Клирингтік операциялар. Биржада келісімдерге қол қою барысында, саудалауға қатысушылар арасында біріңғай қарыздық міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Бұл қарыздық міндеттемелерді өтеу үшін есеп айырысу палатасы саудалау соңында келісімдерге анализ жасап, әрбір қатысушыға таза пайда орнатады. Бұл ыңғайсыз айналым есеп айырысуларын болдырмауға себепші болады.
Фьючерстік және форвардтық контрактілер. Бұл кез келген тауарды болашақта сату немесе сатып алу туралы келісім. Форвардтық контракт алдын ала белгіленген баға бойынша жақтар арасындағы болашақтағы келісім. Контракт бойынша есеп айырысу оны орындау кезінде жасалынады.
Опциондар. Фьючерстік контрактілерді алып сату кезінде тәуекел спекулянттардың мүмкіндіктерінен жоғары болуы мүмкін. Опцион осы тәуекелді төмендетеді. Клиент бұл жағдайда белгілі бір құқыққа ие болады, және өзіне тиімді болса, фьючерсті сатуға немесе сатып алуға міндеттенбейді. Бас тартқан жағдайда сатушы сатып алушыдан тәуекел бағасын алады. Тәуекел бағасы — әртүрлі жағдайлармен алдын-ала келісілген және анықталған сыйақы мөлшері.
Хеджирование. Фьючерстік нарықтың негізгі қызметтерінің бірі тәуекелді болдырмауға тырысатын тұлғалардан (хеджерлер), тәуекелді қабылдауға келіскен (спекулянттар) тұлғаларға аудару. Бұған нарықтық контрактілерің стандартталғандығы және нарықтың жоғары ликвидтілігі сияқты қасиеттері ықпалын тигізеді. Барлық контрактілер стандартталған болғандықтан, қарама-қарсы жақтың сенімділігін, беріктігін тексеру керек емес. Ликвидтілік болашақта бағаның өзгеруіне тәуелсіз, тауарды тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік береді.
Спекуляция. Егер хеджер нарықтың тұрақты болуына қызығушылығын білдірсе, спекулянт керсінше тұрақсыздықты жақтайды. Келісімнен түсетін пайда онша көп болмайтындықтан, спекулянт әртүрлі шараларды жасауға мүмкіндігі бар. Спекулянт белгілі бір тауарды алуға қызығушылығын танытпайды. Спекуляциямен жоғары мамандандырылған трейдерлермен қатар, брокерлерге тапсырыс беретін жеке тұлғалар шұғылдана алады
Тағы рефераттар
- “Абай жолы” романдағы сан есімдерге байланысты антропонимдер
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Ұсақ бизнестің Қазақстанда қалыптасуы, дамуы
- Көрікті көктем (балабақшадағы семинар)
- Дикторлық радиодан журналистік радиоға ауысуы