Тәуке хан тұсындағы сыртқы саяси жағдай туралы қазақша реферат

      XVII ғасырдың аяғында Қазақ хандығына Оңтүстік-батыстан жайық казактары қолдаған еділ қалмақтары шапқыншылық жасады, солтүстіктен сібір казактары шабуылдады; Жайыктың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар да дәмеленді. Оңтүстіктен қазақтарға Орта Азия хандықтарының (Бұхара, Хиуа) билеушілері қысым көрсетті. Бірақ қазақ халқына ең каһарлы қауіп шығыстан — күшті де агрессияшыл Жоңғар хандығы тарапынан төнді. Бұл дүрбелең замандағы Қазақ Ордасының ханы Тәуке болатын. Халық берген, тарихқа енген есімі — Әз-Тәуке, яғни, дана Тәуке.

Біртұтас Қазақ Ордасында тура отыз бес жыл билік құрған Әз-Тәуке  әкесінің көзі тірісінде Шығыс Түркістан тарабындағы елшілікке қатысады. 1680 жылы ақ киізге көтерілгенде ақыл тоқтатқан кемел жаста Есім хан заманының оқиғаларынан нақты хабардар Жәңгір хан заманындағы ахуалға тікелей куәгер деген сөз қайраткер ретінде қалыптасу кезеңі отыз жылдық, тыныштық дәуіріне сәйкеседі, Тәукенің жауынгер хан емес, ақылман хан ретінде тарихқа енуінің түп төркіні осында жатқан сияқты. Егер арғы тарихқа бойласак, Тәукені Қасым ханға ұқсатар едік. Бірақ сол, касқа жолды Қасымның өзі ең алдымен әскербасы болатын.

Әз-Тәуке билікке бейбіт күнде келді. Жері байтақ халқы мол, іргелі ұлыстың тізгінін алды. Бірлігі берік, берекесі зор, кеудесі жоғары алаш қауымыньщ ежелгі тағыні отырды. Ұлттық дәстүрі, қалыптасқан заң жүйесі бар, айбарлы жұртқа ие болды. Хақ-Назар хан үстінен ауып шапқын өткен, тозғындаған халықты қайта көтеріп, іргелі ел етіп еді. Тәуекел хан бұлғак жайлаған, жарыт жұртынан айрылған елді куатты, қүдыретті мемлекет дәрежесіне жеткізіп еді. Есім хан төрт тараптан бірдей ентелеген жаудың бәрін жапырып, ұлыстық іргесін бекітсе, Салқам Жәңгір хан біріккен ойрат-халханы талқандап, жаңа заманға батыл қадам басып еді. Арыстан аталардың алдаспан аталардың білгір саясаты, білекті күресі нәтижесінде қалыптасқан алты алаш ақ киізге көтерген күні бүкіл Қазақ Ордасы Тәуке ханның заманы шуақты болады деп, айдынымыз асып, байлығымыз тасып, шалқып-толқып дәурен сүре береміз деп ойлағаны күмәнсіз. Көргені көп, акылы кемел Тәуке хан да ежелгі жұртым іргелей түседі, жарым дүниені жайлап отырған алаш ұлы еселі сыбағасынан айрылмайды, бар мұратына жетеді деп сенсе керек.

Арада жыл өтпей бүкіл Қазақ Ордасы өзінің тәубасынан жаңылады. Үлкен дайындықпен жойқын соғыс ашқан Дүрбін-Ойрат үш жарым жыл бойы бүкіл Оқтүстікті еркін ойрандайды, қаншама қаланы қиратып, мың сан халықты тұтқындап, алаштық аруағын қорлап, кеудесін басып, жермен-жексен қылып кетеді. Бұрынғы тарихқа қарасақ, қазақ жұрты қаһарлы Абдолла ханның ділманында да мүндай шапқынға ұшырамаған. Кейінгі тарихқа үңілсек, ойраттардың осы, 1681 жылғы тұтқиыл шабуылынан соң, құты қашқан қазақ жұрты, бес-он емес, жиырма-отыз емес, тура жетпіс жыл бойы ес жия алмапты. Қайткенде де осылай болуға тиіс, тағдыр сызып қойған кесім емес. Әз-Тәуке ханның тұсындағы әуелгі соғыс ауыр жеңіліспен аяқталса, бұл — екі ғасырдан астам ұзақ, уақытқа созылған ғаламат майданның бір ғана кезеңі: оңалута да, күш жинап серпілуге де мүмкіндік бар еді.

Тәңірі назарынан тастамаған Қазақ Ордасы толық бір мүшел — он екі жыл тыныс алады. Бүкіл алты алаштық сүйегін қорлап, намысын таптаған, көрешек күнін белгілеп, ажал сағатын ескерткен Ғалдан-Бошүқты хан өз халқының тағдыр-талайы шешілер ұлы іске — бүкіл моңғол жұртын қайта ұйыстыру жолындағы күреске бел буды. Халхаға асты, Қытаймен соғысты; Дүрбін-Ойраттың жарым әскері жорыкқа кеткен, ұлыс ішіндегі саяси ахуал толқымалы — бірақ Әз-Тәуке қолайлы жағдайды пайдалана алмайды. Ауыр соққыдан ес жиып үлгермеген де шығар, әйткенмеи, он екі жыл — өте ұзақ уақыт.

Әлбетте, 1681-1684 жылдардағы, шартты түрде Сайрам соғысы деп аталуға тиіс ауыр майданнан соңғы тыныс кезеңінде Қазақ Ордасы мүлде әрекетсіз қалған жок, Әз-Тәуке хан ең алдымен ойрат шапқынында ұйпа-түйпа (болған, қанды қырғын мен ойға келмек түтіл, түске кірмеген жәбір-жападан есеңгіреген елдің жалпы ахуалын қалпына келтіруді мұрат тұтыпты. 1698 жылы Дүрбін-Ойратпен арадағы шиеленіс жағдайға қарағанда (Сыбан-Раптан: «Мен қазақтармен соғысуға мәжбүр болып отырмьн», — дейді гженханға ясасаған хабарламасында) ұлыс қайтадан қордаланған, өзінің күш-куатына сенген сияқты.[5, 84б].

Бұл тұста Әз-Тәуке терістіктегі қатерлі әрі құдыретті көрші Ресеймен арадағы қатынас мәселесіне айрықша көңіл бөледі. Осы, аралық кезеңнің өзінде Сібір шегіне бес мәрте елші аттандырыпты. Өз кезегінде орыс өкіметінің елшілерін қабылдайды.

Бірақ жиһангерлік жолындағы өктем саясатқа көшкен Ресей Қазақ Ордасымен бейбіт, достық қатынас орнатуға мүдделі емесін ашық корсетеді; қазақ дипломаттарьн халықаралық жоралғы бойынша қабылдамайды, Сібір өкіметінің орталығы Тобылдан асырмайды, кейбір реттегі де, елшілердің өзін тұтқын ретінде ұстап қалады, жәбір-жапа жасап, түрмеде шірітіп өлтіреді; Қазақ Ордасымен аралықтағы бекініс шептерін күшейте туседі, әрбір қолайлы жағдайда ел ішіне бойлай кіріп, жаңа қоныстар қамтып қалу саясатын дәйекті түрде жүргізе береді.

Осыған орай, елін, жерін қорғаған қазақтардың жекелеген әскери топтары, кейде тұтас жасақтар шекара аймаққа тынымсыз жортуыл жасап отырады.

Ресей Сібір шегіне орнаған 1582 жылдан бастап, бұл тарапта келгінші орыс пен жер иесі қазақ арасындағы тынымсыз қақтығыстар ешқашан толастамаған еді. Біздің ешбір тарихта зерттелмеген осы жанама соғыстар нәтижесінде Қазақ, Ордасы екі жүз жыл бойы өзінің, терістік шекарасын берік ұстап түрды.

Петр Бірінші патша тұсында шығыстағы жаулаушылық саясатын жаңа арнаға түсірген Ресей Әз-Тәуке хан заманында да ауыр жорық жолын емес, бөлшектеп жалмау тәсілін қолданыпты. Бірақ Қазақ Ордасы тұтас түрғанда мұнысынан нәтиже шықпайды. «Түріктің сұлтаны мен қызылбастық шахынан менің қай жерім кем? Ешбір кемдігім жоқ — депті Әз-Тәуке 1694 жыл Түркістанға келген орыс елшілеріне. Ордалы жұрт ешқандай зорлыққа көнбейтінін, ешкімге бас ұрмайтынын ашып айтқан.

Әз-Тәуке ханның өз заманындағы және бұрынғы-соңғы қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі — «Жеті жарғы» аталатын заң жүйесі.

Арыда Шыңғыс ханның «Жасақ» деген үлгілі заң жинағы болды. Алтын Орда заманьнда, ескі негізде, жаңа жағдайға сай Өзбек ханның, Едіге бидің низам жүйелері қабылданды. Қазақ Ордасында Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» деп аталатын, мемлекеттік құрылым жайы, ішкі тәртіп, дәстүр-салт, әдет-ғүрып жөні  баяндалған ұлттық заң жинақтары болғаны мәлім.

Әз-Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сол ежелгі жора түрғысында жасалған, бірақ жаңа заман, жаңа ортаға икемделген айрыкша мәнді құжат болды. «Жеті жарғы» ұлыстық береке-бірлігін сақтауға бағытталған негізгі заң ғана емес, қоғамдық топтар, жеке адамдар арасындағы қатынасты, мінез-құлық ережелерін негіздеген бірден-бір нұсқа, ұлттық сананың, мемлекеттік сананың көрінісі болды.

Әз-Тәуке ханның ішкі саясаты турасында жанама дерек, мәліметтер негізінде ғана белгілі бір түсінік алуға болады. Мемлекетті орталықтандыру ісін күшейтіп, өзінің жеке өкімін арттыру мақсатында Әз-Тәуке ақсүйек-төре әулетін саясаттан шеттетуге тырысады.[6, 135б].

Біздің байыптауымызша, Қазақ Ордасының бұған дейінгі тарихында хан билігі қашанда күшті болған. Ұлыс біртұтас. Төре әулеті — ел ұстаған сұлтандар бодан жұрты қанша мол болса да, бұра тартпаған. Мәселен, Қасым сұлтанның қуаты да, беделі де артық бола тұра Бұрындық ханды ұлық тұтуы, әрқайсысы елу мыңдап әскер ұстаған Жаныш, Таныш сұлтандардьң, жеке хандық құруға ұмтылмауы, Хақ-Назар заманындағы Жалым сұлтан мен ПІығай сұлтанның істері, Тәуекел ханға Шағым, Есім сүлтандардың бас ұруы, Есім хан болғанда, оны Көшек сүлтанның аға тұтуы — мысал көп.

Қазақ сұлтандары бет-бетіне тартты, қазақ ешқашан біртұтас ел болмады деген байлам — ғылыми зердеден ада, иман-ұяты кем, ең бастысы — қазаққа жау пиғылдығы дүмшелер ойлап тапқан өтірік. Әлбетте, қай заманда да өз түғырын биіктеткісі келген түлғалар болған, мәселен, Катаған Тұрсын ханның оқиғасы; бірақ бұл — бас билікке таласу емес, дербес билікке ұмтылу, әрі тарихымыздағы шетін құбылыс. Көне түрік заманынан бері қалыптасқан, билік ағадан ініге көшетін хан сайлау дәстүрі бұзылмаған кезде Қазақ Ордасында таққа талас тумаған. Және хан билігі айрықша құрметтелген.

Осы тұрғыдан алғанда, сұлтандардың шетке қағылуы — тосын жағдай.

Әз-Тәуке хан алты алаштын, тізгінін алты биге устатады, ХҮІІІ ғасырдың бас кезіндегі дерек бойынша, Ұлы Жүзде Үйсін Толе би, Орта Жүзде Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде Алшын Әйтеке би, Қырғызда Қараш би, Қарақалпақта Сасық би, Құрамада Мууамед би отырады. Сырттай қарағанда өте қолайлы әрі үтымды көрінгенімен, ақыр түбінде бұл боліс Қазақ Ордасынық біржола ыдырауына жол ашты. Сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде алты ұлыска бөлінгенен соңғы жерде үш жүздің ара жігі айқындалды, қалған үш алаш өздерін дербес ұлыс, федерация кұрамындағы жат жүрт деп сезіне бастады. Уақыт оза келе, әкімшілік жөні ежелгі арнаға оралды — үш жүздің әрқайсысының, билігін төре әулеті қайтадан жеңіп алды және жаңа жағдайда өздерін хан деп жариялауға тиіс болды,

Тәукеден бүрынғы кезеңде белгілі бір сұлтанның ұлысы рулық қана емес, территориялық белгі бойынша да кұралған сияқты. Мұның айқын мысалы -— кейінгі тарихшылар Кіші Жүз ханы деп есептейтін Әбілқайырды да қарауында Орта жүзге тиесілі бірталай рулардың болуы, сондай-ақ, Орта Жүз ханы Сәмекенің қол астына кейбір Кіші Жүз руларының енуі; тіпті, берідегі Нұралы хан түтас Кіші Жүзге емес, соның азғана бөлігіне және Орта Жүз санатындағы біраз руға билік құрды. Яғни, әуел баста Жүз — толық мәніндегі ұлыс емес, бір замандағы рулар бірлестігінін, көлеңке-көрінісі ғана болған. Қазақ Жүздерінің ұлыс ретінде іргеленуі — Тәуке заманынан бастап өріс алса керек. Кейін хан билігі кеткен заманда туыстықты білдіретін тұрақты үғымга айналған.

