Таза монополия жағдайындағы фирма туралы қазақша реферат
Тарихи логика тұрғысынан жетілген бәсекелі рынокты талдаудан кейін жетілмеген бәсекелі рынокты зерттеуге көшу қиын емес еді. Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекі үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Д. Робинсон, Д. Хинс және тағы басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.
Мононполияны талдауда «монополия» ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» — біреу, «полео» — сатамын) шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.
ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Біріақ, бұл тауар не тауар? Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.
Сондықтан «Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі бір үлесі бар екенін ұмытпау керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, «жетілмеген бәсеке» (П.Самуэльсон), «баға іздеуші» (П.Хейне).
Жетілген бәсеке және «таза» абсолютті монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктык жағдайды бейнелейтін теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдасын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.
«Таза» монополияның абстрактілі жағдайлары мынандай маңызды сипаттармен ерекшеленеді.
- Монополистік деген жақын субституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды.
- Монополистік – сатушы рыноктық қатынастарға – тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынандай: егер моноплист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. Өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты. Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.
Жетілген бәсекеде фирма (өндіруші) рыноктық бағаға әсер алмайды. Баға деңгейіне бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы – монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұндайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайды деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынандай заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шартылықта) төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер «таза» монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан бәсекелестерінің оның тауарларының субституттарын өндірушілердің тынысын сезінеді.
Олигополия рыногы мынандай типке бөлінеді: бірінші түрдегі олигополия үлкен мөлшердегі кәсіпорындары мен біртекті өнімді салалары жатады. Екінші түрдегі олигополияға дараланған тауарлар сататын бірнеше сатушылар жатады. Дараланған өніммен монополистік бәсеке рыногыгда сатып алушы тауардың бір түрін таңдайды, оны нақ осы сорты, сапасы, сатуға дайындалуы, сауда маркасы, қызмет көрсету деңгейі және тағы басқаларға назар аударады. Өнімнің даралануы тұтынушыға көрсетілген игіліктер мен қызметтерде біртектіліктің жоқтығын білдіреді. Бұл жәй ғана айырмашылық, мысалы, автомобилдің түсінде немесе олардың маркасында емес. Тіпті бір сорттағы банкідегі сыра тұтынушының көзқарасы тарапынан даралануы мүмкін. Мысалы, егер сатып алушы бұл сыраны сымбатты сатушысы бар дүкенен сатып алуға әдеттенсе, онда басқа дүкендегі осындай сыра оны қызықтырмайды.
Тағы рефераттар
- Сульфат целлюлозаны жуу және тазарту технологиялық процестерін автоматтандыру
- Жүк тасымалдаудағы кеден режимінің түрлеріне сипаттама (17 түрлі)
- Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің пәні
- Өзара әрекеттестіктегі тұлғалық қатынастар
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі