Құмкөл кен орнында ең қарапайым су жинағыштар қолданылады. Ашық су жинағыштардың жетіспеушіліктері судың сапасының тұрақты болмауына байланысты. Ауа райына байланысты ластанады, сондықтан оны дайындау қиынға түседі. Орнатылған жұмыс режимінде артық күш түседі. Бұл суды дайындау және судың сапасын тексеретін станциялардың өнімділігін азайтады. Ашық су жинағыштар сору құбыры сетка арқылы жасатылады. Ол ірі заттардың түсіп кетуінен сақтайды. Сору құбырларының өлшемдері соратын биіктігі және басқа да элементтердің конструкциясы құбыр гидравликасының әдісімен есептеледі. Жабық су жинағыш бірнеше ұсақ ұңғылар топтарынан құрылады. Олар өзенге жақын, терендігі 10—50 метрге дейін болуы керек.
Ұңғы төменгі жағынан фильтрге бекітіледі. Ұңғыдан су әдейі арналған ортадан тепкіш сораптар арқылы немесе сифонды және вакуумды қондырғылар арқылы айналады.
Практикада көргеніміздей, сифонды су жинағыш механика-ландырылған су жинағыштарға қарағанда 15-20 пайыз арзан. Су ясинайтын үңғылардың орналасуы грунтта қабылдағыш коллекторы болады. Оған ағынды ұстайтын ысырма арқылы және кері қақпақты ұңғылар жайғасады. Сифонды су жинағыштарда ұңғы топтарының коллекторы вакуумды котелге бекітіледі. Оңың қысымы 0,08 МПа болады. Арнайы үлкен емес вакуумдық сораптар коллектордағы тұрақтылықты ұстау үшін керек.
Котелдер сорап станцияларымен бірге бетонды шахталардың бірінші көтерілетін жеріне орналастырылады. Шахтаның жоғарғы бөлігіне электрлі станциялар, электрлі двигательдер және дистанцияны автоматтандыруға керекті заттар орналастырылады. Шахтада негізінен ортадан тепкіш сораптар қолданылады. Ортадан тепкіш сорап, сору құбырлары судың деңгейінде тұрғандықтан, оның ішінде үнемі су болады.
Шығу желілерінде ысырмалар орналастырылады. Кері клапанмен шығым өлшегіш шығу желілерінде екеу болады. Бұл жөндеу кезінде оңайға түседі. Ысырмалар, клапандар, шығым өлшегіш құралдары және басқа да қондырғылар, электр құрал-жабдықтары бар негізгі шахтаға су кетпес үшін, бөлек шахтаға орнал астырыл ады.
Механикалық су жинау жағдайында ұңғыға динамикалық деңгейден төмен қосымша күшті көтеруге арналған, бергіштігі 1-100 м /сағ дейінгі артезлан ортадан тепкіш сораптары. Оның арыны 65-200 метр, электр двигателінің қуаты 2,5-150 кВт-қа тең. Бұл ортадан тепкіш сораптар механикаландырылған су көтеруде су жинағыш ұңғылардың электр двигательмен ортақ валда орналасады. Ол Периодтың күтімді жөндеуге және оның динамикалық деңгейде Жұмысын қадағалауды қажет етеді. Су жинағыш ұңғылардың сүзгіш бөлігін, жұмыс істеуі нашарланған уақытта, оның шығымын қайтадан орнына келтіру үшін периодтық тазалануы және ыстық бу арқылы тазалауды қажет етеді.
Тәжірибе жүзінде қабатқа айдалатын судың сапасының тұрақтылығы целесо тәрізді емес. Сондықтан қабаттың қуыстылығы, өткізгіштігі жайпақ диапазонда судың қажеттілігін өзгертеді және кейбір бөліктерінің құрамында В4 — сақталатындығын көрсетті.
Жарамды суларды көптеп айдауда, айдау ұңғыларына қажетті қысыммен айдалады. Сумен қамтамасыз ету жүйесіне су жинағыш қондырғылар, суды бірінші көтеруге арналған арынды станциялар, суды дайындайтын станциялар, тазаланған айдалатын суды бөлетін коллектор және суды 3-рет көтеруге арналатын станция кіреді немесе бұл суды айдау ұңғыларына жеткізіп отыратын шоғырлама-сорапты станция деп аталады. Сумен қамтамасыз ету жүйесінде әр бөлшектердің арасында артық суға арналған буферлі қазандар болады. Бұлар жүйе жұмысының үзілмеуін және элементтердің өткізгіштік қасиетінің өзгермуін қамтамасыз етеді.
Сифонды су жинағыштарда суды бірінші көтеруге арналған сорапты станциялар үлкен жартылай жер астындағы шахтада вакуумды котелдермен бірге орналастырылды.
Механикаландырылған суды бірінші көтеру станциясында функцияны әрбір су жинағыш ұңғыларына қондырылған сораптар атқарады. Бұл жағдайда сораптың арыны жалпы коллекторға жалғанған линиялар суды одан әрі станцияларға жеткізу үшін бергіштігі жақсы болуы керек.
