Технологиялар туралы қазақша реферат

Ғылымды дамыту

Ғылыми әзiрлемелердiң қажет болмауы, соның салдарынан өнеркәсіптегi инновациялық белсендiлiктiң деңгейiнiң тө мендiгi өндiрiс факторларының өнiмдiлiгiн жоғарылату, нақ ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс есебiнен мүмкiн бола тұра, экономиканы реформалаудағы ғылым рөлiнiң жете бағаланбауынан туындап отыр.

Дамыған индустриялық елдермен салыстырғанда Қазақстандағы ғылымның дамуының қағидатты ерекшелiктерi бар. Дамыған елдерде iргелi және қолданбалы зерттеулердi қаржыландырудың жыл сайын ұлғаюы, ғылымның жеке сектормен ықпалдасуын ынталандыру есебiнен жаңа жетiстiктердi жеделдете игеру, ғылымның корпоративтi секторын құруға және дамытуға жан-жақты жәрдемдесу, маңызды экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге ғылыми-техникалық әлеуеттi бағдарлау байқалып отыр. Атап айтқанда, 2000 жылы ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелерге арналған мемлекеттiң шығыстары: АҚШ-та 246,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,9 %), Жапонияда 94,2 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 3,0%), Германияда 45,8 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,35%), Францияда 28,0 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 2,25 %), Швецияда 7,6 млрд. долларды (IЖӨ-нiң 4,0 %) құраған. Еуроодақ өз мүшелерiне ғылымға арналған салымдар деңгейiн ІЖӨ-нің 2,5 %-iне дейiн жеткiзудi ұсынып отырғанын атап өту керек.

Қазақстанда соңғы бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3 % деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру қажет.

Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.

Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.

— Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары:

— Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының бiрi ретiнде ғылымды айқындау;

— жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;

— ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен ынталандыру жүйесiн құру;

— жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру (сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды ынталандыру);

— ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;

— кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен аттестаттау;

— ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;

— ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;

— талантты жас ғалымдарды қолдау;

— мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өткiзу;

— грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау мен жетiлдiру;

— қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа интеграциялануын қамтамасыз ету.

Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық саясатты барабар ғылыми қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

 

Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат

Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесiнде инновациялық қызметтiң түпкi нәтижелерi — өндiрiс тиiмдiлiгiн арттыру, еңбек өнiмдiлiгi мен капиталдың өсуi, жоғары технологиялы өнiм көлемi — елдiң экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл берiледi.

Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндiрiстердi ұйымдастырудан көрiнiс табатын жаңа iлiмдер үлесiне ІЖӨ өсiмiнiң 80-нен 95 %-iне дейiн келедi. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгiзу нарықтық бәсекелестiктiң өзектi факторы, өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негiзгi құралы болып отыр.

Қазiргi уақытта ғылымды көп қажетсiнетiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiк мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты еңсеруге, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.

Ғылыми техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiссiз қалып отыр және тиiсiнше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-тi құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.

Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.

Шағын кәсiпкерлiктi iрi кәсiпорындармен бiрiктiру (кооперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектiлерiнiң негізгi қызметiне қатыссыз қызметтер көрсету жөнiндегi функцияларын шағын бизнес субъектiлерiнiң бәсекелестiк ортасына беру тетiгiн әзiрлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстердi, оның iшiнде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу және шағын және iрi бизнестiң франчайзингтiк қатынастарының кең таралуы есебiнен дамыту үшiн жағдай жасау керек.

Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдамаға жiберу және отандық кадрлар даярлау үшiн республикаға жоғары бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.

Қазақстандағы ғылымның қазiргi таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзiрлемелер мен қажетсiз өндiрiстер санының көптiгiмен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметтi дамытудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болуы тиiс.

Зияткерлiк меншiктi пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметтi дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мүдделерiнiң теңдестiру есебiнен зияткерлiк меншiктiң тиiмдi шаруашылық айналымы зияткерлiк меншiк жемiсiне сұраныс пен ұсыныс бiрлiгiн, ғылыми-техникалық зерттеулердi дамытуды, оларды өнеркәсiпте iске асыруды, бәсекеге қабiлеттi жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндiрiсi мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (ө cipу) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiретiн алдыңғы қатардағы елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде де iске асырылады.

Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары:

— мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiк қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

— инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;

— инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салааралық, салалық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құру енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

— инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;

— өнеркәсiптiң базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптacтыру;

— технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;

— отандық кәсiпорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуiн жандандыру;

— халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-кредит және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.

 

Көлiктi дамыту

Көлiк саласындағы басты мiндет көлiк инфрақұрылымы дамыту факторын шектейтiн жағдайларды болдырмау мақсатында елдiң жедел экономикалық дамуына сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетiлдiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Елдiң көлiк әлеуетiн барынша дамыту басқа да маңызды мiндет болып табылады.

Қазақстанның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауларды дамытудың басты артықшылығы — бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең жақсы жағдайларында теңiз жолымен жүктердi жеткiзу мерзiмi Берлиннен қытай порты Ляньюнгаға дейiн 20 күндi құрайды, ал темiр жол бұл уақытты 11 тәулiкке дейiн қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екi eceгe азайтады. Экономикалық процестердiң ғаламдануы барлық мемлекеттердiң, субъектiлердiң әлемдiк көлiк коммуникацияларына қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, ел арасындағы өзара тиiмдi сауда үшiн халықаралық көлiк дәлiздерiн ұйымдастыру қажеттiгiн негiздейдi. Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан әрi түзiлген жүйесiне өзiндiк орны бар буын ретiнде кiру айрықша маңызды.

