Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен – күнге жоғарылауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әрбір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады
«Строймонтаж-Кызылорда» жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қызметін 27.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, 22.04.1998ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, басқа да нормативтік-құқықтық актілері және өзінің құрылтай құжаттары бойынша жүзеге асырады және кіші кәсіпкерлік нысаны болып табылады.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болды және оқшауландырылған мүлікке ие, дербес балансы, несие мекемелерінде есеп айырысу шоттары және өзге де, оның ішінде: валюталық шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі, банкіде есеп-шоты мен басқа да шоттары және аты-жөні жазылған бланкілері мен тауарлық белгісі бар, өз атынан келісім шартқа отырып жұмыстарды жүргізеді.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-гі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Мемлекеттік Мекеме туралы» ҚР-ның Заңын, ҚР-ның басқа да нормативтік актілері мен осы Жарғыны басшылыққа алады.
Серіктестікте жоғары білікті инженерлік – техникалық қызметкерлер, кәсіпқой мамандар, құрылысшылар жұмыс істейді, олар қазіргі талаптарға сай, жұмыстарды сапалы орындауға ықпал етеді.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-де барлығы 52 адам жұмыс істейді. Барлық қызметкерлер саны – 45, оның ішінде – 1 сала, жер меңгерушісі (начальник участка), 1 – бас механик, 1 – гараж меңгерушісі, 1 – инженер программист. Барлық орта буынды қызметкерлер – 13, оның ішінде сметчик – 3, мастерлер – 5, бригадир – 3, электрик – 2. Кіші буын қызметкерлері – 28.
Серіктестіктің ұйымдастырылу құрылымы негізінен мына бөлімдерден тұрады:
- Материалды жабдықтау бөлімі
- балташы цех (столярный цех)
- термо өңдеу цехы
- өндірістік техникалық бөлім
- металл өңдеу цехы
Серіктестіктің басқару құрылымына келетін болсақ, оны директор басқарады. Серіктестікті басқаруда директордан бөлек бас инженер, бас бухгалтер, шаруашылық меңгерушісі жұмыс атқарады. Оларды директор тағайындайды. Серіктестіктің меңгерушісі қызметкерлерінің жұмысын, сандық және сапалық көрсеткіштерін және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуын қадағалайды
Бас есепші қаржылық қорлар мен материалдық құндылықтардың сақталуы мен дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды, шаруашылықта жұмсалатын барлық материалдық игіліктердің кірісі мен шығысын есептейді және жекізушілермен есеп айырысады, дебеторлық, кредиторлық қарыздарын есептейді, шаруашылықтың қортынды мәләметтерін талдап, сол бойынша алдыңғы жылдарға жоспар жасайды, серіктестіктің қызметкерлерімен жылақы бойынша есеп айырысады.
Шаруашылық меңгерушісі серіктестіктің қалыпты жұмыс атқаруы үшін шаруашылыққа қажетті материалдармен қамтамасыз етіп отырады. Серіктестіктің су жүйесі, жылу жүйесі мен байланыс қызметінің қалыпты жұмыс істеуін қадағалайды.
«Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС Шиелі, ЮКСУ, Ақшабұлақ, Нуралы, РУ 6, КазАтомПром, Ирколь құрылыс объектілерінің учаскелеріне қызмет жүргізеді.
Серіктестіктің жұмыстарын терең талдап бағалау үшін қортындылаушы көрсеткіштермен қатар жеке көрсеткіштер де қолданылады. Серіктестіктің жұмыстарын экономикалық жағынан бағалауда тиімділік көрсеткіштер қатарына мына көрсеткіштер жатады: негізгі өндірістік қорлардың және айналым қорларының әрбір сомасына жұмсалған өндірістік шығындарға қатынасы (бұл көрсеткіш 1 еңбектің шартты бірлігінің бағасын табуда қолданылады); көрсетілген қызметтің өзіндік құны (қызметкерлер мен жұмысшылардың айлық жалақылары қызметтің өзіндік құнына кіреді); материалдар.
