат), сондай-ақ қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етумен шұғылданады. Жабдықтау туралы келісім-шарт үлгілері қосымшада берілген.
Іс жүзінде делдалдардың белгілі бір типтері пайда болды. Көтерме саудагер-коммерциялық делдал, ол өнімдерді өзінің соңғы тұтынушысы болып табылмайтын, қайта бөлшек саудамен шұғылданатын, яғни тауарларды халыққа сатумен айналысатын жеке тұлғаларға және ұйымдарға өткізеді. Көтерме сауда делдалдары нарыққа өзінің меншік құқығы бар тауарларды сатуды жүзеге асыратын көтерме сауда фирмалары ретінде шығады.
Іс жүзінде көтерме фирмаларды ұйымдастырудың екі формасы пайда болды. Біріншісі – маркетингтік қызметтерді орындайтын көтерме компаниялар: тасымалдау (тасымалдау тәсілін таңдау), сақтау , тәуекел бойынша жауапкершілік (несиелер бойынша төленбеген төлемдерге тәуекелді, сатып алушылар несиесіне тәукелді және т.б. өз мойнына алады), несие беру, нарықтық ақпараттар, сұрыптау, сатып алу және сату. Олар тауарлы өнімдердің ірі көлемімен жұмыс жасайды және белгілі бір мамандандырылған тауарлардың бай ассортиментін сататын бір жақты мамандандырылған компанияларға бөлінеді, мысалы: медициналық дәрі-дәрмектер, шаруашылық тауарлар, киім-кешектер сататын және көтерме компаниялар – консигнанттарға бөлінеді, олар тауарларды консигнация негізінде стады (ойыншықтар, косметика, шұлық-ұйық бұйымдары сияқты тауарларды және т.б. сатады, оның өзінде несиеге береді).
Ұйымдастырудың екінші формасы – таркәсіптік көтерме фирмалар, олар маркетингтің жекелеген функцияларын (қызметтерін) ғана орындайды. Олар, өз кезегінде, ұсақ көтерме саудаға және көтерме сауданы жабдықтаушыларға бөлінеді. Ұсақ көтерме сауда негізінен көптеген бөлшек сауда кәсіпорындарына қызмет көрсетеді және тауарлардың белгілі бір ассортиментін ғана ұсынады, ал көтерме сауданы жабдықтаушылар тауардың иесі болып қана табылады, олар оны өңдеумен, сақтаумен және жеткізіп берумен шұғылданбайды. Бұл жұмыстарды өндірушілер атқарады. Көтерме сауданы жабдықтаушылар, әдетте, көлемді тауарларды сатумен шұғылданады: көмір, ағаш, химия өнеркәсібінің өнімдері.
Ұқсас реферат
Кәсіпорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функциялары
Жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революциясының нәтижелерін пайдалану, экономиканы дамытудың жинақтылығы, мамандандыруды тереңдету және қоғамдық еңбек кооперациясын кеңейту, бір мезгілде халықтың игілігін арттыра отырып материалдық-техникалық база құрудың негізгі байланысы нарықтық экономиканың маңызды ерекшеліктері болып табылады.
Тағы рефераттар
- Адамзат қоғамының эволюциясы
- Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап мерзімі
- Қазақстан Республикасында қызмет ететін кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі жағдайына талдау
- БЕТОННЫҢ СУЛЬФАТҚА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
- Наймандар мен Керейіттердің ұлыстары