Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.

Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады.

Анық бола бастағанындай, өлкенің жағдайында жергілікті прогресшілдердің бағдарламалық ережелерін іс жүзінде іске асыруы орыс ұлыдержавашылдарының тарапынан ғана емес, және де жергілікті халықтың бірқатар консервативтік, дәстүршіл топтарының қарсылығына ұшырады. Әйтсе де, 1917 жылдың жазында өлкеде саяси күштердің орналасуы тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың тым күрделі жағдайда көрсетілді. Ұлттық қозғалыста діни реформалардың қарқынына, дәрежесіне және сипатына қатысты; әйелдердің эмансипациясы; соғысқа қатысты; Ресейдің және Түркістанның болашақ мемлекеттік-саяси құрылымына; Уақытша үкіметке және оның жүргізіп жатқан ұлттық саясатына және тағы басқа көптеген мәселелер бойынша ой-пікірлердің түйіспеуінен туындаған табиғи алшақтау процесі тоқталмады[1].

Жаңа ұйымның бағдарламалық ережелерінің негізгі авторларының бірі ташкенттік «Шуро-и-Улеманың» басшысы Серәлі Лапин болды.

Мұстафа Шоқай атап көрсеткендей, Серәлі Лапиннің «Шура-и-ислам» өкілдерімен арада айтарлықтай идеялық келіспеушілік болды[2]. Дегенмен, ол сөзсіз, Түркістандағы ірі саяси тұлға және ұлттық қозғалыстың белсенді қатысушысы болып табылады.

Көбінесе оның күш-жігерінің арқасында «Шура-и-ислам» ұйымының іс-әрекетінің өрісі Түркістанның басқа да аймақтарына тарады, онда оның бөлімшелері құрылды.

Көрсете кету ләзім, «Шуро-и-Улема» ұйымының идеялық нұсқаулары, сол «Шура-и-ислам» сияқты Түркістан халықтарының саяси өзін-өзі анықтауы қажеттігін мойындауға негізделді. Сонымен қатар, исламдық принциптерге және құндылықтарға ерекше, артықшылықты мән берді.

«Шуро-и-Улема» өкілдерінің пікірінше, түркістандық қоғамды алдағы қайта ұйымдастыру тек Шариғат заңдары бойынша қатаң орындалуы тиіс болды.

Мәселен, Серәлі Лапиннің жетекшілігімен жазылған «Шуро-и-Улеманың» бағдарламалық құжаттарының бірінде айтылды, Түркістанда «ішкі басқарманың барлық салалары бойынша жергілікті заң шығарушылық құқығымен таза мұсылмандық автономия орнату қажет… өлкеде жер пайдалану туралы мәселе Шариғат бойынша жері аз мұсылмандарға мемлекеттік және қоғамдық жерлерді пайдалануға көлемді мүмкіншілік берілуі, бірақ, жеке меншікке қол сұғылмаушылық құқығын сақтау отырып, реттелуі тиіс болды. Түркістан автономиялық федерациясының әлеуметтік-экономикалық құрылымы жөніндегі көрсетілген ережелер бойынша жұмыс еңбегін мөлшерлейтін және жұмысшылардың тұрмысын жақсартуға бағытталған арнайы заң ережесі Шариғат нұсқаулары бойынша шығарылуы тиіс болды…»[3].

Ақпаннан кейін Түркістанның саяси өмірі, мәлім болғандай, ұлттық қозғалыста екі ағымның күресімен шектелмеді.

Өлкенің орыс қоғамының саясаттандырылған жіктері, әлбетте, болып жатқан оқиғалардан шеткері қала алмады.

Олар социалист-революционерлердің, конституциялық демократтардың, радикал демократтардың, социалист-демократтардың және басқа бірқатар жалпыресейлік партиялардың бөлімшелерінің айналасына біртіндеп шоғырланды.

Әлбетте, барлық бұл ұйымдар халықтың қалың бұқарасы тарапынан қолдау және тілектестікке кепілденуге үміттенді және әлеуметтік қорған табу үшін айтарлықтай күш салды.