Серіктестіктің шаруашылығының экономикалық, құрылыс тиімділігінің көрсеткіштерін талдау және бағалау, бұл осы көрсеткіштердің жүйесін өзара байланыстыру, осы көрсеткіштерді анықтауда тиімді жолдарды пайдалану, дайындаудың кешенді мәселелерінен тұрады; серіктестіктің шаруашылық қызметін талдауда қазіргі жағдайы мен даму динамикасында, шаруашылықты жоспарлап орналастыру және маманданудағы тиімділік, таза пайданың түсу көрсеткіштерін қолдану. Аталған көрсеткіштер серіктестіктің шаруашылығының тиімділігін анықтауда маңызды орын алады.
Қарастырылып отырған серіктестіктің шаруашылығының техника – экономикалық көрсеткіштерін төмендегі кестеден көруге болады. 1 – кестеде көрсетілген мәліметтерді талдай отырып, «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің жалпы экономикалық көрсеткіштерінің жылдан – жылға өсуін немесе кемуін көріп отырмыз.
Кесте-1. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің 2007-2008 жж. іскерлік белсенділігін бағалау.
№ |
Көрсеткіштер |
2007 ж.соңы |
2008 ж.соңы |
Ауытқуы |
1 | Капиталдың жалпы айналымы |
78,95 |
68,95 |
— 9,99 |
2 | Меншікті айналым капиталының айналымы |
153,06 |
— 190,67 |
— 343,73 |
3 | Ағымдағы активтердің айналымы ақша, дебиторлық борыштар, қорлар |
2,57 |
41,69 |
+ 39,12 |
4 | Ақша қаражаттарының айналым ұзақтығы |
3 күн |
0,62 |
— 2,38 күн |
5 | Ақша қаражаттарының бекіту коэф. |
0,008 |
0,001 |
— 0,006 |
6 | Дебиторлық борыштың айналым ұзақтығы |
87,8 күн |
41 күн |
— 46,78 |
1-кестенің жалғасы
7 | Қорлардың айналым ұзақтығы |
34,02 күн |
2,21 |
— 31,8 |
8 | Қор бекіту коэф. |
0,094 |
0,006 |
— 0,087 |
9 | Қысқа мерзімді міндеттемелердің айналымы |
2,616 |
4,185 |
+ 1,569 |
10 | Қысқа мерзімді міндеттемелердің айналым ұзақтығы |
137,6 |
86,01 |
— 51,5 |
Кестедегі мәлімет бойынша «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің іскерлік белсенділігіне мынадай баға беруе болады:
- Жалпы капитал айналымы 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы – 9,99 теңгеге және меншікті айналым капиталы — 343,73 теңгеге кеміген.
- Ағымдық активтердің айналымы 2008 жылы 41,69 теңгені, 2007 жылы 2,57 теңгені құраған. Жалпы ауытқу + 39,12 теңгеге өскен. Мұның себебі, ағымдық активтердің ішіндегі ең өтімді актив – ақша қаражаттарына айналым ұзақтығы мен қорлар айналым ұзақтығының қысқаруынан болып отыр. Өйткені, қорлардың қысқа мерзім аралығында ақша қаражатына айналуы кәсіпорынның іскерлік белсенділігін арттырады.
- Сондай-ақ дебиторлық борыштың айналым ұзақтығы 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы – 46,78 күнге қысқарған. Теориялық тұрғыдан дебиторлық борыштың қайтарымдылығы 30 немесе 30-60 күн аралығын қамтыса, онда дебиторлық борыш күмәнді борышқа айналмайтынына сенімділік болады.
- Қысқа мерзімді міндеттемелердің айналымы + 1,569 теңгеге өскен және айналым ұзақтығы 51,5 күнге қысқарған. Себебі, ақша қаражат айналым ұзақтығының азаюы кәсіпорынның өз уақытылы міндеттемелерін өтеп отыруына мүмкіндік береді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілік деңгейін анықтау үшін 2007-2008 жылғы баланс өтімділігіне талдау жасалды. Ол жөнінде келесі кестеде мәліметтер ұсынылған.
