Жоспар
Кіріспе
Амангелді Иманов
1916 жылғы ұлт-азаттық күрес
Амангелді Иманов бастаған көтеріліс
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылык өсе түсті. Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда да ерекше сезіле бастады. Ол жұмысшылардың ереуілдері мен баска да бой көрсетулерінен көрінді. Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашык бой көрсетуіне әкеп сокпай коймайтын еді.
1916 жылы 25 маусым күні орыс емес «бұратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында корғаныс құрылыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша, 390 мың адам алу көзделді.
Аталған Жарлық казақ даласын өте ауыр жағдайға қалдырды. Тыл жұмыстарына жұмылдыру (мобилизациялау) егін өнімдері мен пішен жинау, малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді. Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтарды шақыру қоныс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізгі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан кырылуға душар болды. Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып, Орта Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.
Сол көтерілістің негізгі ошағы Торғайдағы Амагелді Иманов бастаған ұлт-азаттық күрес болып табылады.
Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873-1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896-1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды. Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты 1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2-3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды. Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21-23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған. Амангелді Иманов туралы Жамбыл «Амангелді тойында», Сүлеймен Сәдуақасұлы «Амангелді туралы»,Омар Шипин «Амангелді айбаты», «Торғай соғысы», Нұрпейіс Байғанин «Амангелді туралы жыр», Сәлімгерей Оңайбекұлы Сәлімгерей «Батыр», Ықылас Адамбеков «Амангелді», Қарабалин «Амангелді», Есенби Омарұлы «Ел батыры», Бақыт Иманов «Амангелді анасымен қоштасқаны» т.б. ақын-жазушылардың атты өлеңдерін атап өтуге болады
Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 ж ұлт — азаттық қозғалысы көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дұнғандар және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан оның оңтүстік облыстарын (Жетісу және Сырдария облыстары) айтпағанда бір ұлттық сипатқа ие болды.
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай — феодалдық басшы топтардың белгілі бір бөлігі, сондай — ақ жергілікті әкімшілік деп аталатының шенеуніктері патша жарлығын сөзсіз қолдады және оның басты жүзеге асырушалары болды. Қазақ интеллигенциясының батыл өкілдері (Боқин,Ниязбеков,Жүнісов) патша жарлығына қатал қарсы шықты, сөйтіп халықты қарулы қарсыластық көрсетуге шақырды, ал Қазақ газетінің төңірегіне топтасқан либералдық — демократиялық интеллигенцияның жетекшілері (А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов) тартыншақтық позиция ұстанды.Олар еңбек армиясына адам алу жөнінен асықпауға, алдын — ала дайындық шараларын жүргізу керектігіне патша әкімшілігін көзін жеткізуге талай рет тырысып бақты, ал сонымен қатар, қарусыз халық царизмнің қатал жазалау шараларының құрбандарына айналатынын негізді түрде ескеріп , жарлықтың орындалуына қарсылықты көрсетпеуге шақырды.
