Станса және кірме телімдердің техникалық пайдалану мінездемесі туралы қазақша реферат
Жобаланатын аралық станса IІ жолдық учаскеде орналасады. Максимальды қозғалыс жылдамдығы 120 км/сағ. жақын жатқан теміржол аралығы автоблокировкамен қамтылады, тартқыш түрі – Тепловоз. Бағыттама және сигналдарды басқару үшін станса электрлік орталықпен қамтылған. Жұп және тақ бағытындағы ең қысқа қабылдау – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 метрге тең.
Жобаланатын стансаның оңтүстік – батыс жағынан кірме жол іргелес орналасады. Қызмет көрсету мекемелері тәулік сайын құрама пойызбен вагон қабылдайды.
Аралық стансада мынадай құрылғылар орналасады:
— I – басты жолдар;
— Қабылдау – жөнелті жолдары –2,3;
— Тартымды және тұйық жолдар – 8,9жолдар;
— Түсіріп – тиеу жолдары – 7 жол;
— Жолаушылар ғимараты және платформалар – 3 жолдан.
Аралық стансада мынадай операциялар орындалады:
— жолаушы және жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту; оларды өткізу;
— пойыздардың басып озуы және қиылысуы;
— жүктерді түсіріп – тиеу және сақтау, жүк құжаттарының толтырылуы;
— құрама пойызынан вагондардың ажыратылуы және тіркелуі;
— тиелген вагондармен жөнелту маршрутына топ жинақтау;
— вагондарды өлшеу.
Тағы рефераттар
- Коммерциялық банктер-нарықтық экономиканың дербес кәсіпорыны ретінде
- Бюджет салық саясаты
- Оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру курстық жұмыс
- Логистиканы қолданудың тиімділігі
- Қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық идеяның көркем бейнеленуі