Ұлттық қозғалыстың басшылары: Убайдулла Хожаев, Нәзір Төреқұлов, Мұхамеджан Тынышпаев және басқалар бірінші өлкелік съездің және бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдеріне сәйкес халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізуге кірісті. Оның барысында көпшілік лекциялар пайдаланылды, жиналыстар және митингтер ұйымдастырылып, «Ұлы Түркістан», «Шура-и-ислам» және басқа газеттерде прокламациялар, мақалалар жарияланды. Сонымен бірге, алдағы сайлаудың техникасын және де ұлттық-саяси ұйымдардың бағдарламалық ережелерін түсінікті тілмен халыққа таныстыру мақсат етіп қойылды. Халық мүдделерін қорғауға жарарлық қабілетті адамдардың қалалық думаларға ұсынылуы, жергілікті халықтың тағдыры үшін маңыздылығына назар аударылды. Мұның бәрі жергілікті халықтардың саяси және ұлттық өзіндік санасының дамуына ықпал етті және революциядан кейінгі күрделі жағдайда оларға белгілі дәрежеде бағдар алуға көмектесті.

Прогресшілдер, дәстүршілдердің қарсылығына қарамастан, мұсылман әйелдерінің сайлауға қатысуын қолдады, сонымен бірге Думаны (орыс қауымдарының өкілдері ұсынған) мұсылмандық және орыс бөлімдеріне бөлуге қарсы болды. Өлкенің орыс тілді газеттері осы көкейтесті тақырыпқа арналған аналитикалық шолулар және мағлұматтарға толы болды; онда авторлар оқырмандарға бұл күрестің бұлай бітуі себебін түсіндіруге, көптеген жалпыресейлік партиялардың жеңілісінің европалық халықтар тағдыры үшін салдарын білуге әрекеттенеді.

Мұсылман халқы сайлау учаскелеріне, күткендегідей едәуір көп келді. Дума құрамы көпшілігінде мұсылмандық болады… Осы себепті тоғышарлар түрлі пікірлер айтуда, еске сала кететіні, олардың бәрі бір ғана мәселеге жинақталады. Қаланың орыстық бөлігіне және де жалпы орыс мәдениетіне залал тигізілмес пе екен?

Мұндай күдіктенуді, әлбетте, әлі ертерек деп есептеу керек, өйткені аса мәдениетті азшылық, төмен мәдениетті көпшілікке жетекшілік етуі мүмкін, ал бұл бірлескен еңбек оңды нәтижелер бере алады, бірақ әйтсе-дағы, «Улема» ұйымынан 64 мұсылман өкілінің өтуі – жайсыз факт…»[4].

Сайлау кезіндегі жалпыресейлік ұйымдарға кез болған сәтсіздіктер, аймақтағы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің арасында елеулі айтыс-тартыстың болғандығын, жергілікті халық өкілдерінің көпшілігінің аталған партиялардың бағдарламалық ережелеріне сенімсіздігін көрсетті.

Мұндай жағдай бәрінен бұрын Ұлы державалық рухпен суарылған бұл ережелерден Ресейдің және өлкенің болашақ ұлттық мемлекеттік құрылымы айқын көрінбеуінен туындады. Нақ осы мәселе өзгерістерге талпынған жергілікті халықтық назарын аударды.

Әйтсе де, ұлттық ұйымдардың айқын басымдылықпен жеңуіне қарамастан, «түземдік» те және орыс баспасөзінде де жаңа қалалық Думаның қабілетсіздігі туралы күдігі көбіне расталды.

Думаның әрбір отырысында дерлік «Шуро-и-Улема» тобы және «Шура-и-ислам» өкілдері жиі қолдау көрсеткен жалпыресейлік демократиялық ұйымдардың өкілдері арасында қызу айтыс-тартыс болды.

Өлкедегі өте ауыр әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайға қарамастан, әрбір мәселені шешуге мейлі азық-түлік, дәрігерлік-санитарлық, тұрғынжай немесе ұйымдастырушылық болсын, қыруар қымбат уақыт пайдасыз босқа кетті. Тіпті күтпеген жерден 6 тамызда жаңа Думаның бірінші жедел шақырылған отырысы өтті. Думаның асығыс шақырылуына ташкенттік Думадан екі өкілді москвалық мемлекеттік кеңеске жіберу ұсынысымен, қарсаңында алынған жеделхат себеп болды. Социалист-революционерлер фракциясы атынан М.Сосновский екі өкілдің біреуін – орыс қаласынан, біреуін – «түземдіктен» сайлауды ұсынды.

Ұзаққа созылған жарыссөзден кейін, социалист-революционерлерден Я.Миллер, «Улемадан» молда С.Мухиддинов, біріккен мұсылман ұйымдарынан Т.Нарботабеков және радикал-демократиялық партиясынан И.Иванов (кейін өз кандидатурасын алды) кандидат ретінде қойылды.

