Теломералар төмендегідей қызметтер атқарады:
1.Механикалық қызметі:
a) Теломералар хромосомаларды ядро матриксіне бекіндіреді.
b) Теломералар хромосома хроматидаларының ұштарын бір – бірімен тіркестіреді.
2. Тұрақтандырушы қызмет:
a) Жасушада теломераза болған жағдайда, терамералар ДНК – ның кодтаушы бөлімін толық репликацияланбаудан сақтайды.
b) Егер жасушада теломераза болмаса, онда ол үзілген хромосома ұштарын қалпына келтіріп тұрақтандырады.
3. Гендердің экспрессиялануына әсер етуі.
Теломераға жақын орналасқан гендер экспрессиясы төмен болады (репрессияланған). Мұны транскрипциялық үнсіздік немесе сайлингсинг деп атайды. Теломердің айтарлықтай қысқаруы оларға жақын орналасқан гендерді активтендіреді, мысалы Rap 1 не TFR 1 гендерінің активтенуі.
4. « Есептеу» қызметі.
ДНК – ның теломерлік бөлімдері теломеразасыз жасушаның бөлінуін есептеп отыратын репликометр болып табылады. Жасуша үшін оның қанша рет бөлінгеніне қарағанда, теломера ұзындығының сындарлы деңгейіне жеткенге дейін қанша рет бөлінуінің қалғаны маңыздырақ. Сондықтан да теломера жасушаның теломерасыз қанша рет бөліне алатынын есептейтін құрылым болып табылады.
Теломера ұзындығы сындарлы деңгейге жеткенде ол өзінің жоғарыда аталған қызметтерін атқара алмайды. Нәтижеде жасуша циклы бұзылып, жасуша өледі.
Сондықтан да, барлық жасушаларда немесе тек эмбриональдық жасушаларда, ДНК — ның толық репликацияланбаған учаскілері қалпына келуі қажет. Бұл қызметті ерекше фермент теломераза атқарады.
Тағы рефераттар
- Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары
- Өнімдер мен тауарларды өткізі шығындарын құжаттармен рәсімдеу және есепке алу
- «Строймонтаж-Кызылорда» ЖШС-нің қаржылық – экономикалық сипаттамасы
- Қор биржалары түсінігі
- Бюджеттік құқық – Қаржылық құқықтың құрамды бөлігі курстық жұмыс