Кесте-2. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің 2007-2008 жж. баланс өтімділігін талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2007 |
2008 |
Ауытқуы |
|||
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Ақша қаражатта ры мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар |
347373 |
482928 |
482928 |
75998 |
+135555 |
-406930 |
2 |
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек |
160688 |
15449748 |
15449748 |
9462777 |
+154337059 |
-5986971 |
3 |
Туарлы-матери алдық қорлар мен ұзақ мерзімі қаржылық салымдар |
— |
5172130 |
5172130 |
270965 |
— |
-4901165 |
4 |
Ұзақ мерзімді активтер жиынтығы |
81000 |
335523 |
335523 |
598672 |
+254523 |
+263149 |
5 |
Кредиторлық берешктер, |
324632 |
17195206 |
17195206 |
6278483 |
+16870574 |
-10916723 |
6 |
Қысқа мерзімді несие, заемдар |
403639 |
3721673 |
3721673 |
4232255 |
+3318034 |
+510582 |
7 |
Ұзақ мерзімді несие, заемдар |
— |
— |
— |
— |
— |
— |
8 |
Меншікті капитал жиынтығы |
-139210 |
693022 |
693022 |
637951 |
+553812 |
-55071 |
9 |
Ағымдық өтімділік |
0,698 |
1,017 |
1,017 |
1,003 |
0,319 |
-0,014 |
10 |
Абсолюттік өтімділік |
1,070 |
0,028 |
0,028 |
0,012 |
-1,042 |
-0,016 |
11 |
Аралық жабу немесе жедел өтімді коэф. |
0,697 |
0,761 |
0,761 |
0,907 |
0,064 |
0,146 |
Кесте бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
- 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2008 жылдың басында ағымдық өтімділік коэффициенті 0,319 теңгеге өскен және жылдың соңында -0,014 теңгеге кеміген. Яғни, ағымдық өтімділік коэффициентінің өсуі ағымдық міндеттемелерді ағымдық активтермен өтеу деңгейінің жоғарлағанын көрсетеді. Ал, азаюы керісінше өтеу деңгейінің төмендегенің көрсетеді. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштің мәне 2-ден артық болуы тиіс. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің ағымдық өтімділік коэффициентінің мәні 2-ден төмен. Себебі, жедел өтімді, жылдам өтімді, баяу өтімді активтер 2008 жылдың соңында 2007 жылмен салыстырғанда төмендеген.
- Абсолютті өтімді коэффицинті 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2008 жылдың басында 1,042 теңгеге төмендеген және жылдың соңында 0,016 теңгеге төмендеген. Бұл көрсеткіш 0,2 + 0,5 – тен артық немесе тең болуы тиіс. Абсолютті өтімді коэффициентініңмәні бұл шекті нормадан әлде қайда төмен. Яғни, тез арада ағымдық міндеттемелердің белгілі бір бөлігінің өтелу деңгейінің төмен екенін көрсетеді.
- Жедел өтімділік коэффициентінің нормасы 1-ден артық немесе тең болу керек. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің аралық жабу коэффициентінің мәні 1-ден төмен. Яғни, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмен екенін көрсетеді.
Жалпы «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің қаржылық тұрақтылық деңгейіне талдау жүргізе отырып қаржылық деңгейіне баға беруге болады. Ол жөнінде мәлімет келесі кестеде орналасқан.
Кесте-3. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің 2007-2008 жж. қаржылық жағдайын талдау
№ |
Көрсеткіштер |
2007 |
2008 |
Өсімі |
|||
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
Жылдың басы |
Жылдың соңы |
||
1 | Меншікті айналым капиталы |
— 220210 |
357499 |
357499 |
-230721 |
-137289 |
-126778 |
2 | Қорлармен шығындардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу |
— |
0,026 |
0,069 |
-0,851 |
0,069 |
-0,825 |
3 | Тәуелсіздік коэффициенті |
-0,236 |
0,032 |
0,032 |
0,057 |
-0,268 |
0,025 |
4 | Жұмылдыру |
1,581 |
0,515 |
0,515 |
0,361 |
-1,066 |
-0,154 |
5 | Алашақ және берешек қарыздардың ара қатынасы |
0,133 |
0,776 |
0,776 |
1,328 |
0,643 |
0,552 |
Кесте бойынша мынадай қортынды жасауға болады:
- 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2008 жылдың басында меншікті айналым капиталы — 137289 теңгеге, ал жылдың соңында — 126778 теңгеге кеміген. Меншікті айналым капиталының азаюы қарыз капиталына деген қажеттілікті туғызады.