Олар прогресшілдерді өмірлік тәжірибесі аз, европалық мәдениетке батыстық құндылықтарға тым еліктегіш, өзінің түбірінен қол үзген адамдар, сондықтан да мұсылмандық ортада ықпалы мен беделін пайдалана алмайды деп есептеді.

Белгілі өлшемде бұл ескертпелердің, сірә, негізі де болды, өйткені шынында «Шура-и-ислам» өзінің қатарына көбіне Түркістанның жергілікті халқының элиталық бөлігін біріктірді. Алайда, жоғарыда көрсетілгендей, 1917 жылғы ақпаннан кейінгі оқиғалардан туындаған қарқынды процестер ұлттық ұйымдардың, соның ішінде «Шура-и-исламның» да саяси бағдарына және бағдарламалық ережелеріне қызығушылығын арттыра отырып, халықтың саясаттануына себепші болмай қоймады. Түркістандық ұлттық ұйымдарға, сол бірінші Бүкілресейлік мұсылмандар съезінде сайланған Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі көмек көрсетуін тоқтатпады. Кеңеске Ресейдің мұсылмандық аймақтарынан 30 өкіл кірді, олар өз кезегінде өзінің құрамынан 12 адамдық Атқару комитетін (Петроградта тұратын) сайлады. Оның мүшелері танымал қоғамдық-саяси қайраткерлер болды: А.Цаликов, Д.Мухамедов, Ш.Мухамедьяров, И.Лемаков, З.Шамиль, А.З.Уәлиди, У.Хожаев, В.Танашев, К.Тоғысов және басқалар[5].

Жер-жерлерде әртүрлі мұсылмандық баспаханалар құру үшін де едәуір күш жұмсалды. Ол үшін түріктік, мысырлық, қазандық әріптер жаздырып алынды; қаржы жинау науқаны жүргізілді; дәріптеушілік іс-әрекеттері жүргізілді және т.б. Бұл жұмыс өз жемісін берді. Мысалы, Ташкентте «Ұлы Түркістан» газетіне қызмет көрсету талап етілген мұсылмандық баспахана алу қоғамының алғашқы акционерлері (М.Яушев, М.Тюменов) пайда болды[6].

Сол күндері Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің Атқарушы комитетінің атынан Ресейдің барлық мұсылмандарына үнделген, ондаған прокламациялар мен ұрандар басылып шықты. Олардың негізгі мақсаты халықтардан ұлттық өзін-өзі анықтау және тәуелсіздік идеясының аясында біріктіру болды. Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің атқарушы комитеті, саяси шындықты зерделей отырып, жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесімен жүйелі диалог және байланыс орнатуға әрекеттенді. Ол үшін жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің Бүкілресейлік съезінің Төралқасына олардың орталық және аймақтық органдарына оның өкілдерін қабылдау туралы өтініш білдірді[7]. Бірақ, бұл үндеулер, шамасы, күштердің теңдігі мұсылмандардың пайдасына өзгеруінен қауіптену салдарынан көбінесе назардан тыс қалып отырды.

1917 жылы 21-31 маусымда Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің шешімімен Қазанда (мұсылман дін басыларының (улема) және мұсылман әскерлерінің съездерімен қатарлас) ІІ Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өтті.

Форумға барлық мұсылман халықтарынан 260-тан аса делегаттар қатысты. Түркістаннан түркістандық әскери ұйымның[8] (1917 жылы сәуірде құрылған) өкілі Сабыржан Юсупов және Убайдулла Хожаев қатысты, ол съезд Төралқасына сайланды және Түркістандағы саяси-экономикалық ахуалды талдауға арналған баяндама жасады. Онда Убайдулла Хожаев мынадай көкейтесті мәселелерге жете тоқталды: мақта мәселесі, Жетісу оқиғалары, ақпан революциясы және Түркістан, жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері, өлкенің мұсылман халықтары және т.б.[9]

Өзінің тұжырымдарында баяндамашы Ақпан революциясынан кейін де табиғи байлықтарды тонаушылықтың тоқтамағандығын, ал Уақытша үкімет өкілдерінің және жаңадан пайда болған жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің жергілікті түркістандықтарға қарым-қатынасының татымды өзгермегендігін көрсетті.

