Жоспары:
Бактерияларды дақылдаудың негізгі принциптері.Колониялар.
Қоректік орта түрлері: а) әмбебап орта; б) арнайы орта; в)дифференциалды диагностикалық орта.
Анаэробты және аэробты бактериялар.
Вирустарды дақылдау.
Қорытынды.Вирусологияны зерттеу әдістері.
Дақылдық қасиет- маңызды диагностикалық белгі болып табылады.Дақылдық немесе макроморфалогиялық қасиеттерге микроорганизмдердің сұйық және тығыз орталарда өзіне тән өсу ерекшеліктері жатады.Бактериялардың өсуі мен көбеюіне температура тікелей әсер етеді.Барлық микроорганизмдер температуралық режимге қатынасына байланысты: психрофильді, мезофильді, термофильді.Бактериялар температураның кең диапазонында көбейе алады (-0 С +90С дейін).
Микробтар тобы |
Микробтар көбеюінің температуралық шектері. |
Тіршілік ортасы |
Психрофильді
Мезофильді
Термофильдіг |
0 – 20
20 -45
45 — 70 |
Суық теңіздерде және мүхиттарда, полярлық мемлекеттер мен мәңгілік мұзды зонада.
Адам мен жануарлар организмінде. Навоз, торф, мақта қалдықтары және т.б. |
Колония – бір жасушадан өскен бір түр жасушаларының даралана жинақталуы (жасуша клоны).Колония сипатының негізгі белгілері:
колония пішіні-дөңгелек (дұрыс),амеба тәрізді (дұрыс емес),ризоидты (тамыр тәрізді).
колония өлшемі-өте ұсақ(диам. 0,1-0,5),ұсақ (1-2 мм),орташа (2-4 мм),ірі (5-тен аса).
колония беткейі – тегіс (S) н/е кедір бұдыр (R),жылтыр н/е күңгірт,құрғақ н/е ылғалды болуы мүмкін
колония рельелфі-қоректік ортаның көтерілуі мен тігінен кескендегі пішінінің контурымен сипатталады.
мөлдірлігі – күңгірт, бұлыңғыр, жылтыр, мөлдір.
колониялар түсі – микроб дақылдары түзетін пигменттерге байланысты немесе пигмент түзбеуіне байланысты.
колониялар шеті – тегіс және тегіс емес.
колониялар құрылымы – өтпелі жарықта көрінеді,пигменттелген колонияларда анықталмайды.
тығыздығы – ілмекпен алу барысында анықталады.
колония иісі – маңызды емес белгісі.Олар тудыратын ассоциациялар субьективті
Колония түрлері:
- Шеттері тегіс, дөңгелек,
- Дөңгелек,дөңес, жылтыр,тығыздығы шырышты,
- Шеттері тегіс емес
- Дөңгелек, шеттері айналмалы,
- Жазық жапырақ тәрізді,
- Бұтақ тәрізді,
- қатпарлы
Қоректік орта түрлері:
Арнайы – негізгі орталарда өспейтін микроорганизмдер үшін қажет.
Дифференциалды-диагностикалық –ферменттілік белсенділігі мен дақылдық қасиеттері бойынша микроорганизмдерді ажырату үшін (Эндо, Плоскирев,Левин,Гисс).
Әмбебап (селективті немесе элективті, жинақтау орталары, дақылдарды сақтауға қажетті орталар)
Аэробты және Анаэробты бактериялар.
Аэробты бактериялардың себінділерін қарапайым термостаттарда өсіреді.
Анаэробтар – оттегісіз жағдайда өсетін жағдайда өсетін микробтар,оларды өсіру үшін белгілі жағдай жасау керек, оның маңыздылығы қоректік ортадан молекуларлы оттегіні алып тастау болып табылады.Зерттелінетін материалдан анаэробтарды бөлуді қамтамасыз ететін басқа міндетті түрдегі шарттардың бірі себілетін материалды қоректік ортаға молынан себу болып табылады.
Вирустарды дақылдаудың ең негізгі әдісінің бірі зертханалық жануарларды жұқтыру әдісі.Көбінде жаңа туылған жануарлар қолданылады,оларға вирустар жұққыш болып келеді.
Тауық эмбрионында вирус дақылын дайындау.Сыртқы орта объектілерінен немесе аурулардан бөлініп алынған вирустарды дақылдау тауық эмбрионында кеңінен қолданылады.
Клетка дақылынан вирустарды бөліп алу.Вирустарды дақылдау кезінде клетканы дақылдау кеңінен қолданылады.Олар әмбебап болып келеді, себебі вирус өзі көбейе алатын қажетті дақылдық ортаны таңдайды.Сонымен қатар, қалыпты клеткалармен бірге қауіпті, ісік клеткалары да қолданылады.
Вирусологиялық әдіс,патологиялық материалдаға вирустарды анықтау.
Сералогиялық зерттеу,қанның сарысуында вирусқа қарсы денелерді анықтау.
Вирустық инфекциялардың экспресс диагностикасы,оның ішінде жылдамдаттырылған және вирускопиялық әдістері.
№ | Әдістер | Зерттеу мақсаты |
1. | Вирусологиялық зерттеу әдісі | Вирустың биологиялы сезімтал объектілерде оны РН,РТГА, РТГадс, ИФА, РИФ, РИА, РСК және басқа реакциялар арқылы ұқсастыру. |
2. | Серодиагностика | Вирустарға қарсы денелердің титрін қос сарысуларда РН, РТГА, РИФ, ИФА, РИА, РСК реакциялар арқылы анықтау. |
3. | Экспресс-диагностика | Клиникалық материал вирустыбөлігін немесе вирус-спецификалық антигендерді РИФ, ИФА, РИА, ЭМ, ИЭМ және басқа реакциялар арқылы анықтау. |
Қолданылған әдебиеттер:
- Ү.Т.Арықпаева «Микробиология және вирусология»
- Борисов Л.Б. «Медицинская микрообиология, вирусология, иммунология»
- Пяткин Е.А. «Медицинская микробиология»
Тағы рефераттар
- Қытай Монғол Империясының билігінің астында
- Шағын бизнес: мән – мазмұны, ерекшеліктері
- Пайдакүнемдік мақсаттағы қылмыстарды тергеу әдістемесі курстық жұмыс
- Сот шешімі
- Қазақ тілі пәнін құзыреттілік тұрғысынан оқыту нәтижелері