Сот шешімі туралы қазақша реферат
Сот шешімі нысанында шығарылатын сот актісі азаматтық дау мәні бойынша шешімін тапқандығын көрсететін іс жүргізу құжаты болып табылады. Дауды мәні бойынша шешу дегеніміз талап қою арызында қойылған барлық мәселелер бойынша сотпен шешім шығарылуы; дәл осы белгісімен сот шешімі ұйғарым мен қаулыдан ерекшеленеді. Сот шешімі заңдылық және негізділік талаптарына жауап беруі керек, яғни оны шығару барысында сотқа даулы құқықтық қатынастарды реттейтін материалдық құқық нормаларын дұрыс қолданылуы туралы талап қойылады. Шешімнің өзі іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес құрастырылуы, шығарылуы және жариялануы тиіс.
ҚР АІЖК 219-шы бабының сот кеңесу бөлмесінде шешім шығарғанкезде міндетті шешілуі тиіс мәселелер тізімі берілген.
Шешім шығарған кезде сот:
— Дәлелдемелерге баға береді;
— Іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғанындығы және қандай мән-жайлар анықталмағанындығы жөнінде тұжырым жасайды;
— Тараптардың арасындағы құқықтық қатынастарының қандай екенін анықтайды;
— Осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиіс екенін белгілейді;
— Қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын не жатпайтынын анықтайды;
Сот шешімінің құрылымы кіріспе, сипаттама, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. ҚР АІЖК 220-шы бабына істі мәні бойынша шешкен кезде сот қысқаша (қысқартылған) шешім шығарады, оның құрылымы тек қана кіріспе, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады[1].
Толық мәтін (сипаттамалық бөлігін қосып) тараптардың жазбаша өтінімі негізінде немесе шешімм заңды күшіне енгенге дейін сот қалауы бойынша шығарылады.
Шешім Қазақстан Республикасының атынан шығарылып жарияланады, оның кіріспе бөлімінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:
— Шешімнің шыққан уақыты мен орны;
— Шешімді шығарған соттың атауы;
— Сот құрамы;
— Сот отырысының хатшысы;
— Сот приставы;
— Тараптар;
— Іске қатысушы өзге де адамдар және өкілдер;
— Даудың нысаны немесе талап арызда мәлімделген талап.
Шешімнің сипаттау бөліггі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы өзге де адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
Шешімнің дәлелдеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлар, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; белгілі бір дәлелдемелердің ққабылданбағандағының негіздері және сот басшылыққа алған заңдары көрсетіледі.
Сотта жауапкер талапты мойындауы мүмкін; жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда шешімнің дәлелдеу бөлігінде талап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі жеткілікті.
Талап арызында мәлімделген талаптар қанағаттандырылған жағдайда шешімнің қарар бөлігінде «талап қанағаттандырылсын» (толық немесе ішінара) деп жазылады. Сот мәлімделген талаптар негізсіз қойылған деп таныса, сот шешімінде «талап (толық немесе ішінара) қанағаттандырусыз қанағаттандырылсын» деп жазылады.
Шешімнің қарар бөлігінде егер сотпен мерзімді төлемдер туралы дау шешілсе, онда шешімнің орындалу мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Бұл сонымен қатар:
— Алимент өндіру туралы;
— Жастары үлкен ата-аналарын күту үшін ақшалай сомаларды өндіру туралы;
— Белгіленген соманы индекстеу туралы;
— Шешім заңды күшіне енгенге дейін талапкердің (қызметшінің) мәжбүрлі бос жүргені үшін еңбек ақысын өндіру туралы және т.б. шешімдерде көрсетілуіі қажет.
ҚР АІЖК 241-ші бабына сәйкес сот отырысына келмеген тараптарға және басқа іске қатысушы тұлғаларға түпкілікті нысандағы шешім шығарылған күннен бастап бес күннен кешіктірілмей шешімнің көшірмелері жіберіледі немесе қолдарына тапсырылады[1].
Бірінші сатыдағы сот шешімі түпкілікті (өзгермейтін) мазмұндағы құжат болып табылады, алайда іс жүргізу заңы оған түзету енгізуге мүмкіндік береді; қосымша шешім шығаруға қатысты қолданыстағы заңнамада жекелеген ережелер көзделген.
Тағы рефераттар
- Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы курстық жұмыс
- Кактустарды қолдан көбейту жолдары
- Мал қора ауасындағы зиянды газдарды азайту курстық жұмыс
- АҚШАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
- Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері дипломдық жұмыс