Ашық, әсерлі және нақты дәлелдерге негізделген У.Хожаевтың сөзі жанды жеріне тиді, оның үстіне айтылғанның көбі съезге келген делегаттардың көпшілігіне жақын және түсінікті болды.

Қаралған мәселелердің көпшілігі бойынша делегаттар съезд шешімдерімен келісті, алайда, атап өтілгендей, олардың басым бөлігі іске асырылмады.

Үлкен үміт артылған Құрылтай жиналысына сайлау мерзімі жақындауына байланысты, сайлауалды науқаны кезеңі тактикасын әзірлеу ерекше маңызды көрінді.

Осыған байланысты белгіленді:

  1. Мұсылмандар, Құрылтай жиналысына сайлауға бір тізім құрады;
  2. басқа социалистік партиялармен блок құруға (қажетті жағдайда) мүмкіндік беріледі;
  3. кандидаттардың тізімін құру губерниялық ұлттық Кеңестерге немесе оларды алмастыратын басқа ұлттық ұйымдарға беріледі;
  4. кандидаттардың тізімдердегі реті дауыс беру жолымен анықталады[10].

Әйелдер фракциясының ұсынысы бойынша, бұл ережелерге толықтырулар қабылданды, онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға әйелдер еркектермен бірлесіп әрекет етуі тиіс, сондықтан да барлық сайлау алдындағы ұйымдарда әйелдер үшін орын берілуі тиіс»[11].

Көкейтесті мәселелердің бірі, әскери-ұйымдастырушылық мәселелерге қатысты болды. Делегаттар бірауыздан дерлік Бүкілресейлік орталық мұсылмандық әскери кеңес (Харби Шуро) құру идеясын қолдады және мұсылмандардың әскери съезі даярлаған (1917 жылы 17-24 шілдеде Қазанда өткен) ұсыныстардың тұтас пакетін бекітті[12].

Бүкілресейлік мұсылмандық Әскери Кеңес жеке мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру істерінде Ресейдің барлық халықтарының орталық ұйымдарымен қарым-қатынас жасауға және, егер керек етсе, олармен блок құруға құқығы бар деп көрсетілді.

Жеке Мұсылмандық әскери бөлімдерді ұйымдастыру жөніндегі мәселені талдай отырып, делегаттар егер тұрақты әскер сақталған жағдайда және халық милициясымен алмастырылмаса, онда ұлттық ерекшеліктеріне сай құрылуы тиіс деген тұжырымға келді. Еске сала кететіні, осы мәселені шешу үшін Петроградқа жедел делегация жіберуге, егер жөнсіз жауап берілсе, шақыру тәртібімен мұсылмандық бөлімдерді құруға кірісу ұсынылды[13].

Құрылтай жиналысына мұсылман-әскерлердің сайлау алдындағы тактикасы туралы арнайы шешім қабылданды. Онда айтылды, «Құрылтай жиналысына сайлауға мұсылман-әскерлер сөзсіз аса ширақ қатысуы тиіс»[14].

Бұл үшін «майдандар жеке сайлау округтерін құруға алдын-ала барлық шараларды қабылдау…» қажет деп танылды[15].

Сонымен бірге, әскери ұйымдастырушылық мәселелерді талдау көрсетілді, «аз ғана топтармен түрлі гарнизондарға таралған мұсылман-әскерлері мұсылман халқы тұратын қалаларға жиналуы тиіс. Мұсылман әскерлері бар гарнизондарда, мұсылмандық әскери гарнизондық комитеттер, ал әскери округтерде – округтік комитеттер құрылуы тиіс»[16].

Маңызды ұйымдастырушылық мәселелері бойынша жарыссөздер «Харби Шуро» мүшелерін сайлаумен аяқталды. Сайланғандар: прапорщик И.Алкин (төраға), прапорщик У.Тукумбетов (төраға орынбасары), корнет Асадуллаев (төраға орынбасары), А.Манасыпов, подполковник Кугушев, С.Мамлеев, А.Тагиров, Губайдуллин, Д.Алкин, подпоручик Әбдірахман, поручик Әбілханов және Альмяшев.

Армиядан «Харби Шуроға» 13 өкіл сайланды, округтерден – 9, казак бөлімдерінен – 1 және Балтық флотынан – 1. Барлығы «Харби Шуроға» 36 адам кірді[17].