Қазақстан арқылы өтетiн халықаралық көлiк дәлiздерi желiсiн дамытудың қазiргi тұжырымдамасы үш басым бағытқа негiзделедi:

Ресей, Еуропа және Балтық елдерi;

Қытай, Жапония және Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерi;

Орта Азия және Кавказ, Иран және ТҮркия республикалары.

Әрбiр аталған бағыттың жер үстi және су магистралi кешенiн қамтитын қалыптасқан халықаралық көлiк дәлiздерi бар. Олар қазiргi заманғы техникамен жарақталған және халықаралық транзиттiк тасымалдаулардың шоғырлануына арналған. Қазақстанның аумағы арқылы 6 темiр жол, 6 автомобиль және 72 әуе дәлiздерi өтедi. Елдi Тынық мұхит жағалауынан бастау алып, Еуропаның түкпiрiне кететiн Транс-Азия-Еуропалық талшықты-оптикалық желiлер байланысы кесiп өтедi. Оңтүстiктен солтүстiкке бағытталған цифрлық магистраль оны Транссiбiр оптикалық желiлерiне қосып отыр. Елдiң көлiк-коммуникация жүйесiндегi ерекше орын алатын халықаралық көлiк дәлiздерiнде орналасқан екi торабы: елдiң шығысындағы — «Достық» темiр жол өткелi мен батысындағы — «Ақтау» теңiз сауда порты.

Көлiк кешенiн дамытудың мақсаты сыртқы рынокқа отандық экспорттық тауарларды тиiмдi жеткiзу мен оны пайдаланушыларға кең ауқымдағы көлiк қызметтерiн жиынтығын көрсету. Саланы дамытудың басым бағыттары тиiмдi әрi технологиялық жаңартылған көлiк кешенiн құру, транзиттiк әлеуеттi iске асыру болып табылады.

2015 жылға дейiнгi кезеңде көлiк жүйесiн елдiң қажетiне сай келетiн жағдайға келтiру жөнiнде жұмыс жалғастырылуы тиiс. Ол өзiне:

жаңа темiр жол желiлерiнiң құрылысын қоса алғанда, темiр жол тораптарының конфигурациясын жетiлдiрудi, жылжымалы құрамның өндiрiсiне және жөндеуге арналған өнеркәсiп базасын дамытуды, темiр жол тарифтiк жүйесін жетілдіруді;

— мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен жұмысты, жұмыс істеп тұрған құбыр жүйесiн кеңейтудi, пайдалануға беру 2010 жылдан кейiнгi кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық мұнай жолдарын тартуды;

— автожолдар желiсiн салу, кеңейту және қайта жаңарту;

бәсекелес ортаны ынталандыруды қоса алғанда, авиациялық тасымалдауларды және шетелдiк инвестицияларды белсендi тартуды; шетелдiк мемлекеттермен көлiктiк ынтымақтастық туралы келiсiмдер жасасуды қоса алғанда, көлiктiк тасымалдауларды тарту және халықаралық көлiк дәлiздерiн; мультимодальды көлiк жүйелерiн; Каспий теңiзiндегi теңiз көлiгi мен өзен көлiгiн дамытуды қамтиды.

 Темiр жол көлiгi

Темiр жолының ұлттық желiсi елдiң барлық аумағын дерлiк қамти отырып, дамыту мен оңтайландыруды қажет етедi. Сол себептен де елдiң солтүстiгi мен батысын жалғастыратын Алтынсарин-Хромтау тармағының құрылысы басталды. Қазақстандағы «Достық» станциясы, Қытайдағы «Алашанькоу» станциясы сияқты Трансазия және Еуроазия магистральдарының өзектi буыны болып табылады. Осыны ескере отырып, Қазақстан оны қайта жаңартуға және дамытуға үлкен мән берiп отыр. Таяудағы жылдары станциялардың қуатын ұлғайту жөнiндегi кешендi шаралар өткiзу жоспарланып отыр.

Республиканың автожол кешенi Қазақстанның өңiрлерi арасындағы, сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардағы түрлi көлiк түрлерi мен тауар қозғалысы құралдары арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, мемлекеттiң ө мiр-тiршiлiгiнде маңызды рөл атқарады.

Қазақстан Республикасы үшiн жүктер мен жолаушылардың басым бөлiгiн тасымалдауда автомобиль жолдары үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттiк жүктерді тарту мақсатында халықаралық жүктерді және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгiзу, халықаралық автомобиль дәлiздерiнiң сервистiк инфрақұрылымын дамыту және жол қатынастары желiсiн жетiлдiру қажет.

Әуе көлiгi

Республиканың әуе кеңiстiгi арқылы бағыттардың трансазия жүйесi әуе трассаларының желiсi өтедi. Республика арқылы өтетiн транзиттiк ағындардың негiзгi бағыттары Еуропадан Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiне өтетiн ағын болып табылады. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға деген сұраныс әуе қозғалысы басқарудың техникалық құралдарын, навигацияны және байланысты жетiлдiрудi қажет етедi.

Су көлiгiнде Ақтау порты маңызды құрылымдық элемент болып табылады. Ол қазiргi заманғы жаңартылған мынадай инфрақұрылымға ие: темiр жолдар, авто жолдар, жер асты коммуникациялары, айлақтық және мобильдiк крандар және басқалары. Басқа жобаларды iске асыру кешенiнде Ақтау портын дамыту, оның iшiнде арнайы экономикалық аймақ — Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi. ЖҮк ағыны өсуiнiң арқасында портты табысты дамыту, инвестициялар тартуда ынталандыру қызметiн атқарады. Теңiзде тасымалдауды дамыту үшiн «Қазтеңiзтрансфлот» теңiз кеме жолы ұлттық компаниясы (ҰТЖК) құрылды, сол арқылы Қазақстанда өзiнiң теңiз сауда флотын құрудың негізі қаланады.
Тағы рефераттар