Бұрынғы, сұлтандар әміріндегі үлкенді-кішілі көптеген иеліктердің, ыдырап, қайта қосылып, ресми түрде үлкен-үлкен алты ұлысқа жіктелуі, ең бастысы — бұл ұлыстарда сол рулардың өз ортасынан шыкқан билердің өкім жүргізуі Әз-Тәукенің әмірін арттырған жок, Керісінше, ханнан, хүкімі азайды.

Бұрын қандай да бір елдің (ұлыстың, рулар бірлігінің) басында жалпы қазаққа ортақ төре тұқымы отыратын, (Бұл жүйенін, қаншалық ұтымды, әрі өміршең екендігіне кейін, Жоңғарға қоныс аударған Абақ керейлердің Әбілпейіз әулетінен әмірші шақыртып алуы, Жайықтан Ноғай тарабына қайта өткен Кіші Жүз руларының Бөкей сұлтанды хан көтеруі, XIX ғасырдың алғашқы жартысында Ұлы жүзде Абылай ұрпақтарыньң төрелік құруы айқын мысал). Әділдігі жетпесе, акылы жетпесе, биліктен айрылады, қорқау, тасыр болса, «Хан талау» дейтін занды дәстүр бойынша жазаға тартылады. Көне замандардан қалыптасқан: «Түріктің қағаны халқының қамын ғана ойлайды» деген үғым-түсінік қазақтық барлық төресіне қатысты болатын: әрі нұсқау, әрі аманат, міндет.

Әз-Тәуке ежелгі дәстүрді бұзды. Билікті биге берді. Нәтижесінде, ру көлемінен озып, ұлыс көлеміне жеткен үлкен саяси күшке айналған билер уақыт оза келе өзі ортасынан   шыққан   рудың,   ұлыстын,   мүддесін   көбіре күйттейтін болды, хан жарлығын жүре тындайтын болды.

Жауынгер сұлтандар ұлыс тұтқасынан алыстағаннан соңғы жерде Қазақ Ордасының әскери қуаты күрт кемігені байқалады.

Әлбетте Әз-Жәнібек ханның бүкіл Қазақ Ордасын иығымен көтерген арыстан тоғыз ұлы, Тоғым ханның сол Орданың болашағы жолында қаза тапқан қабылан тоғыз ұлы сияқты, ақылына қайраты мен жүрегі сай өзгеше тұлғалар сирек туады. Төренің бәрі тегіне тартпайды. Сондай-ақ қазақтағы «қарадан хан шықты» деген сәздің де өзіндік мағынасы бар. Бірақ тектінің бәрі, біліктінің бәрі мансапқа жете бермейді.

Тәуке хан Қазақ Ордасында соңғы тыныштық жылдарда қалыптасқан әлеуметтік ауқымға ресми түрде рұқсат берген болуы да. Онда бұл — күрессіз, талассыз жүзеге асқан, әміршінің орталық өкіметті нығайту, сол жолда болашақ үміткерлердің, алдын кесу турасындағы жаңсақ ұғымымен орайлас келген, саналы, қалаулы шешім, қапыл іс.

Қайткенде де Тәукенің жүгі ауыр еді. Орданы бұлғақ жайламаса да, ежелгі бірлік азайған, қалыпты билік те кеміген. Рубасы ірі феодалдардың, мал байлығымен, немесе ағайын-туыстық көптігімен үлкен қуатқа жеткен шонжарлардық хан ықтиярына көне қоймайтыны туралы деректер сақталған. Бұл — Тәуке хандығыньң 15-30-жылдары; сыртқы соғыстағы ауыр жеңілістерден соң, ұлыстағы бас қолбасы болып есептелетін ханньң бар беделден айрылуының нәтижесі.

Рас, бұған керісінше, Қазақ Ордасының сырттай болса да тұтастығын жоғалтпауы — Тәукенің беделі мен білігінің арқасы деп пайымдайды көпшілік зерттеушілер. Солай дейік. Бірақ талассыз ақиқат бар: кемеңгер әмірші болмасты болдырып, қисынсызды қиыстыруы керек. Көсемге жүктелер міндет өзгеше. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген ежелгі мақал — биік талаптың бір ғана көрінісі. әмірші барды ұқсатуымен ғана бағаланбайды.