Көтерілістің аса ірі орталықтары Жетісу мен Торғай жері болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында-ақ бұқаралық сипат алды. Барлық жерлерде найза-сүңгілермен, аңшылық мылтықтармен, суық қарулармен қаруланған көтерілісшілердің жасақтары ұйымдастырылып жатты. 17 шілдеде Жетісу мен Түркістан өлкесінде соғыстық жағдай жарияланды. Патша үкіметі орындары мұнда ірі әскери күштерді жеткізе бастады, әскери горнизондарды нығайтты, қазақ және қырғыз көтерілісшілерінің жазалау үшін Жетісудың қоныс аударған халқының дәулетті топтарынан қарулы жасақтар құрып жатты. Көтерілісшілердің патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстары Асы мен Қарқара жайлауларында, Салымсы станциясы маңында, Қастек , Нарынқол, Шарын, Қорам өңірлерінде, Лепсі оязының Садыр Матай болысында және басқа жерлерде болып өтті. Қыркүйек пен қазан айының басында барлық жағынан жазалаушы отрядтар қыспаққа алған Жетісулық көтерілісшілердің едәуір бөлігі табан тірескен шайқастармен шегінуге, сөйтіп, Батыс Қытайға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Жетісудағы көтерілісшілер қозғалысы аяусыз басып- жаншылған кезде Торғай даласында ол күш алып, күннен-күнге өрістей түскен еді. Басшылығында А.Иманов пен Ә.Жангелдин тұрған Торғай көтерілісі ең қажырлы және ұзаққа созылған көтеріліс болды. Архивтік құжаттар дәлелдейтіндей, көтерілістің ең шырқау тұсында оған қатысушы жасақтарда 50 мыңдай адам болған. Ондаған мың ұйымдаспаған көтерілісшілерден А.Иманов ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлінген жүйелі әрі тәртіпті әскери организм құрды. Әрбір бөлімшенің басына тиісінше онбасы, елубасы, жүзбасы, мыңбасы қойылды. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А.Иманов көтерілісшілердің сардарбасы -бас командашысы болып сайланды, оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
А.Имановтың көтерілісшісі әскерлері бақылауындағы аудандарда төменгі ауылдық- болыстық әкімшілік басқару қызметінен шын мәнінде шеттетілді, азаматтық үкімет көтерілісшілердің қолына өтті. А.Иманов пен ол басқаратын әскери кеңес арнайы тағайындалған адамдарға (ел бегі) көтерілісшілерді азық түлікпен және аттармен қамтамасыз ету тапсырылған тыл қызметін ұйымдастырды, ұстаханаларда қолдан жасалатын мылтықтар,қылыштар, қанжарлар, найзалар және басқа қарулар әзірлеу ісі жолға қойылды.
22 қазанда А.Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршауға алды. Қаланы қүрсау бірнеше күнге созылды. Сол арлықта қалаға қарай үш бағыттан генерал — лейтенант А.Лаврентьевтің жазалаушы корпусы келе жатты.Патша жазалаушыларының басым күштері жақындап қалған туралы хабар алып,көтерісшілер Торғайды қоршауын қойды және патша әскерлері отрядтарының алдынан шықты. 16 қазанд А .Иманов бастаған жалпы саны 12 мыңға жуық адамнан құралған сазбаздар Топқойма почта станциясы ауданында подполковник Катоминнің жазалаушы отрядтарына шабуыл жасады.Көтерілісшілердің негізгі бұқарасы адам күшін сақтап қалу мақсатында қараша айының екінші жартысында Торғайда 150 шақырым жерге әкетіліп,Батпаққара ауданында шоғырландырылды. Осы арада 1916 жылы қараша айының екінші жартысынан бастап, 1917 жылы ақпанның орта шеніне дейін жазалаушыларға қарсы партизандық жортуылдар жасалып тұрды. Көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасындағы айқастар Татырда, Ақшығамда, Доғал үрпек, Күйікте болып өтті. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара ауданындағы ұрыстар шиеленісті. Ол ұрыстар 1917 ж ақпан айының екінші жартысында кең құлаш жайды. Сол шайқастарда А.Имановтың көтерілісшілері ақпан буржуазиялық- демократиялық революциясын қарсы алды.
Қазақстанның басқа аймақтарында көтерілісшілерге патша жазалаушы отрядтарының басым күштерімен кекілескен ұрыстар жүргізуге тура келді. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 кавалерия жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады. Ал, Торғай көтерілісшілеріне қарсы патша өкіметі құрамына 17 атқыштар ротасы, 18 казактар жүздігі , 4 кавалерия эскадроны, 18 зеңбірегі, 10 пулеметі және басқалары болған экспедициялық корпус жіберді. Алайда жазалаушылар тура ақпан революциясына дейін көтерілісті сол бойы басып- жаншй алмады. Тек царизм құлатылғаннан кейін ғана Торғай облысындағы көтеріліс тиылды.
Жетісудағы көтерілісті басу үшін 8750 найзалы 95рота , 3900 қылышты 24 жүздік, 16зеңбірек пен 47 пулемет жіберілді. Жетісуда ондаған қазақ және қырғыз ауылдары жойылды, бейбіт тұрғандар құдалаушылыққа ұшыратылды. Патша өкімет орындары сондарына түскен 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың жергілікті тұрғындарының 1/4 бөлігі Қытайға қашуға мәжбір болды.
