Сократтың тәсiлi — асқан шеберлiкпен табылған сұрақ-жауап арқылы қисынды әңгiме-дүкен құру, сөйтiп күрделi, ғибратты ойлар өрбiту. Сократ ұғымдардың өзара байланысу диалектикасына жеттi. Ал диалектика — ақылды ұстартатын ой кешу тәсiлi. Сондықтан ол шешендiк өнердiң шұрайлы өрiсi бола алады. Адамдарды белгiлi бiр уәжге тоқтату, шынайы ақиқатты мойындату — диалектика мен риторикаға ортақ. Софистердiң риторика ғылымына сiңiрген еңбегiн әдебиетшi ғалым С.Негимов былайша бағалайды: ”Олар риториканы – шешендiк, эвристиканы — тартыс өнерi, диалектиканы — дәлелдеу өнерi дәрежесiне жеткiздi” — дейдi .
Шешендiк өнер теориясының бүтiн бiр дәуiрiн тудырған атақты грек ойшылы, алыптардың алыбы, жаратылыс, логика, этика, психология, педагогика, тарих, саясат, эстетика ғылымдарының түп-тамырын қозғап зерттеген Аристотель творчествосы. Шешендiк өнер табиғатын жасай отырып, Аристотель риторика пәнiнiң ауқымын өзiне дейiнгi бұл мәселеге қатысты көзқарастармен салыстырғанда кеңейте түстi. Аристотельдiң айтуынша, риторика жекелеген пәннiң арнасында қалып қалмауы керек. Ол нандырудың құралы мен жолдарын шартты түрде барлық пәндерден таба алады. Осы қасиетiмен ол дәрiгерлiк, арифметика, геометрия т.б. арнайы ғылымдардан ерекшеленедi.
Шешендiк өнер — диалектика өнерiмен пара-пар. Онда жалпылық бiтiм бар. Шешендiк өнердi iрi-iрi мемлекеттiк iстердi шешу үстiнде де, сонымен қатар жеке бiр адамның тағдырымен байланысты жайттарды қарау үстiнде де қажетсiнемiз деген ой төркiнiн ұстанады.
Үшiншi бөлiмде Аристотель шешендiк өнердiң техникалық жақтарын, сөйлеу процесiнде пайдаланатын ойды жарыққа шығарудың амалдарын, сөйлеу мәтiндерiнiң құрлысын қарастырады. Ол сөйлеудiң алғы сөз, әнгiме, дәлелдеме, қорытынды секiлдi төрт түрлi бөлшегiн бөлiп көрсетiп, әрқайсысының нандыруға, сендiруге қажеттi маңызын жан-жақты негiздейдi. Бұл трактатында Аристотель метафора туралы ой қозғаған. Оның ойынша, үздiк метафораға айқындылық, сүйкiмдiлiк, жағымдылық тән. Метафораның жасалуына өзек болатын сөздiң мәнi сыртқы құрылысы көркем, сұлу, көру сезiмiне және басқа сезiмдерге мейiлiнше ұнайтын болуы керек. Метафорада жұмбақ қасиет бар, демек жұмбақ дегенiмiз жақсылап құрастырылған метафоралар.
Тағы рефераттар
- Қонақ үй кәсіпорындарының қызметіндегі менеджменттің жетілуі
- Сүттің қасиеттері
- «Беккер және К» ЖШС- нің маркетингтік қызметі
- Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі
- ТМД елдерінің топырақ зоналары