Күндердің күнінде кез келген мекеменің өмірінде тексерушілер есік қағатын күн туады. Тексеру деген, әрине, жақсы емес, алайда одан қашып құтыла алмайсың. Ең маңыздысы, тексерушіні дұрыс күтіп алу мен тексеру шараларын  ұйымдастыру.

Біріншіден, әрбір кәсіпкер мынаны білуі тиіс: кіші кәсіпкерлікті тек бақылау-тексерушілік қызметтерге ие мемлекеттік органдар ғана тексере алады. Тіркеуден өткен 41 тексеруші құрылымның ішінде ең жиі тексеру жүргізушілер – санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, өртке қарсы қызмет және Ішкі істер министрлігі. 

Сіз асықпай-саспай, анық әрі жоспарлы жұмыс істеуіңіз үшін сіздің және тексеруші органның қандай құқықтыры мен міндеттері бар екеніне баса назар аудару керектігін біліп алыңыз.

Сонымен:

1) Тексерушімен кездескен кезде абыржымаңыз, өзіңізді салмақты әрі жайдары ұстаңыз. Бұл өте маңызды. Өзіңіздің абыржулы немесе суық жүзіңізбеноны күдіктендіріп алмаңыз.

2) Объектіге тексеру үшін келген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары:

1) құқықтық статистика жөніндегі органда тіркеу туралы белгі қойылған тексеруді тағайындау туралы актіні;

2) қызметтік куәлігін;

3) қажет болғанда режимді объектілерге баруға құзіретті органның рұқсатын;

4) объектілерге бару үшін болуы қажет медициналық рұқсаттаманы көрсетуге міндетті.

Тексерушінің қызметтік куәлігімен танысыңыз және тексерудің негізі мен мақсатын, тексерушінің жұмыс телефонын анықтаңыз.

3) Тексерушінің қолында мемлекеттік орган жетекшісі бекіткен тексеру жоспары болуы тиіс. Тексеруді актіде көрсетілген тұлға ғана жүргізе алады. Егер тексерушілердің құрамы өзгерген жағдайда, қосымша акт болуы тиіс.

4) Тексерушіден қажетті мәліметтерді жазып, келушілерді тіркеу және жеке кәсіпкерлік нысандарын тексеру кітабына қол қоюын өтініңіз.

5) Есіңізде болсын, қолданыстағы заңға сәйкес, тексеру ауқымы тексерушінің құзырлылық шеңберінен шықпауы тиіс.

6)Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды акт болуы міндетті.Ол акт, тіпті, ешқандай заң бұзушылық анықталмаған жағдайда да жасалады.

Акт екі данада дайындалады. Оған аталған тұлғалар қол қояды. Актіге қол қоюдан бас тартылған жағдайда, арнайы белгі қойылады. Егер қосымша зерттеулер, тәжірибелер жүргізілгенм болса, азықтардың үлгісі  алынған жағдайда, актіге өткізілген зерттеулер мен зерделеулердің қорытындылары, хаттамалар және басқа да құжаттар қосымша тіркеледі. Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің өкілі, сондай-ақ тексеруге қатысушылар міндетті түрде актімен танысуы қажет.

7) Егер сізде тексеру нәтижелері бойынша ескертулер туындаса, оны жазбаша түрде беруге құқылысыз. Аталған ескертулер мен қарсылықтар тексеру нәтижелерінің актісіне қосымша тіркеледі және ол жөнінде міндетті түрде актінің өзінде атап көрсетіледі.

8) Егер тексерілуші жақтан ескертулер мен қарсылықтар болмаса, тексерушіге 3 күн мерзім ішінде, тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жоюдың нақты мерзімін көрсете отырып, тексеру жүргізуші мемлекеттік органның  басшысымен келісілген,  шаралар туралы хабарлама беруі қажет.

9) Тексерудің қорытынды құжатына қол қоюдан бас тарпаңыз.  Алайда сіз өз қолыңызды «Актімен келіспеймін» деген сөзбен бірге де қоя аласыз.

Тексеруші жағынан әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда хаттама жасалады, хаттаманы тек құзырлы тұлға ғана жасай алады. Егер хаттаманы басқа тұлға жасаса, оның заңды күші болмайды.

Назар аударыңыз!Жұмыс орнында айыппұл салу немесе оны алу – заңсыз. Егер сіз тексерудің заңды екендігіне күмәндансаңыз, тіркеуші органға (құқықтық статистика Комитетіне) және тексеруші органның басшылығына шыға аласыз.