Тек генерал- губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдерімен Түркістан өлкесінде1917 ж 1 ақпанына дейін өлім жазасына 347 адам, каторглық жұмыстарға 168, түрмеде тұтқындалуына 129 адам кесілді. Ал оның сыртында сотсыз және тергеусіз атылып, жазалаушылар мен қоныс аударған селолар тұрғындарынан жасақталған отрядтардың қолдарынан қазақ тапқандары тағы бар.
1916 жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс
Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916 жылғы 28 маусымда жетті. Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз, бұлжытпай орындау жөнінде шешім қабылдады. Алайда халық назарлығы күн санап өсе түсті. Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды. Көтерілусішілер тау шатқалдарына топтасып, пошта бекеттеріне шабуыл жасады, темір жолды бұзды, болыстык басқармаларды талқандап, болыстарды өлтірді. Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.
Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды. Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы, отарлық тәртіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді. Ол бірнеше рет түрмеге де түсті, заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке те сапар шекті.
1916 жылы шілдеде Амангелді шашыранды қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады. Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас колбасшысы — сардарбек, Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп, Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды. Кеңес жанында барлық әкімшілік мәселелерді шешіп отыратын хатшылық жұмыс істеді, пошта орналасты. Басшы орталық жанындағы әділқазылар алқасы әр түрлі заңдық мәселелерді шешумен, арыздарды, шағымдарды қараумен айналысты. Бейбіт халық пен сарбаздардың арасындағы даулы мәселелерді басшы орталық әрбір мың шаруашылыққа тағайындаған елбегі (әкімшілік жетекшісі) шешті. Көтерілісшілер үшін салықтар мен азық-түлікті жасакшылар жинады, қаражат жөніндегі жұмыстарды арнайы тағайындалған казынашы атқарды.
Көтерілісшілер жасағын мойындаған халық битамал — 4 сомдық салықтан өзге салықтардың барлық түрінен босатылды, пошта жүйесі жолға қойылды. 1916 жылғы қазан айына карай Торғай және Ырғыз уездерінде әрқайсысында 2-3 мың адам болған 20-дай көтерілісшілер жасағы болды. Көтерілісші жасактар үш ірі жасаққа топтасты.
Қазанда көтерілісшілер Қарабұтак селосын қоршап, Қожакөл мен Татыр көлдері ауданында жазалаушы отрядқа шабуыл жасады. 23 қазан күні Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округы әскерлерінің қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бара жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым-қатынастың үзілгенін, Ырғыздың коршала бастағанын» баяндады. Сонымен бір мезгілде көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып, Орынбор—Ташкент темір жолындағы қозғалысты токтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.
Торғай көтерілісшілеріне көрші облыстардың қазақтары қосылды. 1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлык өкімет орындарының жұмысын толыктай дерлік токтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Патша үкіметі
Ең соңғы шешімге бел буды. Құрамына майданнан әкелген бөлімдер енген генерал Лаврентьев басқарған арнайы экпедициялық корпус құрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан — Қостанай, Ақтөбе мен Шалқардан бастады.
Көтерілісшілер Торғайды патша әскерлері келіп жеткенше алуға ұмтылды, алайда 6 карашадағы қаланы тікелей шабуылмен алу әрекеті сәтсіз аяқталды. Қала 10 күн бойы қоршауда болды, қоршауды одан әрі соза беру мүмкін емес еді, өйткені калаға жазалаушы экспедицияның негізгі күштері жақындап қалып еді. Көтерілісшілер қоршауды тоқтатып, әскерлерге қарсы қозғалды. 16 қарашада көтерілісшілер Түнқойма пошта бекеті ауданында жазалаушы отрядка шабуыл жасады. Көтерілісшілер шебін күшпен бұзып өткен жазалаушылар отряды сол күні Торғайға кірді.
Қарашаның екінші жартысында көтерілісшілердің негізгі бөлігі Торғайдан 150 шакырымға шегініп, Батпаккара шатқалы ауданында, бір бөлігі Аққұм құмында топтасты. Көтерілісшілер Батпаққарада әскери қимылдарға басшылық жасау мен басып алынған аудандарды баскару жөніндегі Кеңес құрды. Көтерілісшілермен күрес жүргізу үшін Самарадан генерал Мака-ровтың жаңа жазалаушы экспедициясы шығып, оған Орынбордан әскери бөлімдер келіп қосылды. Нашар қаруланғанына қарамастан көтерілісшілер күрестің партизандық әдістерін кеңінен қолданып, жазалаушылардың негізгі күштерінің қолын байлады.
30 карашада полковник фон Розеннің отрядының келе жатқаны жөнінде мәлімет алған 6 мыңдай көтерілісшілер жазалаушыларға қарсы аттанды. Зеңбірек, пулемет, мылтықтардың жаудырған оғына қарамастан көтерілісшілер жазалаушылар шабуылын тойтарды. Ерте басталған қыс, қатты аяз бен жауған қар көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Амангелді Иманов пен Әбдіғапар Жанбосынов өз сарбаздарын жазалаушылар жете алмайтын жерлерге жинақтады. Көтерілісшілер өздерін азық-түлік, жем-шөппен қамтамасыз етіп, жертөлелер салды, киіз үйлерде тұрды. 1917 жылдың басында Амангелді отаршылдарға қарсы күресті кайта бастауды қолға алды. Қостанайдан шыққан жазалаушы отрядтардың көтерілісшілер жолын бөгеп, жазалаушылар шегінуге мәжбүр болды.
Ақпан революциясының қарсаңында, Қазакстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда, Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты. 22—24 ақпан күндері көтерілісшілер жазалаушылармен соңғы шайқасын Доғал Үрпек ауданында өткізді. Асқан табандылықпен шайкасқан көтерілісшілер қаланың ішкергі аймактарына ақырындап шегінді. Торғай өзенінің мұзымен ауыл-дарымен шегінген қазақтарды жазалаушы әскер екі жақтан оқ жаудырып, бірнеше жүздеген әйелдер, қарттар мен балаларды, мыңнан аса сарбаздарды өлтірді. Ақпанның соңында Доғал Үрпекті көтерілісшілердің қолында қалдырып, жазалаушылар шегінді.
Ақпан төнкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісішілер отрядтарвның саңы шұғыл өсті, ал 1917жылыдың соңында Амангельді Торғайды алды.
Шілденің басында Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Халық қаһарының соққысын алдымен тылдық жұмыстарға баратындардың тізімін тікелей жасаушы болыс басқарушылары, ауыл ағамандары және патша әкімшілігінің басқа да төменгі қызметкерлері алды. Қазақтардың метрика куәлігінің жоқтығын пайдаланып, олар тізімге жасы нешеде екенін қарама, өз беттерінше кедейлерді енгізіп, ал байлардың балаларын пара бергені үшін шақырудан босатып отырған. Тізімдер жасау жүиесі іс жүзінде осындай жаппай парақорлық пен қызмет бабын теріс пайдаланушылық туғызды.
Оның үстіне патша өкіметі орындары лауазымды адамдарды, болыстық, селолық және ауылдық басқарушылардың, жергілікті тұрғындардан шыққан полецейлік төменгі шендегілерді, имамдарды, молдаларды, майда несие мекемелерінің есепшілері менбухгалтерлерін, жоғары және орта оқу орындарының оқушыларын,үкіметтік мекемелер шенеуніктерін және дворяндық, құрметті азаматтық құқықпен пайдаланатын адамдарды армияға алудан босатты.
Патшаның қатал жарлығына және жер – жерден оны орындаудағы әіділетсіздік тәсілдерге қатты ашынғн еңбекшілер қолдарына не түссе, сонымен қаруланып патша өкіметінің өкілдеріне, болыстық басқарушыларға, ауылдық ағамандрға, полицерлерге, қазақтарға, шенеуніктерге: «адамдар бермейміз» деген айқаймен тарпа бас салып, сазайын тарттырды. Олар болыс басқарушыларының, ауыл ағамандарының кеңселері мен үйлерін өртеді, осылай ету арқылы тылдық жұмыстарға алынудан арыламыз деп аңғырт ойлап, іс жүргізу қағаздары мен әскерге шақырлатыңдардың тізімдерін жойды.
Сонымен қатар патша үкіметінің жазалау әрекеттері қарқын ала бастады. Ол туралы деректерде сақталып қалған. Мсыалға, қазақтардың таяққа жығылып өлгені жайында Омбыдағы жандарм мекемесі істерінен алынған деректе «14 ағұста тұтқынға алынған қазақтардың артынан оларды босатуды сұранып, Беловск қаласына ылғи жаяу-жалпы қазақтар келген. Ябазарды құр тамашалауға жиналған жұрт әлі де көп еді. Сол арада 600-ден астам қазақ жиналып-ақ қалған еді. Оларды алдауға түсіріп, айналдыра қамап, болыс кеңесінің қорасына апардық та, жалғыз оқ шығын қалмай, таяқ, саржын ағаш, балтамен ғана шаруасын бітірдік. Шала жансыз жатқандарын арбаға артып, қорада өлімші болып жатқандардың үстінен жүргіздік».
Ондағы мақсат, әлі жаны шыға қоймағандарын арбамен таптап, жұмысын бітіру еді. Оның үстіне сол күні дружинаға шыұұан солдаттар да көрші болыстарға барып, қазақты шетінен қырып, шауып, талап келді»
1916 ж көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық тарихында ерекше орын алды. Имперализм мен бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында А.Иманов пен көтерілістің басқа басшылары халықты өз уақытында Сырым Датұлы, И.Тайманов, М.Өтемісұлы, К.Қасымұлы мен Н.Қасымовтың басшылығмен болған ұлт азаттық қозғалысынан кейін бірінші рет 1916ж көтеріліс кең байтақ өлкенің барлық бөліктерін қамтып, бүкілқазақстандық сипат алды. Көтеріліс отарлауға және импералистік саясатқа қарсы бағытта өрбіді. Халықты ұлттық және саяси азат ету жолындағы көтерілістің басты міндеттерімен салыстырғанда бұл көтерілістің таптық жағы екінші кезектегі мәселе болып шықты.
Қорытынды
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихымызда халқымыздың басынан өткен ең ауыр тарихи ақтаңғалақ оқиғалардың бірі болды. Көтеріліс барысында, әсіресе, қазақтардың саны Қазақ өлкесінде 446 мыңға, Орта Азияда 121,7 мыңға, Астрахань губерниясында 51,8 мыңға, Ресей империясында 617,5 мыңға азайып кетті.1917 жылы Торғай көтерілісінің талқандалуы аяқталуы барысында 3 мыңдай адам жауапқат тартылып, 201-і өлім жазасына кесілді, 161-і каторға айдалды, жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
Көтеріліс бір жағынан жеңіліс тапты, оның өзіндік себептері де көп болды: бытыраңқылық, әскери қарудың жеткіліксіздігі, руаралық қақтығыстардың болуы, жергілікті халық пен қоныстанушылар арасындағы қайшылықтардың болуы, ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірліктің болмауы, қазақ феодалдарының сатқындығы сияқты себептер әсер етті. Екінші жағынан көтеріліс жеңіліс тапқанымен оның қазақ тарихындағы тарихи маңызы зор болды. Атап айтсақ, қазақ халқының таптық саны өсті, Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынып, бастары біріксе жеңіске жететініне көздері жетті, патша өкіметін сескендірді; қозғалыс барысында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды; Ресей империясындағы азаттық күрестің шырқау шегі болды.
Тарихымызда осы Торғай көтерілісінің басшы-сардарбегі Амангелді Иманов өзінің тактикасымен, ерекшеліктерімен көзге түсті: ттабанды болып ұзаққа созылуы, билік көтерілісшілердің қолына көшіп, бір орталықтан жүргізілуі ,басқарудың тәртіпке келтірілген жүйесі болды.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1 том
2. «1916 жыл.Әңгімелер, өлеңдер, дастандар» Алматы «Рауан» 1996
3. «Қазақстан тарихы» Алматы Шың-Кітап,2007
Тағы рефераттар
- Паскаль програмдау тіліндегі файлдармен жұмыс курстық жұмыс
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- ҚР-ның экономикалық өсуді қамтамасыз ететін индустриялы-инновациялық саясаты
- Мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін мұраға алу құқығын қалай рәсімдеуге болады?
- Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері