МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……3
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАН ЗАҢНАМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ…5
1.1 Сыбайлас жемқорлық: теориялық негіздері, даму тарихы және түрлері …..9
2 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҢ СЕБЕПТІК-КЕШЕНДІК ФАКТОРЛАРЫ………..13
2.1 Халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихы……19
ҚОРЫТЫНДЫ……………….30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектiлiгi. Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін жүйесіз мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі де осында.
Зерттеудің нысаны. Жұмысымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып, осы құбылысқа тән себептік-кешендік факторларды, оған қарсы қолданылатын құқықтық құралдарды қарастырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің даму тарихына тоқталамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесіндегі тәжірибені саралап, айқындап, сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі заңнаманың қоғамның дамуына қарай іс жүзінде жетілдіріп отыратынына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындау көзделді:
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
— сыбайлас жемқорлықтың болмысын, түрлерін, негізгі белгілерін, ерекшеліктерін, субъектілерін анықтау, сондай-ақ пайда болу себептерін айқындау;
— сыбайлас жемқорлық қылмыстарды себептік-кешендік факторларына қарай топтастырып, оларға сипаттама беріп, жіктеу;
— әлем мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу мәселесіндегі тәжірибесін зерттеу;
— дүниежүзілік қауымдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қолданылатын халықаралық-құқықтық актілеріне шолу жасап, олардың әр мемлекеттің даму ерекшеліктеріне қарай қолданылуын талдау.
Зерттеу материалдары. Жемқорлықтың қағидаларын, түрлері мен нысандарын, себептік-кешендік факторларын, қолдауды ұсынған мынадай қазақстандық ғалымдардың еңбектері осы мәселенінің зерттелуіне елеулі үлес қосты: Б.А.Амрекулов, Г.И.Баймұрзин, И.Ш.Борчашвили, С.Ғ.Қапаров, Ш.Құттаяқов, Д.В. Құрбатов, Г.С.Мәуленов, М.О.Нәукенов, С.С.Сартаев, Е.З.Тұрғымбаев, М.К. Ынтықбаев және тағы басқалар.
Жұмыстың зерттеу әдiсi. Жұмыс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тәжірибені зерттеуге арналғандықтан, сыбайлас жемқорлық факторларын белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау, ерекшелігін нақтылау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи, бақылау әдiстері қолданылды.
Зерттеудiң теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелерi мен тұжырымдары сыбайлас жемқорлық, оған қарсы күрес мәселесінің ғылыми негiздерiн өз деңгейiнде толықтырады. Арнайы зерттеу нысанасы негiзiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы тәжірибені жинақтап, жүйелеуге талпыныс жасалды. Зерттеудiң нәтижелерiн сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес мәселесі бойынша арнаулы курстар оқуда, семинарлар жүргiзуде, заңтану курсында, қоғамдық практикада пайдалануға болады.
курстық жұмыс / 34 бет
Тағы рефераттар
- Психиканы дамытудың биологиялық шарттары
- Кентау қалалық әкімшілігі
- Адвокатура ұғымы және міндеттері мен адвокатураның ұйымдық құрылуы
- Ақтөбе облысының әкімдігінің құрылымдық ерекшеліктері
- Қазақтың ұлттық музыка аспаптары