Әз-Тәуке хан түсындағы еқ үлкен ұтылыс — Қазақ Ор-дасының әскери құрылымы мен шаруашылық жайын тотенше ахуал, жаңа жағдайға орай жаңаша ұйымдастыру ісінің мүлде тоқырауы. Бұл жалғыз Тәукенің емес, сол замандағы бүкіл қазақ әміршілерінің бәрінің мойындағы кінә.

Әрине, Әз-Тәуке де, ұлыста өкім жүргізген басқа шонжарлар да Жоңғар қаупін айқын сезінді, күрес қажетін, жаппай көтерілу керегін білді. Біле тұра Дүрбін-Ойратты тоқтатар ешқандай амал таппағанын көреміз.[7, 316б].

Деректерге қарағанда, Тәуке хан сексен мың әскер шығара алады екен. Мұның өзі көтеріп айтылған сөз. Қазіргі заман демографтары ол кездегі қазақтың, саны екі жарым миллионға жуықтады деп есептейді. Мүмкін, одан да коп болған шығар. Үлкен ұлыс құрамындағы қырғыз, қарақалпак, құраманы қоссақ, үш миллионнан еркін аспақ, Көшпенді жұртта бестің бірі, тіпті, төрттің бірі жарақ асынған жауынгер саналады. Ескі тарихты зертте-ушілер әскер санынан халық, санын, халық санынан әскер санын шығара береді. Қазақтың Қасым ханының үш жүз мың әскері болғаны — нақты дерек. Сол замандағы Қазақ Ордасының халқы бір жарым миллионға жуықтады деген сөз. Салқам Жәңгір хан 1644 жылы күзде Ауғанстанға көмекке жүз мың, әскер аттандырған еді, Бұл — он сан қазақ қосындарының, бір ғана бөлігі болатын.

ХҮІІғасырдың соңы, ХҮІІІ ғасырдың басында, Қазақ Ордасы үшін ең қатерлі кезеңде үш миллион халықтан тым құрса үш жүз мың әскер жасақтай алмау — Орданы әскери ахуалының мүлде кері кеткенін көрсетеді. Жауынгерлік, ерлік заманында, бәлиғатқа толған, түғырдан таймаған кез келген еркек жарақшы саналса, енді сол шамадағы бақыр бастының бесеуінің бірі ғана қару көтеруге жарағаны, қалған төртеуі аяқ босатар, мал қайырар қарауыл ғана.

Бұл кезде Дүрбін-Ойраттағы жағдай мүлде басқаша еді Барлық жұрты бір миллионға еркін жетпейтін Жоңғарды әскерін ешкім санаған емес. Жарағын тастамай, бел шешпей, үнемі ат үстінде жүрген шерігінің өзі жүз мыңнан астам. Халқы қазақтан үш есе кем, әскері әлдеқайда көп, Бірақ бар мәселе санда тұрмаған. Айырма бір жарым-екі есе. Ең үлкен артықшылық — сапада болатын.

Бірме-бір келсе, қазақ аламаны мен қалмақ.шерігі шамалас, тепе-тең түсер еді. Бірақ мыңға мың келгенді қалмақ қазақты түріп шығатын. Күшінің, әдіс-айласыны басымдығынан емес, қарымының ұзындығынан. Бұл кезде ойраттардың ең басты қаруы — найза мен садақ емес, мылтық пен зеңбірек болатын. Екі жүз жылдық соғысты жаңа кезеңінде, Әз-Тәуке ханның тұсында ойрат әскері оқ қарумен жарақтану ісін біршама жүзеге асырып үлгерге екен.

От қаруға алғаш жеткен — қалмақ емес, қазақ еді. Тәуекел хан мұрат тұтқан іс Есім хан тұсында жүзеге аса бастады. 1644 жылы жазға салым, Батұр коңтажымен ара да болған атақты соғыста Салқам Жәңгірдің от қарумен жарақтанған алты жүз атарманы ұрыс тағдырын шешкені тарихтан кеңінен мәлім. Қазақтардың мылтықты жасағы осы алты жүзбен ғана шектелді ме? Кесіп айту қиын. Ол заман-да алты жүз мылтықтьң өзі ауыр күш, мұншама қаруды қолға түсіру, оны қолдана алатын соншама кісі табу — оңай шаруа емес. Іске қосылған алты жуз мылтық — алпыс мың әскерге татиды. Бірақ қолайы келіп, сәтті басталған және үлкен нәтиже берген озық бағдар Салқам Жәқгір хан дүниеден көшкеннен соңғы жерде мүлде аяқсыз қалғанын көреміз. Бар мылтық жоғалмаған, әрине. Бірақ сонық санын көбейту, таза от қарумен жарақтанған әскер құрау ісі мүлде ұмытылады. Тәуке хан заманындағы, одан соңғы кезеңдегі қалмақпен соғыс шежірелеріне қарасақ, ескі шиті мылтық жекелеген адамдардың ғана қолында жүргенін көреміз, қазақ аламанының негізгі қаруы — найза мен кылыш, садақ санаулы ғана. Осы ескі жарақтарды қолданудың өзі бұрынғы деңгейде болады дер едік.

