Стандарт және стандарттау ұғымы туралы қазақша реферат
Стандарт — бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі моселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.
Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:
Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.
Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін оңтайландыруды, жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірін алмастыратын өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды қамтамысыз етеді.
Стандарттау — бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде мынадай нормативтік құжаттар бар:
• Қазақстан Республикасы мемлекетінің стандарттары (Гост);
• салалық стандарттар (ССТ);
• техникалық жағдайлар (ТЖ);
• кәсіпорындар, бірлестіктер, қауымдастықтар, концерндер стандарттары;
• ғылыми-техникалық қоғамдар, инженерлік одақтар және басқа да қоғамдық ұйымдардың стандарттары.
Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
ҚР – ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:
- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;
- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;
- сынақтың кәсіби түрде өтуі;
- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;
- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;
- сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сертификат уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;
- сертификаттау объектілерінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;
- сертификаттау жұмысында ИСО/ХЭК аймақтық ұйымдардың, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;
- ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдік сертификаттау органдарының аккредитацияланған сынақ зертханаларының сертификатталатын және сәйкестік белгісін ҚР-да тану.
ҚР – ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-ды құрайды. Сондықтан өнімді сертификаттау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналды.
ИСО Халықаралық Ұйымының сертификаттау саласындағы негізгі қызметі – ұйымдастырушылық-әдістемелігімен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда бұл аумақта сапа және сертификаттау комитеті (ССК) жұмыс жасайды. Бұл ұйым халықаралық электр комитеті (ХЭК), халықаралық сауда орталығы (ХСО), БҰҰ, сауда және өркендеу конфедерациясы ұйымдарымен бірігіп жасаған «Сертификаттау принципі мен тәжірибесі» жасаған зерттеулері нәтижесінде құрылды.
ССК ұйымына 50 ел қатысады. Олардың қызметіне:
- әртүрлі елдерде өнімді бағалау және сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тәсілдерін зерттеу;
- өнімдерді, процестерді, қызметтерді сонымен қатар сынақ лабораторияларының сертификаттау органдарының сапа жүйесін қамтамасыз етудегі сынақ басшылығын, инспекциялық бақылауды сертификаттауды дайындау;
- ұлтық регионалды сапа жүйесін қамтамасыз етіп және халықаралық сынақ стандарттарын сынауды, бақылауды, сертификаттауды өзара тануда көмек жасау.
ИСО сертификаттау саласында ХЭК-пен бірге жұмыс жасауда негіз болатын ИСО/ХЭК 28 нұсқауы «Үшінші жақпен өнімді сертификаттаудың жалпы типтік ережесі» ұлттық сертификаттау жүйесінің негізі ретінде пайдаланылады.
ҚР – да өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік Комитет жұмыс істейді. Бұл орган мемлекеттік стандарттарға сәйкес талаптардың дұрыстығына бақылау жасайды. Бұл органнан басқа өнімнің сапасын бақылауда сапаны мемлекеттік реттеу және бақылаудағы экология жөніндегі инспекция, халықаралық санитарлық – эпидемиологиялық шарттарды орындауы, өнеркәсіп комитеті және т.б. Бұл жоғарыда аталған органдарды сапаны реттеудегі мемлекеттік институттарға жатқызуға болады. Олар өз қызметтерін сапаны реттеу жөніндегі заңдық актілері негізінде жүргізеді. Оларға: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Стандарттау», «Сертификаттау» «Бірлік өлшемді қамтамасыз ету» заңдары жатады.
Сертификаттау – бұл өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің нормативтік құжатта белгіленген белгілі бір талаптарға, стандарттарға сай екендігін білдіретін жазбаша құжат болып табылады.
Стандарттау басқарудың нормативтік әдістерімен сипатталады. Ол объектілерге белгілі бір нормалар мен ережелер арқылы әсер етеді және нормативтік құжат түрінде жазылып, заңдық күшке ие құжат болып табылады.
Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды бекітетін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.
