ЖОСПАР:
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………..3
І. ПАСКАЛЬ – БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІ
1.1 Паскаль бағдарламалау тілі……………………………………………………………………5
1.2 Паскаль тіліндегі операторлар бөлімі…………………………………………………….6
ІІ. ТУРБО ПАСКАЛЬ ОРТАСЫНДА ТАҢДАУ ОПЕРАТОРЛАРЫМЕН ЖҰМЫС
2.1 Паскаль тілінің операторы……………………………………………………………………10
2.2 Мәліметтерді шығару операторы…………………………………………………………11
2.3 Меншіктеу операторы………………………………………………………………………….14
2.4 Мәліметтерді енгізу операторы……………………………………………………………16
2.5 Шартты оператор………………………………………………………………………………..19
2.6 Шартсыз көшіру операторы…………………………………………………………………23
2.7 Таңдау операторы………………………………………………………………………………..26
2.8 Циклды(қайталану)операторы……………………………………………………………..27
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ..…………………………………………………..30
Кіріспе
Бүгінде, дүние жүзінде болашақ программистердің көпшілігі тіл үйренуді Паскаль тілінен бастайды. Себебі, ол логикасы қарапайым, құрылымдық программалау принципіне негізделген, қиын есептердің программасын бөлшектеп құруға мүмкіндік жасайтын, меңгеруге жеңіл, программа құрушыға да, оны пайдаланушыға ыңғайлы тіл.
Паскаль тілін Швейцария ғалымы Никлаус Вирт 1971 жылы АЛГОЛ алгоритмдік тілінің негізінде жасап шығарды. Тілдің атауы алғашқы есептеу машинасын жасап шығарған француз математигі, әрі физигі Блез Паскалдің құрметіне қойылған. Паскаль тілі әуелде программалау принциптерін студенттерге оқытып, үйрету мақсатында жасақталғанмен, 20 жыл ішінде үздіксіз даму үстінде болды. Оның соңғы нұсқалары икемді және жан-жақты қызмет атқара алатын жоғары деңгейдегі тілге айналды. Borland фирмасы Паскаль тілінің стандартын кеңейтіп Турбо Паскаль тілінің 6 версиясын өмірге әкелді. Оның соңғы Турбо Паскаль 7.0 версиясы – құрылымды программаларды жасақтауға жарамды әмбебап интегралдық ортасы бар, объект-бағдарлы және модулді программалау принциптерін пайдалана алатын, көптеген қуатты стандартты модулдері бар күрделі жүйе. Программалау процесінде MS DOS операциялық жүйесінің командаларын, компьютердің динамикалық жадын және рекурсивтік ішкі программаларды толық пайдалануға болатындығы, тілдің мүмкіндігінің зор екендігін дәлелдейді.
Турбо Паскаль 7.0 ортасы негізінде 1996 жылдары Borland фирмасы Delphi программалау жүйесін жасап шығарды. Жүйе пайдаланатын Object Pascal программалау тілінде Турбо Паскалдің негізгі қағидалары сақталған. Жаңа Class типін енгізу нәтижесінде ол өзгеше принциптер мен тәсілдермен толықтырылған. Delphi жүйесін пайдаланып, әртүрлі мақсатта қолдануға жарамды, бүгінгі талапқа сай, жоғары сапалы Windows жалғамаларын жасақтауға әбден болады. Турбо Паскаль ортасында программалауды жете меңгерген адам Delphi жүйесін де тез меңгереді.
курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар
- Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы
- Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау
- Топырақтың түзілуіндегі үгілу үрдісінің орны және топырақ түзуші факторлар. (1сағат)
- Аудиттің компоненттері, принциптері және концепциялары
- Құқықтық реттеудің мемлекеттік басқарудағы рөлі