Салқам Жәңгір хан жауын күркіреткен қырғыннан соң Дүрбін-Ойрат жаңа қаруға жаппай құмартады. Және бұл жолда малды да, жанды да аямағанын көреміз. Ресейдің Жоңғармен шекаралас Кузнецк, Краснодр, Минусин өңірлерінен сатып алады, айырбастап алады, тартып алады. Көп ұзамай мылтыкты қолдан соғып, оқ-дәріні өздері жасауға жетеді.

Қалмақ шерігі от қарумен қашан, қаншалық мөлшерде жарақтанғаны туралы нақты дерек жоқ, Алайда, бұл тараптағы серпіліс өте шүғыл және айрықша нәтижелі болғаны анық аңғарылады. 1690 жылы ойрат-қыітай соғысы басталғанда, Ғалдан-Бошүқты-ханньң кем дегенде жарым жасағы мылтықты болған. Олоғойдағы ұрыс қалмақтардың жаңа қаруды еркін әрі молынан игерумен қатар, осыған сай, шайқас тәсілдерін де жаңғыртқанын көрсетті.

Ойрат шерігіндегі от қарудың саны туралы біршама мағлүмат беретін нақты бір дерек — жеңіліске ұшырып, әскер тозған кезде, Қобдадағы ең соңғы ұрыс алдында Қалдан-Бошұқтының бес мың шерігі болыпты, соның екі мыңында мылтық бар екен, бес адамньң екеуі деген еөз. Немесе, онның төрті.

Қайратты, жаужүрек қалмақ қосындарының Ұлан-Пұтүндағы төрт күндік қырғын майданда сағы сынуының ең басты себебі — Мәнжу-Цин әскерінің үш есе көптігі емес — қалмақтар жауының қара құрым көптігін ұрыс бастал-майтұрып-ақ білген, қалмақтың жүрегін шайлықтырмаса да, тобын оздырған «үлкен мылтық»  қытайдын, нешеме жүз ауыр зеңбірегі.

Ұлан-Бүтүндағы, Халханың тағдырын шешкен, Ойраттың ажал сағатын жақындатқан зор майданнан соң Жоңғар  әскері  зеңбірекпен  қарулануды  армандапты. Уакыты келгенде оған да жетеді.

Бір сөзбен айтқанда, жүз отыз жыл бойы қазақтың қайқы кылышы қидалаған ойрат жұрты әуелі бірлікке келіп, білекті болады, содан соң жаңа өнер тауып, білігі асады, нәтижесінде ежелгі жаумен арадағы шешуші май-данда айқын басымдыққа бет қояды.

Сайрам соғысынан, оның ізін басқан шұғыл жорықтан соң арада толық бір мүшел өткенде, жаңа бір соғыс өрті тұтанады. Тұтанбауы мүмкін емес еді. Екі жақтың да сылтауы көп, себебі біреу-ак, — Орталык Азиядағы озара бақастық,  қазақтар қарымта қайыруды ойлайды, қалмақтар біржола бұқтырғысы келеді.

Бірақ Қазақ Ордасы қолайлы кезенді өткізіп алған. Тым құрыса, бұдан үш-төрт жыл бұрын, Халхадағы зобалаң бүкіл ойраттың еңсесін жаныштап отырған, Сыбан-Раптан әлі берік бекімеген кезде бастаса, бәлкім әлденедей бір нәтиже шығар еді. Ендігі үміт ақталмайды. Қоңтажы Сыбан-Раптан 1698 жылы жазда мыңдық қолмен Қазақ Ордасының шегіне басып кіреді. Қазақ қосындарын талқандап, Шу аңғарында, Талас бойында отырған елді ойсырата шауып, қарулы, қарусыз мыңдаған адамның қанын төгіп, он мындай тұтқын, қаншама мал-мүлікпен еліне оралады.

