Топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар әлемі туралы қазақша реферат
Арктикалық белдеудің қиыр солтүстігіндегі аралдарды арктикалық шөл зонасы алып жатыр. Жазы өте суық және қысқа. Аралдарды түгелдей дерлік мұз жауып жатыр. Мұздан бос жерлерде мүк, қына, балырлар өседі, топырақ қалыптасып жетілмеген. Жануарлардан ақ аю мен ақ түлкі кездеседі, жағалаулары жазда құс базарына айналады. Соңғы кезде ақ аю саны азаюда. Мұнда бұталы өсімдіктер жерге төселіп өседі. Жануарлардан бұлан, қоңыр аю, қоян сияқты орман жануарлары мен саңырау құрды кездестіруге болады. Исландияда мұз басу дәуірінен бері сақталған қойөгіз тіршілік етеді.
Қоңыржай белдеуде ағаш текті өсімдіктердің өсуіне жағдай бар. Тайгада тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Тайганың топырағы күлгін, көбінесе батпақты болып келеді. Климаттың батыстан — шығысқа қарай қаталдануына байланысты Скандинавия түбегі мен Финляндияда, Ресейдің еуропалық бөлігінде қарағай мен шырша өседі. Ал Ресей жерінің Оралдан шығысқа қарай жатқан бөлігі Сібірде суыққа төзімді майқарағай, сібір қарағайы және қыста қылқандарын түсіретін ағаш балқарағай таралған.
Тайга мен биік таудағы ормандар неғұрлым жақсы сақталғандықтан, жануарлар дүниесі де салыстырмалы түрде бай. Мұнда зубр, бұлан, марал, елік жыртқыштардан қоңыр аю, қабан тіршілік етеді. Қиыр шығыста қорғауға алынған ірі жыртқыш Уссурий жолбарысы сақталған.
Орманды дала және дала зоналары Шығыс Еуропа мен батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде тұтас жолақ түрінде Алтайға дейін созылып, Қиыр Шығыста қайта жалғасады. Бұл зоналарда өте құңарлы қара топырақ таралған. Сондықтан зоналар түгелге дерлік жыртылған. Жануарлардан саршұнақ, дала күзеңі, дала тышқандары тіршілік етеді.
Шөлейт және шөл зоналары Каспий маңы ойпатынан басталып, Қазақстан мен Орта Азияны тұтас жолақ түрін қамтып, Моңғолия мен Қытайдың тауаралық ойыстарында таралған. Шөлейтке күрең топырақтар тән, тұзы бетіне шығып жататын сортаңдар да кездеседі. Шөлейттерде кең таралған жусандармен қатар селеу, бетеге, бұйырғын және т.б. өсімдіктер өседі.
Субтропиктік белдеуі қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар, субтропиктік дала, шөлейт және шөл, субтропиктік ауыспалы ылғалды муссондық ормандар зонасы алып жатыр.
Қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар зонасы Жерорта теңізінің биік таулармен қоршалған жағалауын алып жатыр. Мұнда орманның құнарлы қоңыр топырағы таралған. Ормандарды кесу нәтижесінде өсімдіктер сиреген, сақталып қалған бөлітерінде тас емен, тығын емені, қолшатыр тәрізді жерортатеңіздік пиния қарағайы, лавр ағашы, лавр шиесі, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарис.
Субтропиктік дала, шөлейт және шөл зонасында қоңыржай белдеудің осындай зоналарына қарағанда жазы өте ыстық болады. Бұл шөлдерде минералды заттарға бай сұр топырағын қолдан суару арқылы Орта Азияның оңтүстігі мен Қытайда цитрустардан, анар мен жүзімнен, жер жаңғағы мен бақша дақылдарынан мол өнім алынады.
Тропикалық шөлдер Арабия түбегі мен Үндістандағы Тар шөлін алып жатыр. Еуразия шөлдеріндегі құма пальмасы, тікенекті бұталар өседі. Жануарлардан Арабияда желаяқ бөкендер, жабайы есек онагр, бір өркешті жабайы түйе нар, тарғал қорқау қасқыр мен шиебөрілер кездеседі, кемірушілер өте көп.
Субэкваторлық белдеу жауын – шашынның түсуі мөлшері жыл мезгілдері бойынша белдеу ішінде әркелкі болады. Сондықтан мұнда субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар мне саванналар таралған. Үндістан және Үндіқытай түбектерінің жауын – шашынның жылдық мөлшері 800 мм – ден аспайтын ішкі бөліктерінде саванналар тән болады. Мұнда астық тұқымдастарға жататын биік шөптер арасында пальмира пальмасы, хош иісті сандал ағашы, тик және майлы ағаштар өседі.
Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Үндістанның батыс жағалауы мен Ганг, Брахмапутра өзендерінің төменгі ағысын, Үндіқытай түбегі жағалауы мен Филипин аралдарының солтүстігін қамтиды. Саванналар мен субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандарда қызыл және қоңыр қызыл топырақ жамылғысы таралған, жануарлар дүниесі де ұқсас.
Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары Еуразияның оңтүстігіндегі аралдарды алып жатыр. Бұл ормандарда өсімдіктердің 40 мыңнан аса түрі өседі, тек қана пальманның 300 – дей түрі бар. Ұзындығы 200 – 300 м – ге жететін, оралып өсетін ротанг пальмасы мен лианалар ағаштарды шырмап, ит тұмсығы өтпейтін қалың ну орман құрайды. Жануарлар дүниесі де алуан түрлі: мүйізтұмсықтар мен жабайы бұқалардың кейбір түрлері басқа ешбір жерде кездеспейді.
Тағы рефераттар
- Тауарды несиеге сатудың есептері, қолма – қол, қолма – қолсыз есеппен сатудың теориялық аспектісі дипломдық жұмыс
- Дәрежеге шығару алгоритмі
- Ыбырай Алтынсарин
- Жүрек, қан тамырлар жүйесі
- Ата –анамен балабақшаның көмегімен баланы адамгершілікке тәрбилеу