Тілі жоқтың тегі жоқ,
Тегі жоқтың елі жоқ.
Тектен нәр алған тозбайды.
Шұғаның қиқымы да шұға.
Үлкеннен өнеге,
Кішіден ізет.
Көргені жақсы көш бастар.
Дөңгелектің шегі жоқ,
Көргенсіздің тегі жоқ.
Көп беріп көргендінің қызын алсаң,
Тік тұрып мейманыңа қызмет етер.
Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң,
Қойныңа бір жатқанын міндет етер.
Өлгенді қадірлемесең де, жәбірлеме.
Жақсы ағаның жолын кеспе, жолын қу.
Жас баланың жолын кеспе, белін бу.
Тура қарап отырып, қырын ойлама.
Жабыдан тұлпар шықпайды,
Тексізден текті тумайды.
Тегін білмеген теріс бағады.
Тексізді төрге шығарма.
Тағы рефераттар
- XІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Кіші жүз қазақтарының сауда-саттық кәсібі
- Тәрбиешімен ата ана бірлесіп мерекелік кештерді ұйымдастыру
- Домбыра көшпелі елдің көне өз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі
- Көркем-шығармашылық қабілеті: іс-әрекетте қалыптаса ма, әлде одан пайда бола ма (шыға ма)?
- Ауыл шаруашылығын мемлекттік реттеудің негіздері