Мемлекеттік стандартау – басқару деңгейінің барлық сатыларында таралып, қоғам мен өнім мен қызметті негізгі тұтынушылардың қызығушылықтарын қорғау ретінде қолданылады.
ИСО 9000 сериялы стандарттары — өнімнің жасалу процесіндегі өнім сапасына әсер ететін заңдық базаларын, тұтынушылардың рөлін, талаптарының сақталуына кепілдік береді.
Өнімдер, қызметтер мен процестерді ҚР – ның заңнамасына сәйкес стандарттаудың мақсаты төмендегідей:
- өнімдер мен қызметтерге нормалар белгілеу;
- қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- өнімнің бәсекегеқабілеттілігін сыртқы және ішкі нарықта қамтамасыз ету;
- бірлік өлшемді қамтамасыз ету;
- барлық ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану;
- Еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;
- сапа төңірегінде тұтынушылар қызығушылықтарын қорғау.
Сапаны қамтамасыз етуде жоғарыда аталған заңнамалардан басқа, Үкіметтің «Сапасыз тауарлардың ҚР территориясына кіруіне кедергі жасау» 29 сәуір 1999ж. жеке қаулысы да қызмет етеді.
Бұл Үкімет қаулысы ҚР – на келетін сапасыз импорт тауарларының жойылуына, тұтынушыларды сапасыз тауарлардан сақтауға қол жеткізеді. ҚР территориясына импорт тауарлары келесідей жағдайда кіргізілмейді:
- егер өнім сертификатталатын өнімге жататын болса және ол өнім сертификатталмаған жағдайда;
- өнім қорабында мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілмесе (тауар түрі, өндірілетін ел және өндіруші, өндірілген уақыты және жарамдылық мерзімі, сақтау белгілері және қолдану үлгісі, құрамы).
ИСО стандарттарын енгізу мәселесі Астана қаласында өткен «TQM-2004» Халықаралық конференциясында талқыланды. Онда ҚР – ның «Стандарттау, метрология және сертификаттау» индустрия министрлігі Комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайнов сөз сөйледі: — ҚР – да әрекет ететін кәсіпорындарға ИСО стандарттарын енгізуге, салық кодексіндегі өзгерістер ықпал етеді. Мұнда сапа менеджментін, экология стандарттарын енгізген кәсіпорындар үшін корпоративтік табыс салығын төмендету қарастырылуда.
2010 жылға дейін Үкімет ИСО 9000 сериялы стандарттарын ҚР-да әрекет ететін барлық кәсіпорындарға енгізуге қол жеткізуге тиіс. Ол үшін мемлекеттік тендерлер, мемлекеттік сатып алулар жариялағанда осы стандарттар ескерілуі тиіс. Бұл процесс кәсіпкерлердің бұл стандартарды енгізуге қызығушылықтарын ынталандырады.
Осы стандарттардың енгізілмегендігінен сыртқы нарықта біздің тауарларымыз өте төмен бағамен сатылуда. Егерде отандық кәсіпорындар, әсіресе мұнай және газ секторындағы кәсіпорындар сапа менеджментін енгізсе біздің тауарларымыз жоғарғы сұранысқа ие болар еді.
Қазіргі таңда ҚР стандарттау және сертификаттау жүйесін жетілдірудің негізгі бағыты болып, сертификаттау мен аккредитациялаудың нормативтік базасын ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссия, Европалық стандарттарға EN 45000 талаптарына сәйкес өзгерту. ҚР-да осы аккредитациялау жүйесін жетілдіру мақсатында халықаралық стандарттар мемлекеттік стандарттар ретінде қабылданды: ҚР СТ ИСО 17025-2001 «сынақтау және зертханалық зерттеулерге қойылатын жалпы талаптар», ҚР СТ ИСО/ХЭК 65-2001 «өнімді сертификаттау органдарына қойылатын жалпы талаптар».
Тағы рефераттар
- Нерв (жүйке) жүйесі физиологиясы, жасқа байланысты ерекшеліктері
- Изоферменттер генетикалық маркер ретінде
- Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер
- Іскерлік хат
- Сүтті механикалық өңдеу