Дәріс мақсаты:
- Карталардың аңыздары мен олардың мазмұнын зерделеу
- Топырақ жамылғысын бейнелеу тәсілі
- Топырақтүзуші факторлар мен топырақтүзілімдік үрдістерді есепке ала отырып топырақ жамылғысының сипаттамасын құрастыру
- Топырақ-географиялық қиманы құрастыру
- Негізгі топырақ типтерінің қалыптасу жағдайларының кестесін құрастыру
Белгілі Америка экологы О.Одумның (1975) бағалауы бойынша адамға жақсы өмір сүру үшін (мекендеуі, тамақтық т.б. заттармен қамтамасыз етілуі, дем алуы) орта есеппен әр адамға 2 гектардай жер керек екен. Оның 0,6 гектары тамақтық заттар өндіру үшін; 0,2-сі мекендеу мен өндіріс үшін, ал 1,2 гектары жыртылмай, табиғи күйіндс сакталуы керек. Бұл жерлер дем алып, саяхат жасаумен қатар биосфераның экологиялық қалыпты болуына қажет.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым жерлер де жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі суландырылмағандығынан қыстау мен мал суаратын және елді мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар «тұяқ тесті» алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы айналымына жарамай шыққан жайылымдар көлемі қазақ ауылшаруашылығы академиясының академигі А.Асановтың (1991) мәліметіне қарағанда 15 млн га, ал өнімі көп кеміп, бүлінген жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздср тағы да ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған және мұнай-битум қалдықтарымен ыластанған Каспий өніріндегі жайылым жерлерді де жатқызамыз. Шамамен олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Сонымен құнары қатты кеміп бұзылған, ыластанған жерлер көлемі республикада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына келтіру үшін әр түрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы әр жерде әр түрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне су тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған алқаптар және су астынан жаңа босаған жерлер де жатады. Республикамыздағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру жұмыстары жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы дағдарыс аймақтарын айтқан кезде территориясы түгелдей Қазақстанда жаткан Балхаш көлі аймағы, территориясы шамамен жартылай Қазақстанда орналасқан Арал теңізі аймағы. Каспий теңізінің терістік-шығыс алқабы. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты ұшырағаны Арал теңізі бассейнінде орналасқан жерлер.
Арал мәселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі үлкен өзендермен — Әмудария жәнс Сырдариямен байланысты. Кезінде белгілі географ ғалым А.И.Воейков (1908) шөл далада мұндай теңіздің пайдасыз жатуы бос ысырап, ол табиғаттың «қатесі», оның қоршаған ортаға да ықпалы елеусіз, сондықтан да дұрысы оған құятын өзендердің суын мақта, күріш өсіруге пайдалану тиімді деп есептеген.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, Актөбе, Шымкент және Қарағанды облыстарының Арал бассейнімсн шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі бойынша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың құдіреті күшті кезде мүмкін болмады.
Балқаш көлінің су режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан қоршаған Іле, Жетісу, Кетпен т.б. таулардан және Қытай территориясынан басталатын жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық көптен «Жетісу» алқабы деп атайды.
Ірі жеті өзенмен бірге суын Балқашқа құятын басқа да майда өзендер толып жатыр. Дегенмен Балқаш тағдырын шешетін негізгі күре тамыр — Іле өзені. Басын Қытайдан алатын бұл өзен — осы өңірдегі ен мол сулысы. Балқаш көлін көрген академик Л.С.Берг оны «табиғат таңғажайыбы» деген болатын. Осындай шөлді аймақта бірнеше ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы, академикті таңқалдырған еді. Кейінірек бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді. Біріншіден, Балқашка құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары мен қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды, бастауымен құятын көлге дейінгі ара — қашық емес. Екіншіден, көлдің барлық айдыны (акваториясы) түгелдсй тұщы емес екені анықталды. Оның шығыс бөлігі әжептеуір тұзданған, ал оңтүстік батыс бөлігі — мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы тұщы.
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Карталардың аңыздары мен олардың мазмұнын зерделеу
Топырақ жамылғысын бейнелеу тәсілі
Топырақтүзуші факторлар мен топырақтүзілімдік үрдістерді есепке ала отырып топырақ жамылғысының сипаттамасын құрастыру
Топырақ-географиялық қиманы құрастыру
Негізгі топырақ типтерінің қалыптасу жағдайларының кестесін құрастыру
Тағы рефераттар
- Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- Қоғам ұғымы
- Мұрагерлік құқықтың түрлері курстық жұмыс
- Салауатты өмір салты пәнінен сөздік
- Қазақстанның ұлттық құқығы мен халықаралық құқық арақатынасындағы қазіргі басымдықтар