Осы күндері аймақта өткен барлық саяси іс-шараларда «федералистердің» идеологтары өз жақтастарының назарын «федерация және автономия туралы тек айғайлау керек емес, бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, күресу және өздерінің бар күш-жігерін жұмсау қажеттігіне…» аударды[18].

Тамызда Түркістанда жергілікті және жалпыаймақтық маңызы болған тағы екі мұсылмандар съезі өтті.

Сонымен, Ташкентте Мұхамеджан Тынышпаевтың төрағалық етуімен қазақтардың өлкелік съезі өтті. Көрсете кету ләзім, осы съезд түркістандық қазақтар және қырғыздар жиналған бірінші форум болған жоқ. 1917 жылы 17 маусымда Әндіжанда осындай кездесу өтті, онда «Илятия» («Көшпенді») қоғамын құру шешілді, оның басшылығына кіргендер: Қоңырқожа Қожықов, Кенже Әли Достов, Сүлеймен Келгенбаев, Батырхан Мейірбеков және басқалар[19]. Сонда қоғам өзінің алдына келесі міндеттерді қойды:

  1. көшпенділерді Ресейдегі жаңа мемлекеттік құрылыс идеяларымен таныстыру;
  2. құрылтай жиналысына дайындық;
  3. жаңа қоғамдық және сая құрылысқа тірек болу үшін қоғамдық күштерді ұйымдастыру;
  4. қазақтардың арасында құқықтық тәртіп орнату;
  5. қырғыз, қыпшақ және қазақтардың өздерінің ұлттық және саяси-экономикалық мүдделерін бірлесіп сақтау үшін бір ортақ одаққа бірігу идеяларын насихаттау;
  6. меншікті газеттер шығару және т.б.[20]

Ташкенттік форумға Сырдария, Ферғана, Жетісу және Самарқанд облысындағы қазақ халқының өкілдері қатысты. Күн тәртібінде жалпымемлекеттік және тұрмыстық сипаттағы 18 мәселе белгіленді. Аса маңыздыларының бірі Ресейдегі басқару түрі және Түркістанның болашақ құрылымы туралы мәселе болды. Ол бойынша съезд, «федеративтік-демократиялық парламенттік республика басқарудың тиімді түрі болып табылады, ал қазақ облыстары территориялық-ұлттық облыстық федерация алуы тиіс»[21] деп таныды.

Жер және келімсектер мәселелері бойынша көрсетілді, «қазақтардың өздері тыңғылықты орналасқанға дейін қазақ жерлерін алып қою дереу тоқтатылуы тиіс… егіндерінің жалған шығыны үшін әділетсіз ақы төлететін, келімсектердің зорлығына шек қойылуы тиіс…»[22]. Одан басқа бірқатар қаулылар қабылданды: өмір сүріп отырған қазақтың халық сотын тарату жөнінде; ана тілінде білім алу және бүкілхалықтық қазақтың «Бірлік туы» газетін шығару туралы[23].

Өлкенің қоғамдық-саяси ұйымдары жалпыресейлік партиялардың өлкелік бөлімдерімен және орыс қауымдарының өкілдерімен жүйелі диалог жүргізуге әрекеттенді. Бұл мақсаттар үшін екі жақ тіпті бірлескен жиындар және съездер өткізді, дегенмен мұндай әрекеттер әрдайым өзінің нәтижесін бере бермеді.

Ташкенттік солдат және жұмысшы депутаттары Кеңесінің 30 тамызда өткен жиынында сөзге шыққан Уақытша үкіметтің өкілі Шендриков мынаны айтты: «Орыс мемлекеттілігі қанмен қызарған. Сіздер бұл мемлекеттіліктен биік көтеріліп және маған Ресей өткен күндердегідей, қуатты және күшті болады деп айтуларыңды қалар едім… Енді бұл мемлекеттіліктің биік көтеріліп және маған Ресей өткен күндердегідей қуатты және күшті болады деп айтуларыңды қалар едім… Енді бұл мемлекеттіліктің кепілін мен солдат және жұмысшы депутаттары Кеңесінде көремін…»[24]. Ресей тоғышары соңғы оқиғалардан және тұтас алғанда елдегі қоғамдық-саяси ахуалдан шошынған еді.

Жекеленген халықтардың «сепаратизмінен» қауіптену және «бөлінбейтін» ұлыорыстық ұлттың ұлыдержавалық мәні туралы даурықпа сөздер жиі-жиі айтыла бастады.