Билігі күшейіп, абыройы асқан, халқынын, куатына сенген Сыбан-Раптан енді бар назарын шығысқа бұрады, кешегі Ғалдан-Бошүқты ханның тұсында Қытайға кеткен қоныстарды кайтарып алу жайын ойластыра бастайды. Ежелгі моңғол жұртын біржола жуасытуды өмірлік мүраты санаған еженхан Сюань Е 1703 жылы өзінің дәрігейіндеғі ұлықтармен өткізген бір кеңесінде: «Сыбан-Раптан тым асып кетті; қазақтарды жеңгеннен бері шектен шығып, біздің өзімізге сес көрсете бастады, сабасына түсірмей болмас», — депті. Ойрат-қытай соғысы қайта түтанады.

Еженхан    екі    жүз    мың    әскер    шығарыпты. Қалмақтардың негізгі күші шығысқа, кытай майданына тогіледі, Екі елге де үлкен салмақ түсірген жойқын соғыс еженхан Сюань Е дүние салған 1722 жылға дейін бір тола-стайды. Мәнжу-Цин армиясы ауыр жеңілістерге ұщырайды. Тибеттен айрылады, енді, Халха бүлінеді, қалмақтар Көкүнорға түседі деген қауіп туады.

Ақыры, саны мол қытай 1719 жылы Тибетке жүз мыңдық жаңа жасақ аттандырады, келер көктемде ойрат-халха жүртының дін ордасы қайтадан еженханның дәргейіне көшеді; қалмақтар Хами мен Тұрфанды тастап шығады, басқа тараптан да ығыстырыла бастайды.

Алайда, түгелге жуық мылтыкден қаруланған, саны әлденеше есе артық, мыңдаған зеңбірегі бар цин әскерлері айқын басымдыққа жете алмайды, кең даладағы ашық соғыста үнемі ұтыс тауып отырған Дүрбіт-Ойрат өзінін, тәуелсіздігін сактап қалады.

Негізгі күшін шығысқа бағыттаған Сыбан-Раптан батыста, Қазақ Ордасымен шектесер аймақта отыз мың шерік қалдырған екен. Әуелгі кезенде бұл тарапта ешқандай ұрыс қимылдары болмайды. Тағы бір мүшел тұтас он екі жыл тыныштықта өтеді.

Әлбетте, қалмақ қатер күтеді, батыс шекараны берік үстап тұрудан бөтен мұраты болмайды. Бірақ әлде тауаны шағылған, әлде Дүрбін-Ойраттағы ахуал, Қытаймен арадағы соғыс турасында бейхабар қазақ ереуіл деп шығар сықай танытпайды. Бұл теке тұрыс қалмакқа сенім береді, жақа шапқынға жөн сілтегендей болады.

Дүрбін-Ойрат тарабынан қайтадан қатер туғанын андаған Тәуке хан 1710 жылы Қарақұмда бүкіл Қазак Ордасының құрылтайын шақырады. Құрылтай өткізу — бұрынырақ белгіленсе керек, алайда, дәл осы кезде жаңа шапкыншылық басталады.

Алты алашты тағы да үрей буған сиякты. Кей біреулер Жоңғарға бас үру, қоңтажының бодандығын қабылдау туралы, кей біреулер түп көтеріле кошу, қалмақ құрығынан аулақтау туралы сөз қозғайды. Бірак, көпшілік қауым ойратпен ақырғы тамшы қан қалғанша соғысу керек деген пікірде болады. Осы шешімге токтасады.

Бас қолбасы болып Бокенбай батыр сайланады. Қазақ Ордасының тарихында тұңғыш рет ұлыс тағдыры ханға емес, сұлтанға емес, қара қылыш батырға тапсырылады.

1710-1711 жылдардағы дүрбелен майданда Бөкенбай батыр бастаған қазақ әскері калмақтарды тойтарады, келесі 1712 жылда ойрат ұлыстарының шегіне басып кіреді, біраз қоныстарын қайтарып, үлкен жеңіске жетеді.

Келер жылы қалмақтар жаңа жорық ұйымдастырады. Қазақтар ел ішіне енгізбей, жауды серпіп тастайды. Енді Дүрбін-Ойрат шығыс майданнан жаңа қосындар түсірсе керек, 1714 жылы Қазақ Ордасы кезекті ауыр жеңіліске ұшырайды. Бұл алмағайып замандағы ойрат-қазақ майданының сыр-сыпатына бажайлай қарасақ, қалмақтардың тереңнен тартқан жүйелі жоспарды тегеурінді соғыс қимылдары арқылы нақты жүзеге асырып отырғанын кореміз. Әрбір жорық, әрбір ұрыс үлкен істің, түпкі мүраттың бір бөлшегі ғана. Ал қазақтардың барлық әрекеті қарбаласта отеді, күрес стратегиясы табылмаған, серпін бар, дүркіндік жоқ; бұғаудағы бүлқыныс, бауыздау алдындағы жанталас сияқты әсер қалдырады.

