Симметриялық алгоритмдер туралы қазақша реферат

Симметриялы криптографиялық жүйелер ақпаратты қорғау саласында классикалық жүйелер болып табылады. Мәліметті шифрлау және дешифрлау үшін бір құпия кілт қолданылады. Симметриялық криптографиялық жүйедегі шифрлау тәсілдерінің классификациясы 1 – суретте ұсынылады.

20

Ақпаратты қорғаудағы криптографиялық өзгерту әдістері арнайы алгоритмдердің немесе аппараттық шешімдердің және кілттердің кодтары көмегімен оның құрама бөліктерінің (сөздердің, әріптердің, буындардың, цифрлардың) өзгеруімен қортындыланады. Шифрленген ақпаратпен танысу үшін кері үрдіс – дешифрлеу қолданылады.

Криптографияны қолдану — көп таралған және ЭВМ желілерінде мәліметтерді тасымалдау қауіпсіздігін жоғарылатушы әдістерінің бірі.

Осы кезде кейбір шифрлеу әдістері жақсы сыналған және классикалық болып есептеледі. Көптеген қорғалған өзгертулердің қазіргі әдістерін төрт үлкен топқа топтастыруға болады: орын алмастыру, ауыстыру, аддитивтік және қиыстырылған әдістер

Орын алмастыру және ауыстыру әдістері әдетте кілттің қысқа ұзындығымен сипатталады, ал оларды қорғану сенімділігі өзгерту алгоритмдерінің қиындығымен анықталады. Аддитивтік әдістерге қарапайым өзгерту алгоритмдері тән, ал олардың криптографиялық тұрақтылығы кілт ұзындықтарының артуына негізделген.

Барлық айтылған әдістер симметриялы шифрлеуге жатады. Симметриялы криптографиялық алгоритмдерде хабарлауды шифрлауға және шифрді ашуларға арналған бірдей ақпарат қолданылады.

Ақпаратты криптографиялық қорғауда шифрлеу негізгі рөл атқарады. Шифрлеудің келесі түрлері белгілі: ассиметриялық (RSA, Diffie-Hellman, El-Gamal), симметриялық (DES, IDEA, ГОСТ).
Тағы рефераттар