Буферлі қазан судың бергіштігін үзбес үшін қосымша суды жеткізіп отыруды қамтамасыз етеді. Ал суды екінші көтеруге арналған сорапты станция — суды магистральдарға бөлуді және Шоғырлану сорабының станциясын қамтамасыз етеді. Бұл станцияда 6 сатылы 2 ортадан тепкіш сорап пайдалынады. Сораптың саны, бергіштігі, арыны, гидравликалық есептеуге алынады. Әрбір шоғырлану сорап станциялары (КНС) өзіне жақын тұрған қысымына қарап, тоқталған 3-6 айдау ұңғыларын сумен қамтамасыз етіп отырады. Әрбір айдау ұңғылары шоғырлану сорап станциясымен бөлек кұбырмен жалғанады.
Шоғырлану сорап станциясы мен айдау ұңғыларын жалғайтын құбыр үлкен қысымда жұмыс істейді. Оның қысымы 25 МПа дейін барады. Сондықтан бүл құбырлардың диаметрі 0,089 және 0,102 м дейін болады. Олар тереңге орналастырылған. Жоғарғы қысымға арналған диафрагментті есептегіштер арқылы өлшенеді. Әрбір ұңғыға кететін судың шығымы және айдау қысымы бір қалыпты болғандықтан бұл өлшемдер жиі өлшенбейді.
ШСС Апп, 5 мстх10, 6 мстх20 және басқа сораптың түрлерімен жасақталады. Соңғы кезде қабаттың қысымын ұстауға арналған ортадан тепкіш сораптар жасалады. Бұл сораптардың кейбір техникалық көрсеткіштері төмендегідей: жоғарыда қондырғыны жауын-шашыннан қорғау үшін жабық металл кабинасы болады. Бұдан басқа блокты шоғырланған сорап станциясының құрамына көмекші блоктар кіреді. Олар электрді бөлу қондырғысы, арынды коллектордың өнімін бөлетін қондырғыдан, төменгі вольтті жабдықтардан және базада жасалған ЦНС 150×150 сорабынан, БКНС -автоматтандыру және басқару блогынан тұрады.
Осыған байланысты блокты шоғырланған сорапты станциялардың (БКНС) кұрамына 1, 2 және 3-ші ЦНС 150-150 жұмыс сораптары және міндетті түрде қосымша бір сорап кіреді. Блокты Шоғырланған сорапты станциялардың (БКНС) өздерінің жетіспеушіліктері бар.
Сорапты жөндеген кезде және оны жіктеген кезде кабинаның қақпағын алуды жақсы қадағалау керек. Осындай жетіспеушіліктерде қарамасақ, қабат қысымын ұстау (ППД) жүйесін жасақтау кезіндегі монтаждық жұмыстардың мерзімін азайтады, қабаттың қысымының төмендеуіне жол бермейді.
Қазіргі кезде шоғырланган сорапты станция (КНС) және блокты шоғырланған сорапты станциялар (БКНС) қабат қысымын ұстау жүйесінде жоғарғы автоматтандырылған объект болып есептеледі. Олар практика жүзінде кейбір элементтерін периодттық тексеруден кейін қадағалаусыз жұмыс істей алады.
Қабатқа айдалатын сулар сапасына баға беру оның құрамына темірге байланысты. Мұнай қабаттарына айдалатын табиғи сулардың кұрамында темір әртүрлі мөлшерде кездеседі. Сондықтан судың құрамында темір аз мөлшерде болуы керек (мг/м).
Қондырғының үздіксіз жұмыс істеуін реттеу үшін екінші су алатын ұңғы суға пайдалануға беріледі. Бірақта барлық су алатын ұңғылардың компрессорлы қондырғыны немесе терең сорапты қажет етуіне баланысты жұмыс аяғына дейін жасалған жоқ. Айдау қондырғылары төменгі коммуникациядан тұрады:
1) КНС-105-390 2-1 ортадан тепкіш сораптардан тұрады, екінші көтеруге арналган сораптар. Оның суды өндіруі -8640 м3 /тәу.
2) Үш құмтасты сүзгіштен тұратын тазалау құрамы, оның суды өндіруі — 3000 м3 /тэу.
Арында магистральды су кұбырларының ұзындығы 4000 метр.
3) 78 ұңғыға арналған 9 суды бөлгіш будкалардан тұрады;.
4) 10,051 метр айдау құбырымен 21 ұңғыға арналған шек.
Жалпы жиынтығы 21/0051 м. Жалпы айдау құбырлары 14,3 м құрайды.
Айдау қондырғылардың техникалық жағдайлары мынадай болады:
- Құмтасты-грабенді болып келуіне байланысты тазалау қанағатсыз жағдайда;
- Арынды магистральды су құбырлары өзгеріссіз қалуы;
- Суды бөлу құбыры өзгертіледі. 28рБ (6 және 8) жұмыс жасалған жоқ. Қалғандары өзгеріссіз болады. Айдау құбырларының ұзындықтары сол күйінде қалды.
Тағы рефераттар
- МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ МЕХАНИЗМІ курстық жұмыс
- Материяның өмір сүру тәсілдері
- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТ курстық жұмыс
- Мысыр Мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары жайында хабарлайтын Мысыр және араб жазба деректері мен тарихшылары туралы
- Резинаның тұрақтылық қасиеттері