Алты алаш торт ойраттың ішкі қалпы, сыртқы ахуалы турасында мүлде дерлік бейхабар болса, Сыбан-Раптан Қазақ Ордасының әскери тұрпатын ғана емес, ішкі саяси жағдайын да жаксы танып білгені корінеді.

1715, кейбір деректерде 1718 жылы Әз-Тәуке хан дүние салды. Ауыр жеңілістерге ұшырап, аруағы қашып отырған жұрт Тәукенің інісі қартақ Қайып сұлтанды хан котереді. Қайып ханның беделі Әз-Тәукедей болмады. Алаш ұлыстарының дербестігі сөзден іске кошуге айналды. Әсіресе, хандық мәртебеден үміткер болған Әбілқайыр сұлтан асаулық танытты. Әбілқайыр ресми құжаттарда озін сұлтан атап, Қайыптың, біртұтас Қазақ, Ордасының ханы екенін мойындап, оның әміріне бас ұратынын мәлімдесе де, шын мәнісінде зор билікке жеткені корінеді. Ешбір ұлысқа котерілмесе де, бұл кездегі деректердін, біразында хан аталады.

Ел ішіндегі саяси-әлеуметтік жағдай қандай болса да, Жонғар кауіпі жақа әрекет керегін үмыттырмаған, 1717 жылы Қайып хан мен Әбілқайыр сүлтан Қазақ Ордасының отыз мың әскерін бастап, Дүрбін-Ойратқа қарсы атта-нады.

Әжептәуір дайындалған, үлкен үміт күткен жорық болса керек. Іздеген жауымен Аягөз өзенінде беттеседі. Мылтыкден қаруланған, озеннің, арғы бетінде шеп ұстаған мық қаралы қалмақ ұзақ .күн бойы қазақтарды тоқтатып түрьпты. Кеш бата қалмақтар ағаш жығып, бекінісін нығарлай түседі. Қаэақтардың бір бөлігі жоғарырақ түста озеннен өтіп, олар да шеп кұрады. Қалмақтарға комекке тағы мық жарым адам келеді, Екінші күн де алыстан атыс үстінде өтеді. Үшінші күні тақ бозында арттан ойраттық қалық әскері жетіпті.

Тың күшпен басталған тегеурінді шабуылда озеннің екі жағасындағы қазақтар да туталақай болады. Жаппай дүркіреп қашқан дұшпандарын қалмақтар жарты күн бойы кудалап, қырып-жойыпты.

Дарынсыз Қайып пен өркөкірек Әбілқайыр бар әскерінен айрылып, сопа бастары ғана құтылады, Ордаға келгенде Қайып ханның қасында екі-ақ кісі бар екен дейді.

Келесі, 1718 жылы жоңғарлар кең көлемді майдан ашады, қазақ, жасақтарын Арыс, Бөген, Талас өзендерінің бойында әлденеше мәрте ойсырата жеңіп, бүкіл Оңтүстікті ойрандап кетеді,

Үлкен жеқіске жетіп, мерейі асқан қалмақ косындары — негізгі күші шығыс майданда шайқасып жатқан Дүрбін-Ойрат әскерінің бестен бір бөлігі ғана болатын. Өзара жау екі ұлыстың, қарулы күштерінің ара салмағына айқын мысал. Соңғы қырық жылда, бір күнде емес, бірте-бірте қалыптасқан ахуал.

Өзінін, ойсыз ісі, сүреңсіз мінезімен алаш ұлы қорлық күнді, құлдық заманды, бәлкім жер бетінен біржола өшер ажал сағатын бүрынғыдан әрмен жақындата түскенін көреміз.

1718 жылдың аяғында талайсыз Қайып хан шәйіт болған. Алты алаштың осыған дейін жарытып жұрт ұстай алмаған игі жақсылары жау иектеп, халық қалжырап тұрған алмағайып заманда теріс тандау жасайды — ата даңқына бас ұрды ма, басқаға қимады ма, әлде қауқарсыз ханның сыртынан билік жүргізу оңай деді ме — Әз-Тәукенің дарынсыз да жігерсіз ұлы Болатты ақ киізге көтереді. Осылайша кезінде ыдырап бара жатқан халықты бір орталыққа түйіп ұстаған Тәуке заманы енді келмеске кетті.
Тағы рефераттар