Әр істе табысқа кенелу төзімділік пен баяндылыққа байланысты болып келеді және төзім болмаса, табыс пен жеңіс қолға оңай түспейді. Ғылым мен білім жолында және табиғаттың құпияларын ашу үшін қажырлы еңбек етіп, қиындықтарға төзген данышпандар аз емес. Олар сол еңбегінің арқасында жоғары ғылыми дәрежелерге қол жеткізген. Сондай-ақ өзінің ұстамдылығы мен еңбек етуінің арқасында жағымсыз әдеттер мен сипаттар орнын игі сипаттармен ауыстырған адамдар да кездеседі. Мұндай кісілер нәпсі құмарлар мен азғындыққа бастайтын әулекі алдында төзімді болып, мықты және құнды адамдарға айналған. Қоғамдағы жағдайды жақсартуға талпыну да төзімділікті қажет етеді. Қоғамды түзетуде оң қадамдар жасап, оны бақытқа жетелейтін кісілер қарсыластардың бөгет жасаулары, мазасын алуы және былапыт сөздеріне қарап тұрып, түрлі қиындықтарға төзіп, түпкі жеңіске дейін қайсар болуы керек.
Негізінен төзімділік, яғни «толеранттылық» (лат. «tolerantia» — шыдам, төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде «бір нәрсеге, біреуге төзімділік, төзу, шыдау» деген түсініктеме беріледі.
«Төзімділік» ұғымы алғаш рет 1953 жылы медицина саласында пайда болған. ХХ ғ. 80-ші жылдардың аяғында саяси термин ретінде ресімделген, ол «толеранттылық» ұғымының синонимі болып табылады [3, 143 б.].
Аталған ұғымды талдау нәтижесінде әлемдегі мәдениеттердің түрлі әралуандылығын қабылдау мен түсіну мағынасындағы «құрметтеу» ұғымы, адам даралығын білдіру әдістері мен өз өзін білдіру нысандары «төзімділік» ұғымының басты мағынасы мен негізі болып табылатындығы анықталды.
«Төзімділік» ұғымының мәні қазақ тілінде өте терең; ол шыдамдылық, байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімді табу деген мағыналарды білдіреді. Төзімділікке, яғни толеранттылыққа қарсы «интолеранттылық» деген үғым бар; ол адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты ымырасыздық, шыдамсыздық, тағатсызық, кейістілік, менмендік, оспадарлық, парықсыздық деген мағыналар пайдалынылады. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ билерінде кеп кездескен. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға айтқан «біз қазақ деген мал баққан елміз» — деп басталып, «достығымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз» деген сөздер өзара сыйластыққа шақырады.
Төзімділік, толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді, күніге, ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, барлық адамға шынайы жана шырлықпен, түсінік жүмыстарын жүргізе отырып, шешімді табуды талап етеді [4, 18 б.].
Төзімділіктің шарты плюрализм, яғни түрлі ойлар мен пікірлердің бар болуы. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің «басқаға, бөтенге» қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын мәселе болып саналады. Төзімділіктің негізінде плюрализмнің бар болуына құрмет көрсету орын алады, осыған байланысты «төзімділік» ұғымы демок ратия қағидаттарының бірі ретінде танылады. «Төзімділік» ұғымы алғашында әлеуметтік ой саласында философиялық категория ретінде пайда болып, қатынас ретінде түсіндірілетін. ХХ ғ. бастап ол тәжірибе – саяси қызмет, технология ретінде көрініс табады, осыған байланысты ол жеке дара саяси ұғым ретінде танылады.
Төзімділіктің негізгі ережелері мен қағидаттары БҰҰ мен Біріккен Ұлттардың білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының UNESCO – ның құжаттарында әзірленген, ал оның онан әрі талдау ғылыми және ғылыми және ғылыми – танымалды ақпарат көздерінде жүзеге асырыл ған. Аталған құжаттарды төменде атап өтілетін үш топқа бөлуге болады.
Біріншіден, төзімділіктің негіздері түсіндірілетін жарияланымдар (саяси мәдениет, адамның құқықтары мен бостандықтары, өзара түсінушілік, тілектестік және т.б.), оның дүниетанымды негіздері мен саяси басымдылық тарын анықтау, нормативтік — құқықтық базаны дамыту, мәдени – білім беру бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, ағартушылық және насихаттаушы лық акцияларды жүргізу жөніндегі іс — әрекеттер орын алады;
— жалпы адамдық құндылықтарды, төзімділік мәдениетінің қайнар көздерін анықтау арқылы төзімділікті тұжырымдамалық негіздеу мақсатын көздейтін мақалалар;
— зерттеу тақырыбына сәйкес келетін немесе зерттеу тақырыбына ұқсас тақырыптар бойынша жазылған кандидаттық және докторлық диссерта циялар. Негізінен төзімділік мәселесіне қатысты зерттеулер өте аз. Қазақстандық саясаттанушылық ғылымның дамуына Г.О.Насимованың докторлық диссертациясы елеулі үлес қосқан, алайда ол жанжалды пара дигма шеңберінде жазылған, еңбекте төзімділік мәселесіне қатысты деректер аз.
Екіншіден, төзімділік мәселесінің кез келген аспектілері бар: діни, тарихи, философиялық, мәдениеттанушылық, педагогикалық, психологиялық, сасат танушылық, құқықтық, әлеуметтанушылық және т.б., олардың әзірлеушілік деңгейлері де әртүрлі. Төзімділік мәселесі саясаттанушылық шеңберінде өте аз зерттелген.
Төзімділік мәселесі теориялары шынайы классикалық теориялар болып табылатын Ағарту дәуірінде өмір сүрген ойшылдардың еңбектерінде зерт телген. Төзімділік ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың Дж. Локк, Ф.М.А.Вольтер, Ж.Ж.Руссо, И.Кант сынды ұлы либералды ойшылардың азаматтық қоғамның негізгі құндылықтарының бірі ретінде қарастырылған. ХІХ ғ. Дж.Ст.Милль төзімділік идеясын еркіндіктің басты шарты ретінде қарастырады, М.Вебер дінге еріктілік идеяларын қорғайды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары «бейтарап либерализмнің» теорияшылы Дж. Роулс төзімділікті әлеуметтік әділдіктің негізі ретінде қарастырады. Барлық атап өтілген еңбектерде төзімділік идеясы ой еркіндігі мен ар – намыс еркіндігі қағидаларының шиеленісуі ретінде қарастырылады, алайда онымен қоса соғыс пен бейбітшілік мәселесі мен де ұштастырыла бастады. А.А.Алиев, М.С.Стецкевич, В.М.Золотухин, В.В.Шалин, Б.Г.Капустин және т.б. діни төзімділік туралы ойлардың қалып тасу мен дамуының талдауына арналған монографиялық еңбектер мен жеке леген мақалалар жазған.
Саяси төзімділік жеке феномен ретінде оның саяси жүйеде қызмет етуі саяси тәртіпге (режимге) байланысты болғандықтан зерттелмеген. Саяси төзімділіктің талдауы азаматтық қоғам теорияларының ережелеріне негіз деледі (қазақстандық ғалымдардан төзімділік туралы Р.К.Қадыржанов, К.Г.Габдуллина, К. Ж. Нұғыманова жазған).
Әдеби көздерді талдау қазіргі заманға сай ғылыми әдебиетте негізінен саяси төзімділіктік тек белгілі бір тұстары мен көріністерінің зерттеулері қана кездесетіндігін көрсетті. Төзімділіктің анықтамалары саясаттанушылық энциклопедиялық сөздіктерде кездеседі, төзімділік мәселесінің кейбір аспек тілері ұжымдық монографияларда кездеседі. Қазақстандық саяси ғылымда саяси төзімділік теориясына арналған теориялық — әдіснамалық жұмыстар мүлде жоқ деуге де болады.
Қазіргі заманға сәйкес келетін демократиялық әлеуметтік – саяси ахуал жанжалды парадигмадан негізінде төзімділік қаланған парадигмаға көшуді талап етеді.
«Төзімділік» терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей «төзімділік» сөзімен байланыстырады. Қазақ тілінде «төзім» сөзі «шыдам», «сабыр», «тағат» мағынасында да қолданылады. Яғни, «төзімді болу» — басқаға, оның ісіне, құбылыстарға шексіз төзу, шыдау ұғымын білдіреді і [6, 28 б.].
Төзімділік қазіргі ғылымда әр түрлі аспектілерде қарастырылады: әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т.б. Осылардың ішінен біздің зерттеу пәнімізге байланысты этникалық толеранттылықты жеке бөліп қарастырайық. Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі – басқаның, өзі нен айырмашылығы бардың өмір сүру фактісінің өзі болып табылады. Ал оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен «этникалық» түсінігіне тоқталып өткен жөн. «Этнос» терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В.Бром лейдің анықтамасын негізге алады [7, 29 б.]. Оның айтуынша «этнос – бұл белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл, мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана) түсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы». Этнос табиғатын түсіндіруге арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л.Н.Гумилев этносты ең алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос – «бұл өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық жүйе)». Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж.Наурызбай «этнос» ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт ұғымдарын жалпылаушы термин ретінде қолданады. Сонымен, «этникалық» сөзінің мәні адамның белгілі бір этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деген қорытынды жасауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда «этникалық толеранттылық» басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін қабылдай алу қабілеті ретінде көрінеді. Әрине, оның шегі өзара сыйластық, ынтымақтастық деңгейінде болуы тиіс.
Ғылыми-зерттеулерге сүйенсек, дін – қоғамды біріктіруші де ыдыра-тушы да фактор болып қала береді. Қазіргі кезеңде діни төзімсіздік қоғамды тұрақсыздыққа, қақтығыстар мен жаппай кедейшілікке тірейтінін көз көріп отыр. Тарихқа сүйенсек, діни наным-сенімді сыйламаудың түбі қанды шайқастарға ұласып, бүтін бір мемлекеттің жойылып кетуіне де әкелген. Ғылымда діни төзімділіктің бірнеше белгісі көрсетілген. Олар мыналар: бірінші – өзге діндегі азаматтардың сеніміне төзімділік (мұсылман-христиан, мұсылман-буддист т.б.); екіншісі – өзге конфессиялардың өкілдеріне деген төзімділік (сунниттер-шииттер, католиктер-протестанттар); үшіншісі – дәстүрлі емес діндер мен олардың өкілдеріне төзімділік; төртіншісі – Құдайға мойынсұнғандар мен атеистер арасындағы төзімділік. Діни төзімділіктің классификациясына қарайтын болсақ, бұл төртеуі Қазақстанда сақталған. Бір сөзбен айтқанда, татулықты ту еткен Тәуелсіз Қазақстанда діни төзімділіктің барлық түрі сақталған. Оған дәлелдер де жоқ емес. ҚР Конституциясы 1-бабының 1-тармақшасында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп жазылған. Яғни демократия құндылықтарымен жүретін біздің ел – сонымен қатар зайырлы мемлекет. Православие, буддизм және ислам әлемінің ортасында орналасқан Қазақстан «Өркениеттер қақтығысы» атты әйгілі мақала жарияланған жылдары азаттық алды. Барынша жариялылықты, географиялық факторларды ескеру аса маңызды болды. Дін сияқты өте нәзік мәселеге екі шоқып бір қараған еліміз бүгінде діни төзімділіктің үлгісін көрсетіп келеді. Халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес қосуда. Оның бір айқын дәлелі – дүние жүзінде тұңғыш рет қазақ жерінде ұйымдастырылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 жылы алғаш рет Астанада өткізілген форум әрбір үш жыл сайын ұйымдастырылатын болып, 2006 және 2009 жылдары елордада өз жалғасын тапты. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін өткізу туралы идеясын ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм, индуизм, конфуциандық, иудаизм және басқа да көптеген діндердің өкілдері қолдап отыр. Осы бір бастама арқылы қанды қақтығысқа дейін барған діндер арасындағы келіспеушіліктер бір үстелдің басында мәселе етіп көтеріліп, күн тәртібіне шығарылды і [8, 18 б.].
Этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін қабылдау. Этникалық толеранттылық адамның тұлғалық қасиеті болып табылады, сонымен бірге ол қалыптасу барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне трансформацияланады. Этникалық толеранттылық әлеумет тік-мәдени және прагматикалық құзыреттіліктердің (дүние туралы білімдер, жағдаятты түсіну) даму деңгейімен анықталады. Осы құзыреттіліктерді бөліп көрсету арқы лы оларға сәйкес кәсіби міндеттерді анықтау мүмкін болады. Басқаша айтқанда міндеттердің екі тобын (әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіби міндеттер, прагматикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіби міндеттер). Қойыл ған мақсатқа жету үшін, яғни этникалық төзімділікті қалыптастыру үшін бұл міндеттер өз деңгейінде іске асырылуы тиіс [9, 18 б.].
Қазіргі кезде мемлекеттік деңгейде қарастырылып, мемлекеттің ішкі саясат мәселелерінің біріне айналған мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру мәселесі Қазақстанның мемлекет пен құқық тарихында алғаш рет қозғалып отырған мәселе емес. Төзімділікке қатысты ой – пікірлер, төзімділік қасиетінің қажеттілігі әрі маңыздылығы адамның басқа да рухани қасиеттері мен қатар Алаш зиялыларының еңбектерінде де көрініс тапқан.
Негізінен, толеранттылық, немесе төзімділік ауқымындағы ұлттық мінез, ұлттық намыс, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сананың жойыла бастауы сөз жоқ, ұлттык тіл мен ділдің тоқырауына әкеліпсоғатыны сөзсіз, сондықтан мемлекеттік қызметшінің мәдениетін арттыру үшін рух мәдениетін арттыру керек. Рух мәдениеті -күрделі әлеуметтік құбылыс, ол өз заңдылығымен, даралығымендамиды. Кезінде ұлы қазақ ойшылы Жүісіпбек Аймауытов «ерінбей еңбек етуге таудай үміт, табанды кайрат, шамдай мұрат, жалынды жүрек, терең білім керек», — деп жазған. Қазак халқының сана мәдениеті, рух мәдениеті, тіл мәдениеті — үлкен тарих, ұзак ғасырлар көшпелі елдің қилы — килы асуларынан туған күрделі үрдіс. «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып, үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше өзімізде де бар дәулетті жарыққашығарып, іскежарауға талпыпу керек», — деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөздерінде ағартушылык, танымдық сарын басым [10, 24 б.].
Теңдік, еркіндік ұғымдарының әлеуметтік-саяси, моральдік мәні аса зор, түркілер үшін ол ынсап, канағат, сабырлылык, біліктілік білімділік, ерлік, төзімділік түсініктерімен айкын далып отырады. Төзімділік қабілеті – адамның табиғи қасиеті, ол әрбір адамға тән және барлық адамдарға жалпы. Алаш ағартушыларының экзистенциалдық тақырыптағы шығармалары адамға сабырлылықтың, төзімділіктің, кішіпейіл діліктің жолын, мәні мен құндылығын түсіндірумен мәңгі. Олардың сабырлылық, қажымас қайрат, жігерлілік пен төзімділік жөніндегі түсінігі мен көзқарастары — мәнін жоймайтын құндылық. «Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға беріп отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады. Адамға қалайда болса, қашан да пайда келтіретін Ой һәм ізгілік. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу — адамнын жаратылысының өзінде бар нарсе», — деп жазды Мағжан Жұмабаев. Ойшыл Мағжанныңтүсінігінше, адамның жан дүниесінің іздейтіні — руханият, ал оны болашаққа жеткізу үшін әрбір заманда, қоғамда рухты сабақ тастырушы,жалғастырушы адамдар болады, олар өздерінің дұрыс өмір сүре білуін өзгелерге де ұсынады.Ал, дұрыс өмір сүру әрекетінің басты шарттары адамгершілік,өзгені өзіндей түсіну, бірлік, ынтымақ, жанашыршылдық, сабырлылық, қанағатшылдық. Егер адамныңіс-әрекетін бағалауда жасандылық, әділетсіздік болса,ол сенімге дақ түсіреді, рухтыжасытады. Мағжан ақынның түсініктері әлеуметтікмаңызға ие. Алаш зиялылары өз өмірінде болып жатқан түрлі оқнғалар мен әралуан жағдайға халық тағдыры үшін де жауаптымын деп санап, мұндай жәйттіңорын алуын өз мінез-кұлқымен, болмысымен,кабілетінің деңгейімен түсіндірді.