- Тәуелсіздік коэффициенті жалпы нормасы 0,5 – 0,6 аралығында болу тиіс. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің тәуелсіздік коэффициенті мәні бұл шектен төмен. Яғни, жалпы баланс теңгерімінің ішінде меншікті капитал үлесінің аз екендігін көсетеді.
- Жұмылдыру коэффициенті 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2008 жылдың басында 1,066 теңгеге, ал жылдың соңында 0,154 теңгеге кеміген. Қалыпты нормасы 0,5-тен артық болу керек. Жұмылдыру коэффициенті азаюы меншікті капитал құрамындағы меншікті айналым капиталының азайғандығын көрсетеді.
- Алашақ және берешек қарыздардың ара қатынасы 2007 жылдың басымен салыстырғанда 2008 жылдың басында 0,643 теңгеге, ал жылдың соңында 0,552 теңгеге өскен. Бұл берешек қарыздың алашақ қарызбен қамтамасыз етілу деңгейін көрсетеді. Яғни, қалыпты.
- Қорлармен шығындардың меншікті қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу деңгейінің мәні қалыпты нормадан төмен. Қорыта келгенде «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің меншікті капиталы азаюы салдарынан қосымша қаржыға деген қажеттілігі артқан. Осы мәселені шешу үшін мынадай іс шараларды орындау қажет:
1. Меншікті капиталдың үлесін арттыру қажет.
2. Қаржыландырдың сыртқы көзін табу. Ол үшін қарыз немесе несие қаражатын тарту қажет.
Кесте-4. «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің 2007-2008 жж. қызметінің сипаттайтын қатысты көрсеткіштердің табыстылығын талдау.
№ |
Көрсеткіштер |
2007 ж. соңы |
2008 ж. соңы |
Өсімі % |
Орташа ауытқуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1 |
Активтердің табыстылығы |
0,040 |
0,0049 |
-87,75 |
-0,035 |
2 |
Ұзақ мерзімдік активтердің табыстылығы |
2,604 |
0,091 |
0,878 |
-0,036 |
3 |
Ағымдағы активтердің табыстылығы |
0,041 |
-0,005 |
-0,87 |
0,036 |
4 |
Сату көлемінің табыстылығы |
0,160 |
0,194 |
0,21 |
0,034 |
5 |
Негізгі қызмет табыстылығы |
0,70 |
1 |
0,42 |
0,3 |
6 |
Меншікті капитал табыстылығы |
1,260 |
0,086 |
0,93 |
-1,174 |
7 |
Меншікті айналым капиталының табыстылығы |
2,444 |
0,154 |
-0,93 |
-2,29 |
2007 жылдың соңымен салыстырғанда 2008 жылдың соңында активтердің табыстылығы 87,75 % кеміген. Сондай-ақ ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы 0,96 % және ағымдық активтердің табыстылығы 0,87 % кеміген. Яғни, кәсіпорынның әрбір теңге активінің әкелетін таза табысының мөлшері азайған. Сату көлемінің табыстылығы 0,21%, меншікті капиталдың табыстылығы 0,93 % және негізгі қызметтің табысы 0,42 % өскен. Бірақ, меншікті айналым капиталының табыстылығы 0,93 % кеміген. Яғни, меншікті айналым капиталының жеткіліксіздігі байқалады
Тағы рефераттар
- Пәндi оқыту барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
- Банктің несиесін қайтарылуын қамтамасыз ету
- Құжаттармен жұмыс жүргізу
- Музыкатану және музыкалық білім беру педагогикасы
- Дизель моторлары