МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ 6
1.1 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жүргізілу тәртібі және оның кәсіпорын қызметіндегі орны 6
1.2 Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлардың есебі мен аудитінің нормативтік негіздері 18
1.3 Тауарлы-материалдық қорлар көлемін жобалау және оңтайландыру 21

2 «ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ОРНЫ 25
2.1 Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы және қаржылық жағдайын талдау 25
2.2 Кәсіпорынның есеп саясатындағы тауарлы-материалдық қорлардың қаралуы 38
2.3 Кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары 54

3 КӘСІПОРЫНДА ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ АУДИТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 59
3.1 Тауарлы-материалдық қорлар есебінің аудиті 59
3.2 Тауарлы-материалдық қорлар аудитін жетілдіру жолдары 77

ҚОРЫТЫНДЫ 81
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 84
ҚОСЫМШАЛАР 85

КІРІСПЕ

Елбасы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты өз жолдауында атап өткендей, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық экономикасы бола алады. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кірудің бірінші басымдығы әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі болып табылады. Осыған байланысты мемлекетті дамыту процесінде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін бара-бар дамыту ерекше өзектілікке айналады, өйткені бухгалтерлік есепке алудың, қаржылық есеп берудің және аудиттің ма басқару шешімдерін қабылдау үшін мүдделі пайдаланушыларды экономикалық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.[14]

Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік есептің ролі мен мәні артуда. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс-әрекеті сипатталып, оның табысы мен шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Қазіргі заман бухгалтерлері – бухгалтерлік есеп ауқымында алған терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын игеруі, сондай-ақ өндіріс процестерін басқара алуы тиіс. Ол Қазақстан Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есепке ала отырып, әр түрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс. Нарықтық қатынастар кезінде ұйымдардың өндірістік жұмыстарын басқару сол ұйым басшыларына байланысты. Қазақстан Республикасында болған жеке және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық өзгерістер еліміздің есеп жүйесіне көптеген өзгерістер әкелді.

Қаржылық жүйенің өзгеруі, экономиканың жоғарлауы, әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруі кәсіпорында жаңадан мәселелердің туындауына алып келді.

Кез-келген ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінде тауарлы-материалдық қорлар маңызды роль атқарады. Тауарлы-материалдық қорлар жаңа өнімдерді бағалап және ұйымның шығындарын болжауға мүмкіндік береді. Өндірісте өнім өндіруге тауарлы-материалдық қорларға деген сұраныс жоғарылайды. Бұл өндірістің көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді.

Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикізат пен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық нарықта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық қорлар есебі аудитінің атқаратын ролі өте зор.

Қазіргі уақытта нарықтық экономика шарттарына сәйкес дайындықтың бастапқы кезеңінде материалды-өндірістік қорларды дайындаудың және сатып алудың маңызы зор. Тауарлы-материалдық қорларды ары қарай оңтайлы қолдану үшін, дайындау және тұтыну мақсатына қол жеткізу үшін, бухгалтерлік есеп қызметі тауарлы-материалдық қорларды сатып алу мен дайындау бойынша ай сайын талдау жүргізуге мүмкіндік беретін толық және айқын ақпарат ұстауы қажет.

Материалдық қорлардың шаруашылық субъектінің өндірістік бағдарлама жоспарларын іске асыруға үлкен  әсері бар. Сондықтан да алынған дипломдық жұмыс тақырыбым өзекті болып саналады. Берілген тақырып тек теориялық зерттеу үшін ғана  емес, сонымен қатар тәжірибелік жұмыс үшін де қызықты.

Зерттеудің объектісі болып кәсіпорындағы тауарлы-материалдық қорлар есебін ұйымдастыру және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тауарлы-материалдық қорлар есебін ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық қатынастары табылады.

Дипломдық жұмысымның мақсаты – «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның мәліметтері негізінде тауарлы материалдық қорлардың есебі мен аудитінің ұйымдастырылыуын зерделеу және құндылықтар есебін жетілдіру боынша ұсыныстар қалыптастыру болып табылады.

Бітіру жұмысымның негізгі міндеттері :

—  тауарлы-материалдық қорлардың мәнін ашып көрсету;

—  тауарлы-материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдарын қарастыру;

— «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ны экономикалық сипаттама беру және көрсеткіштеріне талдау жасау;

— «Қазатомөнеркәсіп» АҚ мысал ретінде ала отырып, тауарлы-материалдық қорлар есебі мен аудитін ұйымдастыруды зерделеу;

—  ұсыныстар мен қорытынды шығару.

Материалдық есепті ұйымдастыру – есептік жұмыстың күрделі бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік кәсіпорында материалдық құндылықтар номенклатурасы он мыңдаған атаулармен саналады, ал материалдық-өндірістік қорлар есебі бойынша ақпарат өндірісті басқару бойынша барлық ақпараттың 30%-н құрайды. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты. Барлық есептік жұмыстың автоматтандырылуының орасан маңызы зор. Есеп пен тауарлы-материалдық қорларды бақылаудың ажырамас бөлігі — олардың қолданылуының экономикалық талдауы болып табылады.

Нарықтық экономика кезеңіндегі меншіктің көптүрлілігі, экономиканы басқаруда кәсіпорынның құқықтарының кеңеюі, өндірістің салалық ерекшеліктері, өндірістік қорлар есебін жүргізу техникасы мен әдістемесі жайлы нақты сұрақтарды шешуде сан алуан тәсілдемелерді және баламаларды талап етеді.

Қазір кәсіпорындарда материалдарды дайындау және сатып алу есебін ұйымдастырудың түрлі тәсілдерін таңдау, ай соңында жолда қалып қойған немесе жабдықтаушылардың қоймасынан шығарылмаған материалдардың құнын көрсерту; материалдық құндылықтардың нақты өзіндік құнының есептік бағалардан ауытқуларын анықтау және оларды өндірістегі шығындалған материалдар мен олардың қоймадағы қалдықтары арасында кейінгі бөлу; пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттардың құнын өтеу мүмкіндіктері пайда болуда.

Тауарлы-материалдық қорларды қолдануды бақылау мен есепті дұрыс ұйымдастырусыз қоймадағы қорлардың келіп түсуі мен шығындалуы, қалдықтарға бақылауды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Осы тұрғыдан қарастырғанда диплом жұмысының тақырыбы өзекті болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңына, есеп стандарттарына және Халықаралық Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Есептердің мәліметтері бойынша ұйым басшылары өздерінің қаржылық есеп беруді құрастыруды және экономикалық болжамдар жасауға, ағымдағы жоспарды анықтауға, сонымен қоса еліміздің экономикасының қаншалықты мөлшерде өскендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушыларына өзінің экономикалық жағдайын анық көрсетуге мүмкіндік береді.

№2 «Қорлар» ХҚЕС стандарттарына сәйкес тауарлы-материалды қорларға мыналар жатады:

— шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бөліктер;

— аяқталмаған өндіріс;

— субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.

Нарықтық қатынастар кезінде, қаржылық есеп берудің қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін анықтау үшін ұйым басшылары аудиттік тексеру жүргізеді. Бухгалтерлік есеп берудің жүргізілуін, дұрыс бағалануын, анықтылығын, классификациялық қорытындыларының қаншалықты мөлшерде дұрыс екендігін тәуелсіз аудиторлар анықтайды.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде тауарлы-материалдық қорлардың экономикалық мәні мен есебінің жүргізілу тәртібі және қорлар көлемін жобалу мен оңтайландыру жолдары жазылған.

Екінші бөлімде кәсіпорындағы қорлардың орны, яғни есеп саясатындағы қорлардың ұйымдастырылуы және жалпы кәсіпорынға экономикалық сипаттама берілген, қорлар есебін жетілдіру жолдары қарастырылған.

Ал үшінші бөлім кәсіпорындағы аудиттеуді ұйымдастыру және тауарлы-материалдық қорлар аудитін жетілдіру жолдарына арналған.

Жұмысты орныдау барысында тауарлы-материалдық қорлар есебімен байланысты заңнамалық, нормативтік, әдістемелік материалдар, оқу құралдары және журнал мақалалары қолданылды.

 Дипломдық жұмыс / 85 бет
Тағы рефераттар