Су, оның гигиеналық және шаруашылықтық маңызы туралы қазақша реферат

Су организмнің маңызды ққұрамдас бөлігі. Тірі организмдерде барлық химиялық реакциялар су арқылы ғана өтеді.Тұз алмасу су алмасумен тығыз байланысты.

Су зат алмасу реакцияларының белсенді қатысушысы. Ересек адамда су мөлшері оның дене салмағының 2/3(58-67%) құрайды.Адам организмнінің кейбір ұлпалары (бауыр, ми, тері) өз салмағының 70%  су құрайды, басқалары (бұлшық ет, жүрек) — одан артығырақ — 76 – 80% құрайды. Қан 83% су ұстайды, басқа биологиялық  сұйықтар (зәр, сілекей, тер) -95-99% жақын, лимфа — 90%, асқазан шырыны – 99,5 % судан тұрады.

Дүниежүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Су экожүйесінің ластануы түрліше жолмен жүзеге асады. Қазіргі кездегі су айдындарының ластануын былайша топтастырады:

—         биологиялық ластану: өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер мен бактериялар;

—         химиялық ластану: уытты заттар және сулы ортаның табиғи құрамын бұзатындар;

—         физикалық ластану: жылуөқызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

Су құрамының ластану деңгейі үнемі бақыланып отырады. Судың құрамындағы еріген әр  түрлі химиялық элементтер мен бөлшектер судың ластану деңгейін арттырса, температураның ауытқуы да судың бұзылуына себепші.

Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) тарапынан ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткіші ұсынылған. Ал қазақстанда ауыз су сапасы мемлекеттік стандарт (2874-82) бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су алабы тазартылмаған ақаба сулы өзенөкөлдерге №іберу аслдарынан ластанады. Мысалы:

— тұрғын үйөкөммуналдық шаруашылықтары;

— өнеркәсіп орындары;

— ауыл шаруашылығындағы мөлшерден тыс пайдаланылған тыңайтқыштар;

Шараушылықтың басқа да салаларынан ақаба су ағын суға шығарылады.

Ағын су барып құйылатын ақаба су екі топқа: қоспалар (ерімейтіндер, коллоидтар, еритіндер) мен лас суларға (минералдық, органикалық, бактериялық, биологиялық) жіктеледі.

Пайдаланылған судың ішінде ө тұрмыстық ақаба суда 52% органикалық заттар, 42% минералды заттар болады. Өнеркәсңпте пайдаланылған су мен минтетикалық заттарды кейінгі су химиялық элементтермен ластанады. Сонымен бірге пестицид, гербицид сияқты егін шаруашылығына пайдаланылатын химялық қалдықтары бар  су микрофлораға, микрофаунаға, ірі жануралар мен құстарға зиян келтіреді. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азықөтүлік пен тағам арқылы адам организміне де зиянды әсерін тигізеіді.

Жер бетіндегі судың жалпы мөлшері 14 млн км3 шамасында. Бірақ  қолданыста жарамды тұщы сулардың стационарлық қоры гидросфераның 0,3%  көлемін ғана алып отыр.

Біздің жер шарымызда су үнемі айналымда болады.Дүние жүзі мұхиттарының бетіне жылына шамамен 412 мың м3 су буланады, ал оларға қайта түсетін жауын-шашын жылдық мөлшері 310 мың км3 шамасында болады.

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының мәліметтері бойынша күнделікті өмірде пайдаланатын ас суы сапасының төмен болуы салдарынан  жыл сайын 5 млн адам өліп отырады.

Нашар сумен қамтамасыз етуіне байланысты жыл сайын 500 млн-ға дейін тұрғындардың инфекциялық ауруларға шалдығу жағдайлары кездеседі.

Осындай және болашақта туындайтын мәселелерге байланысты тұрғындарды сапасы жоғары сумен қамтамасыз ету қазіргі кезде басты мәселелердің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикассының су пайдалану мәселелері 2003 жылғы 9шілдеде қабылданған су кодексімен реттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтық қатынастарды, сондай-ақ өкілетті мемлекеттік органдардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзіреттерін айқындау мақсатында әзірленген «ҚР Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң» жобасы 2009 жылы 2 қыркүйекте қабылданды. Бұл құжаттар бізге қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық  негіздерін қалыптастыруға және экология мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік берді.

Бір қала тұрғынына тәулігіне қажетті судың мөлшері мекен ету ортасының климаттық ерекшкліктері мен тұрғындардың тіршілік ету деңгейіне тәуеді. Осы көрсеткіштерге  сүйене отырып СНиПА-ға судың қолдану нормалары енгізілген. Бұл нормаларға тұрғын үйлер, тұрмытық-коммуникалдық қызмет көрсету және тамақтану мекемелерінің суды қолдану нормалары кіреді. Кейбір ірі қалалардың сумен қамтамасыз ету жүйелері  2 есе жоғары нормалармен шектеледі ( Алматы, Қарағанды, Астана.). Мұндай ірі қалаларда суды қолданудың жоғары көрсеткіші 300-500 л (бір тәулікте).

Ауыз су әрқашан орнатылған ГОСТ мен стандарттарға сай болуы қажет. Ауыз суға арналған бірнеше стандарттар бар:

—         ГОСТ және арнайы анықталған нормаға сәйкес келетін Қазақстандық стандарт;

—         Ресей стандарты;

—         Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұжымының стандарты;

—         АҚШ және Еуропалық одаққа кіретін елдердің стандарты.

Ауыз суға қатысты Қазақстандық ГОСТ 1982 жылдан бастап өз күшіне енген болатын. Бүгінде ол жаңа нормалар толықтырылды. «Ауыз су. Ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбырларының орталықтандырылған жүйелеріндегі су сапасына» деген гигиеналық талаптар. «Сапаны қадағалау» атты 3.02.002.04  СанПиН нормасы мен санитарлық ережелер жаңадан енгізілген.

Аталмыш стандарттар мен нормаларға сәйкес жоғары сапалы ауыз су терминінің астарында төмендегідей мағыны жатыр:

—         органолептикалық көрсеткіштерге сай келетін су: мөлдір., иіссіз және жағымды дәммен;

—         рН, 0-7,5 және тығыздылығы 7 мг-экв/дм3 су;

—         еселенген пайдалы минералдардың саны 1гр/л;

—         құрамында ауру тудыратын бактериялар мен вирустар мүлде жоқ су;

Осы күнгі су сапасына деген талаптар өте қатал және біздің пайдаланып отырған суымыздың таза әрі зиянсызекендігіне кепілдік беруге бағытталған.
Тағы рефераттар