Тезей реформалары туралы қазақша реферат
Грекия Балкан түбегі мен Кіші Азияның батыс жағалауында орналасқан. Грекияның өзі Фракия мен Македониядан оңтүстікке қарай созылып жатыр. Грекия үшке бөлінеді: Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Грекия немесе Пелопонесс. Грекия аймақтары тау тізбектерімен бөлінеді. Афины қаласы теңізден 5 шақырым ғана қашықтықта орналасқан, теңізкарақшыларынан сенімді жасырылып, сыртқы қауіптенқорғануы қамтамасыз етілген болатын.
Тезей реформалары. Бүкіл Афин халқын біріктірген Тезей деген базилевс, ол барлық белгілі рулардың басын қосты, Тезейдің саясаты «синойкизм» деген терминмен аталды, бұл сөз «біріктіру» деген мағынаны білдіреді. Гректердің төрт руының қосылуына объективтік себептері бар. Оңтүстіктен гректерге дорийцтардың соғыс ашу қаупі төнген еді. Тезейдің 2 реформасыиан бұрын Афины қалаларық басқару өз бетінше жүргізілді, тек соғыс уақытында болмаса, барлығының бас қосуы сирек болатын. Бүкіл Аттиканыңбірлесуі ХІ-Х ғасырлар. Жаңа бірлескен өкіметтің басында рулардың ақ сүйектері тұрды.
Грекияның халқы: эвпатридтар, геоморлар және демиургтар болып үш бөлікке бөлінді.
Эвпатридтер-ақ сүйектердің балалары, олардың әкесі де, атасы да ақсүйек әулетіне жататын. Ақсүйектерді біріктіретін олардың байлығы, бәрі де ірі жер иелері еді.
Геоморлар — жер иеленушілер де, демиургтар — қолөнершілер. Аттиканың бірігуі және эвпатридтардың күшеюі олардың жаңа органға ұйымдасуына себепболды. Оның аты-Арсопаг, Арес соғыс құдайының аты. Ареопаг Арес тауында жиналды. Бұл кезеңде Афинаның рулық құрылысы өзгеріп, ол енді 4 филаға бөлінді, әрбір фила 3 фратрияға бөлінді, фратрия 30 рудан, бір ру 30 еркек адамнан тұратыи болды. Афина құдайы бүкіл Аттиканыңқұдайы деп саналды.
VIIғасырдаАфины өкіметі 12 навкарияға бөліңді, әрбір навкария соғыс уақытында бір кеме жабдықтайды. Бұл да мемлекет болудың белгісі еді.
Афинадаеңжоғарғы орган болып халық жиналысы саналды. Бірақ оның атқаратын рөлі төмендей бастады да, бірінші орынға Ареопаг шықты. Ареопагты рулардың ақсүйектеріқоялады. Археопагтың қолында сот билігі, әкімшілік билігі, дін әкімшілігі болды. Сотты былай өткізетін: айыптаушы кешірмеу тасына тұрып айыптайтын сөзін айтса, айыпкер өкпе тасына тұрып сөзін айтады. Екі жақ та шындығын айтып тұрғаны туралы құдайға ант береді. Ареопагтың мүшелері өздерінің дауыстарын екі урнаға: қайырым ету урнасына және ажал урнасына бөліп салатын.
Бұрын бүкіл халыққа тиісті күш енді тек қана евпатридтердің қолына кешті де, солардың нарықтық жағдайын қорғады. VIII ғасырда бүкіл Афин аумағы 48 навкарияларга бөлінді, әрбір навкария үкіметке бір кеме беретін болды және архонттармен навкариялар кеңесі деп аталатын жаңадан екі алқа құрылды. Бұл сала аумақтық бөліске жататын дербес мемлекеттік белгіге айналған еді.
Ареопагтан басқа архонттың жаңа қызметі де мемлекет құрамына енгізілді, олар атқарушы үкімет болды. Бұл қызметке алған адамдар 10 жылға сайланатын еді. Уақыт өте келе олар бір жылға сайланатын болды.
Архонттардың саны тоғызға жетті: архонт-эпоним, архонт-базилевс, архонт-полемарх, қалған алты архонт-фесфометтер қызметін істейтін, осы архонттардың бәрі ареопагқа кірді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 621 жылы Афинде архонт-фесфомет Драконт жазған құқық нормалары халыққа жарияланды. Олар тарихқа «драконт заңдары» деген атпен енді де, кейін ол жалпы шектен тыс қатал заңдардың теңеуі болып кетті.
Драконт заңдарының шектен тыс қаталдығы алдымен ұрлық үшін берілетін жазаға қатысты байқалды. Қандай да болмасын ұрлық жасаған адам өлім жазасына тартылатын.
Ұрлық үшін жазалаудың қаталдығы тек Драконт заңдарына ғана тән емес, ол жалпы ежелгі замандағы таптық қоғамның заңдарына тән нәрсе. Ол қауымдық меншіктің орнына келген жеке меншіктің қалыптасу жоне нығаю процесін көрсетеді. Драконт заңдары қанға қан алатын көпшілдікке шек қойды, өлген кісіні жерлегенуақытта моласында найзаны жерге қадаса, өлген кісінің балалары оған жаудан көк алатынан көрсеткені. Бірақ Драконт заңы кісі өлтірушіні азалтауға тыйым салады. Бұл заң қастықпен әдейі өлтіру және абайсыз өлтірудің айырмашылығын айтқындауды қажет деп санайды. Дегенмен Драконттың ауызша қарапайым құқықты қағазға түсіріп жазуы, қанға қан алатыи кекшілдікке шек қойып, жеке меншікті қорғауы, сот ісінің барысын анықтап, айқындауы өз кезеңі үшін прогрессивтік болды.
Заңның қағазға түсіріліп, қабылдануы демос пен евпатридтер арасындағы қайшылықтарды тоқтата алған жоқ. Өйткені ол демостың нарықтық жағдайын қандай да болмасын дөрежеде айтарлықтай өзгерте алмады. Оның бұрынғысынша құқықсыз қалған жағдайы тіпті ескерілген де жоқ. Ал демостың күші барған сайьш арта түсті. Тұрғылықты демос басқа полистерден келген гректермен толықтырылып отыратып.
Тағы рефераттар
- Инновациялық қызметтің және инновацияның тиімділігінің әдістемесі
- Жинак зейнеткерлік корға төленетін міндетті зейнеткерлік жарнасының есебі
- Құжаттардың деректемелерін ресімдеу
- Психологияның ғылымдар жүйесiндегi орны
- Қышқылдық жаңбыр