Қазақағартушылары, атап көрсеткеніміздей адам пайда болғаннап бастап, онынбойында бар төзімділік касиетті оның негізгі армандарымен қамти отырып, шығармаларынааркау етті. Нақтырақ айтқанда, шығармаларынан түсінетін адам бойындағы басқа касиеттермен тұтас өзара ықпал ету нәтижесінде төзімділік касиеті жаксылыққа,парасаттылыкка жетелейді. Егер, төзімділік жеке дара болса, адам құрсаулы, амалсыз, ыктиярсыз, көнбіс деңгейде калып, ол кері жағымсыз мінез — құлықты берер еді. Ынжық, жігерсіз, одан келіп, жауапкершілікті сырты күштерге арта салу, қалыптас кан тіршілігін бәз баяғыша жалғастыра беруге дәрменсіздік — міне, осының бәрі шыдамдылық, төзімділік, сабырлылықтың әлсіреуінен келіп шығады. Төзімділік күбылысы — үлггык көріністерді бейнелейтін адамныңды түрлі өмірінің этно-мәдени, әлеуметтік ортада рухани жетілу деңгейі мен бағытын өзгені тану, түсіну, кішіпейілдік, адамның рухани өмірін жетілдіретін тұтас түсінік, белсенді көзқарас.
Жалпы төзімділік өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрі нісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастар дың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.
Адам баласының бір-біріне деген сыйы мен құрметі сұйылып, оның үстіне бір-біріне деген сенімсіздіктері ұлғая түсіп, ол келіп тұтас бір мемлекеттердің арасындағы қырғи-қабақ соғысқа ұласып, дүниені үрей мен қауіп билеген сәтте біздің елімізде көне тарих бұрын-соңды естіп те, көріп те білмеген конфессияларалық және ұлтаралық төзімділік пен үйлесімділіктің белгісі болып табылатын әлемдік маңызы бар форум өткізілді; оны енді жалпы адамзат баласының өзара түсінушілік және бірін-бірі құрметтеу, бірінің уәжін бірі төзімділікпен тыңдай білуі арқылы бейбіт қатар өмір сүру бағытында жасалған қадам деп түсінуге болады.
Дүние жүзінде дінаралық негіздегі кикілжіңдер көбеймесе, азаяр емес. Ал Қазақстан қоғамында толеранттылық пен діни төзімділік ауаны қалыптасқан. Мұны осыдан 10 жыл бұрын, 2001 жылғы Нью-Йорктегі оқиғалардан кейін сол кездегі Рим Папасы Иоанн Павел ІІ атап көрсеткен: «Ұлы Даладағы бейбітшілік пен келісім бейбіт өмірді көп ұлтты мемлекетте де сақтауға болатынын айғақтап отырғаны жағымды жағынан таңқалдырады», деген еді ол.
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілге нінің белгісі. Біле білсек, төзімділік – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біз төзімді қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға ерекше мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел болатыны белгілі. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблеяның қызметі еліміз үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше.
Ассамблеяның негізгі функциялары мен өкiлеттiктерi:
1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм, мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту саласында шаралар әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
3) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм үлгiсiн елде және шет елдерде насихаттау.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды.
Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер төзімділікы қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше төзімділік қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел болатыны белгілі. төзімділікылық бізді ассимилиацияға түсірмеуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік саясатты барынша айқындап алуымыз шарт. Сонда ғана төзімділік біздің мақсат-мүддемізге жұмыс істейтін болады.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғаш жылдары қабылданған, мемлекет қызметінің негізін қалайтын құжат болып табылатын Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін дамыту Стратегиясында ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекет дамуының жеті ұзақ мерзімді басымдықтарын атап өткендігі белгілі. Аталған құжатта аса маңызды басымдықтардың ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды бірігіп нығайту міндеттері көрсетілген; олар орындалған кезде осы және алдағы онжылдықтар ішінде ұлттық стратегия жүзеге асырылатындығы туралы да айтылған.
Бүгінгі күні Қазақстандағы төзімділік, бейбітшілік пен амандықтың көзі болып табылатын, қазіргі заманның нақтылығына айналған басты құндылықтардың бірі, бүкіл қазақстандықтардың ауызбірлігінің негізі және ел басшылығының ішкі саяси бағыттағы саясатының негізгі құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, еліміздегі төзімділік – Қазақстан Республикасының халықаралық кеңістіктегі оң имиджінің негізгі құрамдас бөлігі. Халықаралық қауымдастықта біздің елімізді мемлекеттегі ішкі саяси ахуалы аса қолайлы мемлекет деп біледі. Сонымен қатар, елімізде этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың жоқ болуы, ішкі саяси тұрақтылықтың нық орнағандығы елімізді 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекетті әрі аталған беделді ұйым Саммитінің өткізілу орнын таңдау барысындағы айқын алғышарттарына айналды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық үндесудің өз үлгісін қалыптастыра алды, оны басқа елдерге де өз саясаттарын қалыптастыру барысында пайдалану үшін ұсынуға болады: «Күні кеше ғана дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара құшақ ашқан бүгінгі Қазақстанның символындай болған дәл осы сәулетті ғимаратта бас қосқан ислам, христиандық, яһуди, будда және басқа дін өкілдері біз ұстанған осы саясатты ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің әлемдегі ең үздік моделі ретінде бағалап, Қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен келісім аймағы деп жариялады»[11, 1 б.].
Осыған дейін аталғандай, Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлттар мен конфессиялар бейбіт өмір сүретін бірегей мемлекет ретінде сипатталады. Қазақстанның оң бейнесі мен еліміздің ішкі саясатындағы оң ахуал – ел басшылығының бабаларымыздың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген, дана саясатының нәтижесі деп білуге болады. Қысқаша айтқанда оны «төзімділік саясаты» деп атауға болады. Оның негізі еліміздің Ата Заңында келтірілген: «1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 2. Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» [12, 1 б.].
Конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту жөніндегі саясат – мемлекет дамуының «бетімен жіберілген іс» болып табылатын бағыты емес, керісінше, ел басшылығы осы мәселеге ерекше назар аударуда. Біздің елімізде республикадағы этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар – оның қазіргі кездегі жағдайын түсініп, дұрыс бағытта дамуына ықпал ете алатын, өзара тиімді үндесуді жөнге келтіре алатын мемлекет тарапынан сенімді серіктесті талап ететін қарым – қатынастар. Өйткені аталған қарым – қатынастар мемлекеттегі тұрақтылық пен оның үйлесімді дамуына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қазіргі кезде этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар жүйесінің осындай «серіктестері» құрылған, олар: Қазақстан халқының Ассамблеясы мен Діни істер Агенттігі. Өз нысандары бойынша ерекшеленетін осы екі ведомствоның ортақ бір мақсаты бар, ол – біздің мемлекетіміздегі конфессияаралық және этносаралық келісімнің сақталуы мен нығайтылуына ықпал ету. Ағымдағы жылы мемлекет пен конфессиялар арасындағы дәнекерлік «үндесуді» нығайту жөніндегі жұмыстың қисынды жалғасы ретінде ҚР Президенті жанындағы Академиясының негізінде Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды.
Орталық этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастардың іргелі зерттеулерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, Орталықтың екінші міндеті – этномәдени бірлестіктермен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру. Орталық төзімділік пен этносаралық келісудің шетелдік тәжірибесін күрделі зерттеуімен айналысып, Қазақстан ның осы саладағы жетістіктерін насихаттайтын болады. Қазіргі кезде ҚХА ғылыми кеңесі мен жаңадан құрылған Орталық басқа да ғылыми – талдағыш құрылымдармен бірлесіп, этносаралық қарым – қатынастар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізу барысындағы үйлестікті қамтамасыз етуі тиіс. Орталық қызметінің нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестіктер қызметкер леріне арналған нақты ғылыми – негізделген, тәжірибелік нұсқаулықтар әзірленетін болады.
Ассамблея, Агенттік, Орталық – барлық осы органдар елімізде конфессияаралық және этносаралық қарым – қатынастардың нығайтылуы мен дамуына ықпал ету мақсатында құрылған.
Аталған органдар құрылғанға дейін республикада этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар мәселесімен жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті құрылымдары айналысатын.
Яғни, қарастырылатын салаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің қызмет ету нысандары мен қызмет аясы әралуан: ол жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың, атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметшілері. Сонымен қатар, аталған салада қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер фактыларды анықтап, көрсетумен, конфессиялар мен этностар арасындағы өзара қарым – қатынастарды зерттеумен айналысатын, дәстүрлі емес және мемлекеттің саясатына қайшы қызметті жүзеге асыратын, тіркелмеген діни бірлесіктердің қызметтерін айқындайтын қызметкершілер.
Алайда жоғарыда аталған ведомстволарда қызмет ететін барлық мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік маңызы зор, ауқымды әрі ортақ бір мақсаты бар; ол – елімізде конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты — қазақтар мен орыстарың және басқа да этнос өкілдерінін достығын нығайту, Орталық Азия халықтарынын бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің куатты факторы ретінде бірлікті нығайту деп біледі [13].
Ал осы бірлікке қол жеткізудің маңызды шарты – мемлекеттік қызметті тиімді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік идеологияны, мәдени факторларды дұрыс қалыптастыра білу. Осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің міндеттері. Яғни, елімізде төзімділікті нығайту ісінде мемлекеттік қызметтің, атап айтқанда осы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің үлесі зор.
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы [14].
Мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттің функциялары мен міндеттерінің әралуандылығына байланысты.
Мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының ахуалы аталған салада сауатты негізде жөнге келтілірген өзара қарым-қатынастарға байланысты; өз кезегінде бүкіл мемлекеттің ауқаттылығы — ішкі саясаттың жағдайына байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтағы беделі республиканың ауқаттылығы мен экономикалық даму деңгейіне байланысты. Тек іштей берік әрі мықты мемлекет қана сыртқы саяси өзара қарым-қатынастарда да мықты болып, ойлаған жетістіктер мен беделге ие бола алады. Осы салада қателіктер орын алатын болса, мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық басқа салаларына: елдің экономикасына да, ішкі саясатына да, сыртқы қарым – қатынастарына да және т.т. кері әсерін тигізуі мүмкін.
Этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар саласындағы саясат мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына әрі мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне жауапты мемлекеттік механизмнің сансыз буыны — мемлекеттік қызметшілердің қызметі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер — бүкіл мемлекеттің бейнесі. Сондықтан да, қазіргі кезде, Қазақстан екінші онжылдыққа жуық Орталыққа есеп беретін, КСРО деп аталатын ірі мемлекеттің «еншілес» республикасы емес, тәуелсіз, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін әрі халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүше-мемлекетіне айналғандыққа байланысты қызмет нысаны этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар болып табылатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің моральды – психология лық бейнесі мен кәсіби қасиеттерінің маңызы ерекше. Өйткені мемлекеттік қызметші қызметінің нәтижесі – бүкіл мемлекеттің нәтижесіне айналып, оның қызметте жіберілген олқылықтары – бүкіл мемлекеттің кемшілігіне айналып кетуі мүмкін. Атап айтсақ, этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар саласында қызмет ететін мемлекеттік қызметшінің негізгі кәсіби қасиеті – оның толеранттылығы, яғни бөгде пікірлер мен әрекеттерге деген төзімді қарым – қатынасы, басқа біреулермен, әсіресе өзге ұлт, этнос, конфессия өкілдерімен өзара қарым – қатынас барысында наразылық білдірмей, абыржымау. Толерантты, төзімді адам өзінің ерекше бір дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылмай, басқалардың нанымдарын құрметтей алады. Ол адамның белгілі бір деңгейдегі өте сирек кездесетін мінез ерекшелігі, бірақ мемлекеттік қызметші аталған қасиеттерді иеленуі тиіс: өзіне қойылған міндеттерді орындау барысында да, аталған қасиетті қазақстандықтардың санасына енгізу кезінде де.
Әртүрлі нанымдардың, әртүрлі мәдениеттердің бір қоғамда мәдениета ралық түсіністік арқылы бейбіт әрі үйлесімді қатар өмір сүруі, мүдделердің өзара келісіміне негізделген үндесу жаңа формациядағы мемлекеттік қызметшілер қызметінің қағидасына айналуы тиіс. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшінің жаңа бейнесін, яғни мемлекеттік қызметшінің жаңа үлгісін қалыптастыру үрдісі орын алуда. Және де мемлекеттік қызметші қызметінің төзімділік қағидаты, яғни адам құқықтарының үстемдігіне, елде демократия мен құқықтық тәртіптің орнатылуына ықпал ету міндеті мемлекеттік қызметшінің бейнесін қалыптастыру барысындағы негізгі қағидаға айналуы тиіс. Төзімсіздік көріністері – басқа адамдарға қатысты құрмет сезімінің жеткіліксіздігі. Аталған сезімнің бастауы – кейбір адамдардың тек өз көзқарастары мен өздерінің өмір бейнесі қана басқалардан артық деген ойда. Төзімсіздік көріністері кез келген мөлшер мен деңгейде болуы мүмкін: қарапайым өркениеттіліктің жеткіліксіздігінен, басқалармен есептеспеушіліктен бастап адамдарды елемеушілікке, адам болмысының іргелі құндылықтарын мойындаудан бас тартуға және адамдарды әдейі кемсітуге дейін.
Адамның құқықтары мен бостандықтары, төзімділік қағидалары Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымы сынды халықаралық ұйымдар тарапынан ерекше назарға алынған құндылықтар. Ал Қазақстан аталған ұйымдардың беделді әрі белсенді мүшесі. Сондықтан да біздің еліміз халықаралық қауымдастық мойындаған әрі еліміздің дамуына оң ықпал ететін негізгі қағидаларды, атап айтқанда, төзімділік қағидасын сақтап, мемлекет қызметінің негізі ретінде қарастырады.
1995 жылы Париж қаласында өткізілген Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас конеренциясының жиырма сегізінші сессиясында барлық адамдар өз табиғаттары мен болмыстары бойынша әртүрлі, алайда олардың ар – намыстары мен құқықтарының теңдігін жария еткен Төзімділік қағидаларының декларациясы қабылданған.
Аталған құжатқа сәйкес төзімділік әлем мәдениеттерінің бай әралуандығын, адам даралығының өз ойын білдіру нысандары мен әдістерін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсінуді білдіреді. Мемлекеттік деңгейде төзімділік әділ әрі бейтарап заңнаманың бар болуын, құқықтық тәртіп пен сот – іс – жүргізушілік және әкімшілік нормалардың сақталуын қалайды. Қазақстан ЕҚЫҰ және ИЫҰ төрағалық ету шеңберінде төзімділік қағидала рының жолын қуатындығын жария етті.
Ал 2010 жылғы 30 маусымда Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ-ның Жоғары деңгейдегі конференциясында «ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасының Төзімділік және кемсітпеушілік жөніндегі Астана декларациясы» қабылданды.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы ретінде өз қызметінің барысында міндетті түрде халықаралық деңгейде бекітіліп, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізі болып табылатын төзімділік қағидаларын сақтауы тиіс және діни конфессиялар өкілдерімен, өзге этнос өкілдерімен өзара әрекеттесу барысында оларға да өздерінің өмірлік іс-әрекеттері барысында аталған қағидаларды сақтауды аманат етуі тиіс. Өйткені қазіргі кезде конфессияларық қарым-қатынастар саласында қабылданған көптеген құжаттар, мемлекеттік маңызы бар стратегиялар мен бағдарламалар әрбір адамның басқа ұлт, басқа этностар өкілдерімен өзара қарым-қатынастарда төзімділік, өзара түсіністік пен сыйластықты орнатуды талап етеді, ал аталған құжаттардың мән-мағынасын көпшілікке жеткізу міндеті мемлекеттік қызметшілерге жүктелген.
Қазақстан тәуелсіздігінің нық болашағын қалыптастыру, еліміздің өсіп-өркендеуі мен нығаюы үшін қазақтың – өзіміздің ұлттың бірлігі талап етіледі. Ал мемлекеттік қызметшілер — осындай бірлікті қамтамасыз етуші мызғымас күш.
Ұлтаралық қарым-қатынастардағы мемлекеттік қызметшілер мәдениетінің негізгі қағидаттары: іс-әрекет бірлігі, халықтардың ауызбірлігіне, конфессиялар мен этностардың өзара ынтымақтастығына ықпал ету, олардың мүдделері мен құқықтарын құрметтеу. Төзімділік – Қазақ елінің ЕҚЫҰ сынды беделді Ұйымға төрағалық етуі кезінде ұстанған басты ұрандарының бірі болып саналады және осы беледі ұйымға төраға ретінде сайлану алғышарттарының бірі болған.
Толеранттылық, яғни төзімділік өз тамырын Қазақстанда кеңінен жайған деуге болады. Себебі, дәл қазіргі таңда еліміз түрлі конфессиялар мен түрлі этностар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып қана қоймай, дінаралық татулық бағытында батыл бастамалар көтеріп жүрген жас мемлекет ретінде айдай әлемге танылды [15].
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы діни ахуал көп жағдайда оның полиэтностығы және поликонфессиялығы құрылымымен айқындалады. Көптеген ғасырлар бедерінде Ұлы Далада бейбітшілік пен келісімде көптеген этностар өкілдері мен түрлі дін ұстаушылар бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеді. Ал қазіргі кезде Қазақстанда 40-тан астам түрлі конфессиялар мен деноминациялар өкілдік ететін 4 мыңнан астам діни бірлестіктер іс-қимыл танытуда.
Конфессияаралық және ұлтаралық толеранттылықты нығайту проблемалары өзіне тұрақты назар аударып тұруды қажетсінеді. Оны шешуден елдегі ішкі саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік, Отанымыздың дамудың жаңа көкжиектеріне қарай сенімді бағыт алуы айқындалады. Осы ретте Қазақ елі өзіндегі тұрақтылықты ғана қамтамасыз етіп қоймай, бүкіл әлемдегі діндер өкілдерінің басын қосып, жаһандық деңгейде конструктивті үнқатысуды ілгерілетуге ұмтылыс танытып отыр. Мұндай саясаттың табыстылығына бұған дейін, яғни 2003, 2006 және 2009 жылдары Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І, ІІ және ІІІ съездерін өткізу айқын айғақ болып табылады.
Астанада ұйымдастырылған І, ІІ және ІІІ съездер конфессияаралық толеранттылықты әлемдік ауқымда нығайтуға үлкен ықпал етті. Бұған қол жеткізуге болатынына әуелден діни бірлестіктердің қызметін оңтайландыру жолын таңдағанымен, діни үдерістерге сырттай бақылаушы ғана болып қалмаған Қазақстан мемлекетінің тәжірибесі сендіре түседі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы өткен Съезд қарсаңында сол халықаралық ауқымды жиынның бітімгершілік әлеуетіне үлкен үміт арта отырып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері жаһандық маңызға ие аса ірі халықаралық бастамалардың бірі болып табылатынын атап көрсеткен болатын. Ал бүкіл дүние жүзінің прогресшіл көзқарастағы тұрғындары, яғни түрлі конфессиялар өкілдері 2012 жылдың 30 және 31 мамырында өткізіледі деп жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті ІV съезі Жер шарындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға үлкен үлес қосатын форум болуы тиіс деп есептейді [16].
Біздің мемлекетіміздің діни пікір алуандылығына (Қазақстанда 50-ден астам конфессиялар мен деноминациялар қызмет етуде) деген төзімді қарым – қатынасы дін немесе сенімдер негізіндегі төзімсіздік пен кемсітуден конституциялық – құқықтық кепілдіктерінің бекітілуімен расталады. Сонымен қатар, Қазақстан бүкіл әлемге өзінің төзімділік және конфессияларалық үндесу саясатын басшылықыққа алатын ел екендігімен белгілі. Астанада Елбасының бастамасы бойынша өткізілген Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер съездері барлық конфессиялар өкілдерінің бейбітшілікке деген ұмтылысын қуаттап берді. Минск және Слуцк Митрополиті, Белоруссия Экзарх Патриархы Филарет атап өткеніндей, «Орыс православие шіркеуі достас дәстүрлі діни қауымдастықтармен үнқатысуға қашанда ашық. Әлемдік тәртіп барлық халықтардың бауырластық негізінде бейбіт қатар өмір сүрулерінің арқасында ғана құрыла алады. Және бұл діни дәстүрлер арқауы болып табылатын адамгершілік қалыптардың бекуінсіз де мүмкін емес».
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінде елімізден шейх, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі өкілдік етіп келеді. Ол Қазақстанның дінаралық үйлесім мен келісімнің үлгісі екенін әр кез айтып жүр. Ел тұрғындарының 70 пайыздан астамы ислам мәдениетімен байланысты болса, қалған отандастарымыз өзге діндерді ұстанады. Бірақ олардың барлығы, діни көзқарастарына қарамастан, өзге діндегілерге шынайы құрметі мен төзімділігін айқын көрсетуде. Осы себепті, біздің жерімізде жасампаздық пен келісім салтанат құрып отыр.
2003 жылғы қыркүйек айының 23-24 күндері қазақ жерінде тұғшы рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі өткізілді. Съезге қатысушы түрлі діндер мен конфессиялардың 17 делегация мүшелерімен бірауыздан Съезд қорытындылары бойынша келесі Декларация қабылданған болатын.
«Біз, – деді Декларация қабылдаушылар, – төзімділік, ақиқат және сүйіспеншілік діни уағыздың мақсаты болуы қажеттілігі сияқты құндылықтарды қастерлеп, оны онан әрі дамытуға тиістіміз. Бәрі де дін жолы үшін деп жасалып жатқан экстремизм, лаңкестік және өзге де зорлық-зомбылық әрекеттер діни ақиқатқа ешбір қабыспайды, олардың барлығы да адам баласының өмірі қауіп төндіретін болғандықтан, біз мұны жоққа шығарамыз. Дінаралық диалог қоғамдық дамудың маңызды құралы бола отырып, ол барлық халықтардың жағдайларын жақсартуға ықпалдасуға тиісті. Біз жаңа мыңжылдықта бейбітшілікті сақтап қалу үшін рухани құндылықтар мен мәдениеттердің ынтымағы мен бірлесуін күшейту үшін онан әрі жаңа қадамдар жасауға міндеттіміз.
Біз Қазақстан Республикасына және оның мәртебелі Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осы Съезді өткізуге бастамашыл болғандығы мен тамаша ұйымдастыра білгендігі үшін алғысымызды айтамыз!».
Әлемде өткен ғасырдың соңғы және жаңа ғасырдың алғашқы он жылдығында болған оқиғалар төзімділік деген ұғымның өзіне күрделі өзгерістер әкелген, осының салдарынан ЕҚЫҰ кеңістігіндегі саясатқа да нақты өзгерістер енген. Этносаралық, мәдени, діндік және өркениеттік өзара іс-қимылдар жағдайына да өзгерістер енді.
Еуропа құрлығының тарихында халықтардың ұлы көші болған сонау замандардан кейін соңғы жылдары әлемнің басқа аймақтарынан миллиондаған тұрғындардың жаппай көшкенін атауға болады. Олар жаңа жерге өздерінің мәдениетін, дінін және құндылықтарын ала барды. Осыдан жиырма шақты жыл ғана бұрын қайсыбір академиялық проблема болған бұл мәселе қазір нақтылыққа айналып отырі [17].
Қазақстандық үлгідегі төзімділіктің ерекшеліктері:
- біріншіден, төзімділіктің қазақстандық моделі қазақ халқының сан ғасырлық тарихында қалыптасқан төзімділік, шыдамдылық, қонақжайлылық, өзге халықтарға, мәдениеттер мен діндерге деген құрметі сияқты қасиеттерінің негізінде құралған;
- екіншіден, тәуелсіздік жылдардағы Қазақстанда төзімділік саяси мәдениеттің нормасы ғана емес, жалпы мемлекеттік саясаттың өзекті қағи даты болды. ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстанда тұңғыш рет айрықша қоғамдық институт құрылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы деп аталатын бұл институт қазіргі кезде түрлі этностық топтар мен діни конфессиялардың мүдделерін тоғыстыратын табысты үндесу алаңына айналды;
- үшіншіден, төзімділікті негіз еткен қазақстандық саясат алғашқы кезден-ақ ішкі өлшемдермен қатар сыртқы өлшемдерді де ескеріп отырады. Осын дай жағдайлардың арқасында Қазақстанның төзімділік мәселесі жөніндегі саясаты айнымайтын бірізді, болжамды және «екі түрлі стандарт тан» ада. Сондықтан да ЕҚЫҰ-ның көптеген елдері Қазақстанның «қиын түйінді кикілжіңдерін» шешуде ара ағайын болуын қалайды;
- төртіншіден, Қазақстан өркениеттер аралық үнқатысулардың бел сенді жақтаушысына айналып отыр. Біздің еліміз мұсылман әлемі мен Батыстың арасындағы диалогтың дамуына жан-жақты жағдай жасайды және Өркениеттер альянсы достары тобының мүшесі.
2008 жылы біздің еліміздің бастамашылдығымен Астанада сыртқы істер министрлерінің “Ортақ әлем: көптүрлілік арқылы прогреске” атты форум өткізілді. Сондай-ақ үш рет болып өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің бастамашысы да Қазақстан болған.
Қазақстан елімізде төзімділік саясатының орнап, өркедей алғанға байла нысты осындай іс – шараларға бастамашы бола алды. Біздің еліміз төзімділік тің ерекше үлгісін көрсетуде, оның дәлелі біз Батыспен де, Мұсылман әлемі мен де саяси-мәдени байланыстамыз. Қазақстан Республикасы – елдегі көпші лік халықтың ұқсас құндылық бағдарларын қалыптастыруға, этникааралық және конфессияаралық келісім мен өзара сыйластықтың төзімді атмосфе расын құруға мүмкіндік туғызатын түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт өмір сүруінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған теңдессіз мемлекет [18].
1995 жылы қабылданған толеранттылық принциптерінің декларация сына сəйкес, төзімділік (толеранттылық) ұымын адамзат қоғамында алуан түрлі мəде ниетті түсіну, құрметтеу жəне дұрыс қабыл алу ретінде түсінуге болады. Декларацияда төзімділік «алуан түрліліктегі үйлесімділік» ретінде айқын далады. Мəдени алуан түрлілік адамзат қоғамында тең бейбіт қатар өмір сүруші мəдени топтардың көптүрлілігі ретінде қабылданады. Осыған орай, төзімділік қағидаты ұлттық, нəсілдік, діни, тілдік, əлеуметтік, жыныс тық белгілеріне қарамастан адам баласына төзімді қатынасты, құрметті талап етеді. Қазақстанда дін — мемлекет идеологиясының ажырамас бір бөлігі, халықтың өміршең тəрбие көзі, ел тірегі болып табылады.
Саяси жүйедегі саяси төзімділіктің қызмет етуі мемлекеттегі саяси тәртіпке (саяси режимге) байланысты болып табылады. Мысалы, елдегі тоталитарлы (авторитарлы) тәртіп интолерантты болса, демократиялық тәртіп – толерантты болуы заңдылық. Демократиялық мемлекет болып табы латын Қазақстан Республикасында саяси саладағы төзімді көріністердің негіздері қаланған. Алайда олардың дамуы азаматтармен және саяси күштермен аталған құндылықтарды дұрыс түсінуге байланысты болып табылады.
Қазақстандық қоғамда төзімділіктің дамуы саяси мәдениеттің ерекше ліктеріне байланысты, сондықтан да төзімділік мәселесін демократиялық саяси мәдениет шеңберінде қарастыру керек. Тәжірибе көрсеткендей, қазақс тандық қоғамда төзімді қарым – қатынастардың орнатылуы на саяси ерік – жігердің жетіспеушілігі, заңнаманың жетілмегендігі, аза маттардың заң алдында тек формальді негізде қана тең болуы, тиісті стра тегия мен мемлекет тарапынан нақты іс — әрекеттердің жоқ болуы, жағымсыз стереотиптердің сақталуы кедергі туғызады [19].
Қазақстан Республикасының билік органдары тарапынан өз азамат тарына төзімділік көрсету Ата заңымызда – Конституцияда көрініс тапты. Ол халықаралық құқықтық нормаларға, демократиялық қағидаларға сәйкес келеді және саяси төзімділік үшін негіз береді. Тұрғын халықтың саяси төзім ділігінің деңгейі көптеген жағдайларда елдің бірінші тұлғасына – Қазақстан Республикасының Президентіне деген сенімге негізделген.
Саяси төзімділіктің тағы да бір маңызды көрсеткіші – билік пен азамат тық қоғам арасындағы өзара қарым – қатынасында.
Тағы рефераттар
- Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары
- Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар мәдениеті
- Меншік құқығы туралы жалпы ережелер
- Менің жанұям
- БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ дипломдық жұмыс