Басқа да маңызды сәттер:

Салықтық, жедел-іздестіру және сот шешімдері әрекеттеріне байланысты тексерулер жүргізуші органдардан басқатексерушілердің зерттеу мақсатында азықты бақылаулық сатып алуға, үлгілерін алуға құқы жоқ; тексерушінің сізден жеке бөлме немесе орын-жай, кеңсе техникасын және автокөлік беруді талап етуге құқы жоқ; егер осыған дейін дәл сол мәселе бойынша төменгі немесе жоғары орындардан тексеру жүргізілген болса, сізді тексеруге құқы жоқ.

Маңызды! Заңсыз тексерудің нәтижесінде сіздің бизнесіңізге зиян келсе немесе пайдадан айырылып қалсаңыз, оны мемлекеттік орган есебінен қалпына келтіруі тиіс. Мемлекеттік органдардың сіздің бизнесіңізді шектейтін  негізсіз тыйым салулары заңсыз болып табылады және олар орындалмауы керек.

Пара беруге талпынбаңыз! Мемлекеттік міндеттемелерді атқарушы немесе соған теңестірілген тұлғаға жеке өзі немесе дәнекер арқылы пара беру қылмыстық жазаға лайық әрекет болып табылады. 

Тіркеуші органда тіркелмеген тексерулер де болуы мүмкін:

ü    кейінге қалдыруға болмайтын, бірінші жұмыс күнінде тіркеуге алынатын жағдайларда;

ü    Сіздің бизнесіңізге қатысы бар қылмыстық іс бойынша;

ü    тексеру шаруашылық жүргізушінің бастамасымен жүргізілсе немесе қажетті құжаттар (лицензия,  патент немесе басқа да кәсіпкерлік іспен айналысуға рұқсат беретін құқықтандырушы құжат) болмаған жағдайда;

ü    мал және оның етін сату, мал және өсімдік тектес шикізаттарды, олардың өңделген өнімдерін сату кезінде ветеринарлық және санитарлы-эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу кезінде.

Тексеру тағайындау туралы актінің мазмұны төмендегідей болуы тиіс:

1) мемлекеттік органның атауы, тексеру тағайындау бойынша өкілетті тұлғаның аты-жөні, лауазымы, қолы және мөр, жоғарыда аталған тұлға болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғалар туралы мәліметтер;

2) Актінің мерзімі мен мемлекеттік органның тексеруді тағайындау журналы бойынша тіркеу нөмірі;

3) Тексеру жүргізуші тұлғалардың тегі мен аты, әкесінің аты;

4) Тексерілуші нысанның ұйымдастырушылық-құқықтық формасы,  толық атауы, нысан басшысының толық аты-жөні, тұрғылықты жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ары қарай — СТН), жеке сәйкестендіруші нөмірі (ары қарай — ЖСН) немесе бизнес сәйкестендіруші нөмірі (ары қарай — БСН) («СТН», «ЖСН», «БСН»-реквизиттерін орталық мемлекеттік органдар толтырмайды);

5) тексеру түрі;

6) тексеру мәселелері;

7) тексеру жүргізу мерзімі;

8) нақты құжаттарға байланысты тексеру тағайындау негізі (жұмыс жоспары, хаттар, тапсырыстар және т.б.), мемлекеттік органдар кұзырына сәйкес құқықтық негіздер;

9) қажет болған жағдайда, тексеру жиілігі.

Назар аударыңыз! Бақылаушы органдарға келіп түскен анонимді өтініштер, арыздар, хабарлар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізу заңда қарастырылмаған.

Тексеру мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс, жекелеген жағдайларда арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар, сонымен қатар, тексеру көлемі ауқымды болған жағдайда тексеру мерзімі ұзартылуы мүмкін, алайда ол 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.

Пайдалы сілтемелер:

1) www.cpp.kz/law/zakon-rk-o-chastnom-predprinimatelstve-2.html — жеке кәсіпкерлік туралы заңның мәтіні

2) www.asp-astana.kz/modules/myarticles/article.php?storyid=161 — – «Памятка для предпринимателей: Если к Вам пришли с проверкой» мақаласы;

3)www.cpp.kz/index.php?option=com_content&sectionid=0&task=view&id=105 – «Если к вам пришли с проверкой (Памятка прокуратуры для ИП)» мақаласы.

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «бизнесті тексеру», «сізге тексеру келсе» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар