Мазмұны
Кіріспе
1тарау Паскаль тілінің негізгі түсініктері…………..2
1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары ………………4
1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау………….5
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ……….6
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру.
Repeat операторы………………………………..8
1.5 Параметрлі қайталану операторы.
For операторы………………………………………9
1.6 Күрделі циклдер………………………………..11
1.7 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері.
Қадам бойынша орындау әдісі…………………………11
1.8 Мысал есептер………………………………….12
1.9 Қайталау (цикл)……………………………19
2.0 Сызықты және тармақты құрылымды алгоритмдерді программалау….21
2.1 Қайталанған құрылымды алгоритмдерді программалау…………..28
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі………………………………………….29
1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері.
Алфавиті
Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, …, Zz) араб цифрлары (0,…,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := — меншіктеу белгісі;
; — операторлар мен хабарларды ажырату;
: — айнымалыны бөліп көрсету;
= — айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету;
, — тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді пайдалануға болады.
Стандартты типтер
— бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
— нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
— логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)
ORD(N) N-нің рет нөмірі
ODD(N) N-нің жұптығын тексеру
PRED(N) N-нің алдынғы мәні
SUCC(N) N-нің келесі мәні
Нәтижесі бүтін болатын мәліметтердің бүтін типтерімен жұмыс істеу үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:
ABS(N) N-нің абсолют шамасы
A DIV B бүтін бөлу
A MOD B қалдықты бөлу
+ қосу
* көбейту
— азайту
TRANC(X) Х нақты санның бүтін бөлігі;
ROUND(X) Х нақты санды бүтінге дейін дөңгелектеу;
SQR(X) N санын квадраттау;
Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR — біріктіру немесе логикалық қосу; AND -қиылысу немесе логикалық көбейту; XOR — екінің модулі бойынша қосу.
Стандартты функциялар
ABS(X)-Х-тің абсолют мәні
ARCTAN(X)- Арктангенс Х
COS(X)-Косинус Х
SIN(X)- Синус Х
EXP(X)- е2
FRAC(X)- Х-тің бөлшек бөлігі
ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))/X)
ARCSIN(X)=ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X)))
Тілдің операторлары
• BEGIN END құрама оператор;
• IF…THEN шартты оператор;
• CASE…OF таңдауоператоры;
• FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
• REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
• WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;
Тағы рефераттар
- Полимер ерітінділерінің түрлері
- Қазақстан территориясындағы хандықтар
- Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
- Асцидтік ісікті алу.
- Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі