Тренинг заңдары, мақсаты және міндеттері туралы қазақша реферат
Қиындықтар және келісе алмаушылықтар, міне осылар адамдарды бөледі, қорқыныш атмосферасына еніп, «топ арасында өзіңді жалғыз» сезінуге алып келеді, сенімсіздік, әлсіздік. Ал қызметкерлердің тренингтерге барып өз білімін жетілдіруі, қызметкерлерде әлеуметтік-психологиялық «иммунитет» қалыптастырады. Ол әрбір адамда кездеседі жеке және іскерлік қарым-қатынас кезінде қиын мәселелерді шешуге көмек береді. Іскерлік және дағды, әлеуметтік-психологиялық ортада қалыптасқан кез-келген қиындықты тиімді шешуге көмек береді.
Топтың мақсаты: жеке адамдағы әлеуметтік-психологиялық біліктіліктің артуы және индивидтің топтың арасында өзін қоршаған адамдармен тиімді қарым-қатынасқа түсе білуі.
Тренингтің мақсаты:
1) Әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы белгілі бір мөлшерде әлеуметтік-психологиялық білім алу;
2) Қатысушының әлеуметтік-психологиялық корекция мен қалыптастыра алушылық қабілетін арттыру;
3) Адамдарда әлеуметтік-психологиялық бірлігін түсіну;
4) Өзін-өзі түсіну және барабар өзгелерді де;
5) Өзгелерден және топтардан келетін психологиялық ақпараттарды қабылдай білу;
6) Индивидуалдық жеке қарым-қатынас жасауды үйрену ;
Әлеуметтік-психологиялық тренинг ұйымдастырудың басты принциптерінің бірі өзара қарым-қатынасқа сүйенген сұхбат болып табылады. Ол өзге адамдардың пікірін зейін қойып тыңдауға, сенімділікке, бір-біріне деген күмәннің болмауына, қорқыныштың болмауына сүйенеді.
Жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарты қатысушылардың практикалық тұрғыда әлеуметтік-психологиялық принциптерге сүйене отырып бірге жұмыс жасауы. Белгілібір жақсы нәтижеге жету үшін , кейде «адам таңқаларлық» сәттері болуы тиіс. Сондықтан әлеуметтік-психологиялық тренингте жеке әлеуметтік жұмыскердің құндылықтарын қалыптастыру барысында қатысушылардың өзін ұстауы жөнінде ашық сыр-сұхбат ұйымдастыру керек, кері байланыс әрекеті болуы тиіс.
Ең басты принциптердің бірі өзіндік диагностика, әрбір қатысушының және басқарушының топты сезінуі. Ол өзіне бірнеше сұрақтар мен тапсырмаларды кірістіреді, сол сұрақ не тапсырмаға байланысты кез келген қатысушы өзінің пікірін ашық айта алуы тиіс, яғни сұрақ кез келген жастағы, нәсіліне, дініне, жынысына қарамай оған түсінікті болуы тиіс. Сонымен қатар зерттеліп отырған әлеуметтік-психологиялық тренинг принциптеріне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Сол мәселенені аша білу кейіннен әлеуметтік жұмыскедің профессионалдық қалыптасуына септігін тигізеді. Маңызды сұрақтардың бірі топты біріктіру, топтастыру. Егер қажет болса тренинг барысында әлеуеттік индивидуалдық сұхбат құру қажет. Топтастыру барысында, жақсысы оған психологиялық таптаурын адамдарды кірістірмеу қажет, өйткені тренинг барысында мұндай адамдар үрейі жоғарылауы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде топтың түсініспеушілігіне алып келеді. Сонымен қатар тренинг барысында қатысушы өзінің әлеуметтік-психологиялық біліктілігін арттыру үшін емес тек уақытты қызықты немесе тиімді өткізу үшін келген болса ондай адамның тренингке мүмкіндігінше қатыспағаны дұрыс.
Тренинг барысында жетістікке жетудің басты тармағының бірі ерікті қатысу. Топ мүшелері өздерінің білімінің артатынына сеніп және айқындалған мақсатқа жетуді көздеу. Бірлік топта жылдам қалыптасады, егер топтың жұмысы нақты құрылымдыққа ие болса. Тапсырмалардың ұзақтылығы алдын ала бекітіліп қойылуы тиіс. Қатысушыларды бір шеңберге жұмсақ үстел бойлай жайғастыру керек.
Тағы рефераттар
- АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ дипломдық жұмыс
- Лизингтің мәні мен маңызы
- Метал кескіш аспаптардың түрлері
- Электр пештерінде болат өндіру
- Актиномицеттердің (оның ішінде стрептомицеттердің) антагонисттік қасиеттері