Осылайша, Ақпан революциясы әртүрлі қоғамдық-саяси күштердің бөліну процесін жеделдетті және Ресейге (сонымен қатар Түркістанда) көппартиялық жүйенің жұмыс жүргізуі үшін жағдай жасады.

Ұлттық саяси ой-қиялдардың және азаттық күресінің дамуы барысында жаңа жас ұлттық-саяси ұйымдардың пайда болуы өлкенің мұсылман халқының өзіндік санасы және қоғамдық-саяси белсенділігі дамуының жарқын белгісі болды. Сонымен қатар, ақпаннан кейінгі оқиғалар ұлттық қозғалыстың ішінде айтарлықтай идеялық келіспеушіліктердің болғандығын көрсетті, олардан арылу жалпыұлттық аса маңызды аспектісінің бірі – жалпыресейлік партиялардың филиалдарының ұлттық қозғалысқа және ұлттық мәселеге қатынасы.

Өлкенің жалпыресейлік партияларының негізгі бағдарламалық ережелерін талдау ұлттық мәселені демократиялық шешу жолын ұстанатындығына үнемі сендіруіне қарамастан, олардың анық, негізделген, көлемді және шынайы ұлттық бағдарламасының болмағандығын көрсетті.

Өлкелік кадеттердің, эсерлердің, радикал-демократтардың және басқаларының империялық нұсқауларға негізделген ұлттық бағдарламасы, әлбетте, өлкенің мұсылман халқына түсінікті бола алмады және де қабыл алынбады.

Қалай болғанда да, өлкенің болашағы және оның мемлекеттік құрылысы туралы мәселеде қарама-қайшылықтар қаншалықты терең болғанымен, екі жақтан да демократтар, әйтсе-де, диалогқа жол салуға әрекеттенді.

Бірақ Түркістанда кейінгі драмалық оқиғаларда өзінің басты рөлін ойнау жазылған большевиктер тұрпатындағы жаңа күш біртіндеп жетіле бастады.

Қорытынды

Мәселенің маңыздылығы. Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің кешегі тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе бір жақты қаралған тарихи құбылыстарды қайта ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қазақ елінің саяси даму жолында өзіндік орны бар жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар да соңғы жылдарға дейін тарихи шындық тұрғысынан зерттелмей, көп бұрмалаушылыққа ұшыраған тақырып болып табылады.

1917 жылы Ақпан төңкерісі патша өкіметін құлатып, Ресейде ерекше саяси жүйені тудырды. Орталықта қос өкімет – Уақытша үкімет пен Кеңестерді, ал жер-жерлерде билікке ұмтылған сан алуан одақтар мен қауымдастықтарды, ұйымдарды дүниеге әкелді. Заман өзгерісі алға тосқан жаңа міндеттерді шешу қажеттілігі ұлттық қоғамдық ұйымдарды да осы мезгілде өмірге алып келген еді.

Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар – Уақытша үкіметтің саяси жүйесінде қазақ елінің ұлттық мүддесін білдіру және қорғау мақсатында пайда болған демократиялық бағыттағы қоғамдық ұйым. Өлкеде саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болу негіздері мен құрылымдық сипаты, алға қойған міндеттері мен сол міндеттерді іске асыруда атқарған қызметі, тарихта алар орны арнайы зерттеуді қажет етеді, сондай-ақ бұл зерттеу қазақ халқының сол бір аласапыран кезеңдегі саяси өмірінің қырлары мен сырларын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Кеңестік тарихтану ғылымында жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар сияқты ұлттық қоғамдық ұйымдарға біржақты, яғни Уақытша үкіметтің «қолшоқпары» болды деген баға беріліп келді. Ақпан төңкерісінен кейін Ресейдің барлық ұлттық аймақтарында бой көтерген украин, башқұрт, түрікмен, ұйғыр-дүнген, татарлардың, т.б. ұлттық қоғамдық ұйымдарының бір сапында тұрған жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық азаттыққа, дербестікке қол созып, отарлық езгіден құтылып, өз ұлтын өркениетті елдердің қатарына қосуға асықты, сол үшін қызмет етті. Өлкедегі саяси-қоғамдық ұйымдардың басы-қасында болып, оның жұмысының жанданып кетуіне аянбай еңбек еткен, көшбасшы болған қазақ оқығандары, ұлт зиялылары еді. Олардың жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрамындағы қызметі елді феодалдық мешеулік пен отарлық тәуелділіктен алып шығу әрекетін жасаған әлеуметтік күштің қазақ қоғамында болғандығын айғақтайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қазақ қоғамында пайда болған ең беделді саяси-қоғамдық ұйымдар туралы тарихи шындықты мүмкіндігінше толығырақ ашып айтатын уақыт жетті.

Жетісу халқының, соның ішінде дүнгендердің Ақпан төңкерісінен кейінгі тарихын зерттеуші ғалым Юсупов: «…облыстың орталығы Верный қаласында мұндай комитеттер бірнешеу болды: қазақтың – «Алаш», өзбектің – «Шуро-Исламы», ұйғырдың – «Милли-Шуросы», жалпымұсылмандық – «Құрылтай», тараншы-дүнген комитеттері және басқалар. Осы ұйымдардың бәрі еңбекші халықты жеке қанау құқына ие болу үшін күресті, әрі өзара бақталас болды, бір-бірін көре алмады»[25], – деп жаңсақтыққа жол береді. Қазіргі тарихнама ХІХ-ХХ ғ. Басында түрік тілді халықтардың қарым-қатынасы аса жемісті болғандығын куәландырып отыр[26].

Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа ұйымдармен, атап айтқанда, Ақмола облыстық Қазақ комитетінің «Үш жүз» партиясы ұйымымен ара қатынасы Б.Елкеев еңбектерінде[27] қаралады. Зерттеуші «Үш жүз» партиясы мен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ара қатынасының шиеленісуінің басты себебін Қазақ комитетіндегілердің «елордашыл» болғандығынан көреді. Автордың мәселеге біржақты қарауына байланысты бұл екі ұйымның ара қатынасына объективті баға берілмейді.

Кейбір ғылыми еңбектерде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдарды басқа ұйымдармен шатастыру[28], сондай-ақ, жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар мен «Алаш» партиясы комитеттерінің жігін ажыратпай, екеуін бір ұйым деп ұғушылық кездеседі[29].

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың халқымыздың қоғамдық-саяси даму жолындағы алатын орны және қазақ қоғамының саяси белсенділігін арттырудағы рөлін көрсете отырып, оның әлеуметтік-саяси сипатын жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан бағалау – зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылды:

  • Ақпан төңкерісі жеңісінен кейінгі кезеңде өмірге келген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың пайда болуының алғышарттарын анықтау;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың ұлттық қоғамдық ұйымдар ретінде атқарған қызметтерінің мазмұнын, қоғамдық-саяси қатынастар жүйесінде алатын орнын айқындау;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың басқа басқарушы орындармен, қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен ара қатынасын көрсету;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар өкілдерінің ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Алашорда үкіметін құруға атсалысуын баяндау;
  • Кеңестер билігі тұсындағы жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың жағдайын көрсете отырып, олардың жабылу себебін анықтау.

Зерттеудің хронологиялық шегі жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың құрылған кезеңі мен жойылған уақытын, яғни 1917 жылдың наурыз айынан 1918 жылдың маусым айлары аралығын қамтиды. 1917 жылдың наурыз айынан бастап жер-жерде бой көтерген жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1918 жылдың көктем айларында, яғни Кеңестердің өкімет билігін алғанынан кейін Қазан төңкерісінің салтанатты шеруіне кедергі келтіретін контрреволюциялық ұйым ретінде таратыла бастады.

Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы негізінен жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар құрылған аймақтарды қамтиды. Сол саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметін жан-жақты ашып көрсету мақсатында сол кезеңдегі әкімшілік-территориялық бөлу бойынша Жетісу облысы құрамындағы қырғыз жерінің солтүстік аудандары да қамтылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың тарихына арналған алғашқы ізденіс жұмысының бірі ретінде жазылған диссертацияда мынадай жаңалықтар бар:

  • Нақты материалдар негізінде жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар 1917 жылдың Ақпан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт-азаттық қозғалыс – Алаш қозғалысының жемісі ретінде өмірге келген алғашқы ұлттық құрылым екені көрсетіледі;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдардың қызметі халықтың мүддесіне сай жүргізілгендігі объективті түрде дәлелденеді;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық ымыра және тату көршілік қарым-қатынасты насихаттап, оның жаршысы болғаны алғаш рет ашып көрсетіледі;
  • жергілікті саяси-қоғамдық ұйымдар ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп, большевиктік саясатқа байланысты жойылғандығы баяндалады.

Тағы рефераттар