Біздің әрбіріміз өзіміздің жеке үйіміз болса деп армандаймыз. Әрине, көп қабатты үйдің кіре берісіндегі ұсақ-түйек мәселелер, есік алдындағы жастардың түні бойғы даңғаза шуы, өмірі бітпейтін жөндеу жұмыстары мен болмашыға бола есігіңді қағып тұратын қытымыр көршілердің әрекетінен талайымызды бұл ой сан рет шаршатқан да болар.
Үй салу үшін жер телімі болуы керек екенін білетін боларсыз. Мемлекет жер телімін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруды ынталандыруды қарастырған:
ü 10 соттықтан артық емес жер телімдері тегін беріледі;
ü Мұндай алаптар құрылыс басталғанға дейін инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымдармен жарақтандырылады;
ü Жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ) берілген алаңдар бекітілген бас жоспарға, детальдық жоспарлау жобасы құрылыс салу ережесі және елді-мекеннің жер-шаруашылық құрылымдарының жобасына сәйкес, алаппен қоршалуы тиіс.
Заңды құрылыс жұмыстарын бастау үшін, сіз жергілікті билік орындарынан келісімдер алуыңыз керек болады.
1. Сіз атқарушы биліктің жергілікті органынан үй құрылысын салуға рұқсат беретін қаулыны аласыз. Ол үшін сізге жерге иелік құқығыңызды білдіретін құжат, паспорт және оның көшірмесі, атқарушы биліктің жергілікті орган басшысы атына жазылған үй құрылысын салуға рұқсат беру туралы өтініш, үй жобасының көшірмесі мен жобалау ұйымының лицензиясының көшірмесі керек болады. Егер сіз кондоминиум қатысушысы болсаңыз, онда жобаны кондоминиум көршілермен де келісуіңіз керек.
2. Аудандық сәулет комитетінің геобақылау бөлімінің мамандарына жер телімін зерттеу бойынша актіге (жер телімінің шекаралары мен құрылыс осьтерін бөлу актісі) немесе өз бетіңізше құрылыс жүргізгіңіз келсе (іргетастан бастап ары қарай) — жер телімі мен үйдің атқарушылық топотүсірілімінің жоспарын құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Бұдан басқа, жер телімінің және құрылыс жүргізілетін ғимарат остерін шығаруға тапсырыс беру керек, егер құрылыс бұдан бұрынғы иелермен басталып қойған болса, жер телімінің жоспары мен жер куәлігінің көшірмесін ұсына отырып, үй мен жер телімінің топотүсіріліміне тапсырысты толтыру қажет болады.
3. Осы комитетке объектінің құрылыс паспортына тапсырыс беріңіз. Оған келесі құжаттар қажет болады: паспорт және оның көшірмесі, жер куәлігі және жер телімінің жоспары, аудан басшысының атына жазылған құрылыс салуға рұқсат беру туралы өтініш, құрылыс салуға рұқсат бергендігі туралы атқарушы биліктің қаулысы (өтініш), үй жобасы, жобалауға рұқсат берген лицензияның расталған көшірмесі, құрылыс басталмас бұрынғы жер телімін қарау актісі немесе құрылыс паспорты үшін жасалған топотүсірілім жоспары.
4. Құрылыстың жер телімінде орналасу жоспарына санитарлық және өрт инспекцияларының келісімін алыңыз. Жер теліміне жер асты және жер үсті коммуникацияларын жүргізу қажет болған жағдайда тиісті бақылаушы ұйымдармен (газбен жабдықтаушылардан бастап энергетиктерге дейін) жоспарға келісімін алыңыз.
5. Барлық келісімдері алынған жоспарды аудандық сәулеткерлік комитетіне апарып, объектінің дайын құрылыс паспортын алыңыз.
Бұдан басқа екі маңызды мәселе:
1. Егер үйдің жалпы көлемі 500 ш. м асып кетсе, құрылысты тағы да сол аудандық сәулеткерлік комитеті беретін сәулеткерлік жоспарлау тапсырмасына (ҮЖТ) сәйкес салуға тура келеді. ҮЖТ қалақұрылысы құжатында бекітілген сәулеткерлік объектінің экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы міндетті ережелерін, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау талаптарын, ерекше жағдайдағы құрылыстарды салуға көрсетпені және осы құрылыс барысында мүдделері қозғалатын заңды және жеке тұлғалардың құқын бұзбау талаптарын қамтуы тиіс. ҮЖТ-ны алу үшін жер теліміне сіздің иелік құқығыңызды растайтын құжаттарды (ұйғарым құқығы) немесе жер телімі меншік иесінің осы жерде жобалауға берген рұқсатын және өтінімді дайындау керек. Үй салмас бұрын, рұқсат беретін құжаттарды алғаннан кейін, бұдан басқа тағы да жер жұмыстары өндірісіне, құрылыс-монтаж жұмыстарына, және ең соңынан құрылыс біткен кезде сіздің салынған үйіңізді қабылдайтын ведомоствоаралық комиссияның (ВАК) құрылыс салуға беретін рұқсатын алу керек болады. Сіз алған құжаттардың барлығы екі жыл мерзімге жарамды болатынын ұмытпаңыз.
2. Есіңізде болсын,құрылыс барысындағы жобадағы барлық өзгерістер, (10%-дан жоғары болатын) ауданның бас сәулеткерінің рұқсатымен ғана іске асырылады. Жер теліміндегі келісілген үй жобасында және жер теліміне құрылыс тұрғызу жоспарында көрініс таппаған қосымша құрылыстар аудан әкімшілігінің және бас сәулеткердің рұқсатымен ғана іске асырылатынын ұмытпаңыз.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.zakon.kz – ақпараттық портал;
2) www.ads.gov.kz/kz/ — Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің сайты;
3) www.builder.kz – «Қазақстанның құрылыс порталы» сайты;
4) http://stroisowet.ru/ — «Строим сами. Строим вместе» сайты;
5) http://samstroidom.ru/ — «Построй свой дом сам» сайты.
6) www.zhkh-center.kz – «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй салу», «тұрғын үй құрылысы» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Тағы рефераттар
- ТМД елдерінің топырақ зоналары
- Құрылыс – монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау әдістері
- Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы түркілік дәстүр
- Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары
- Ертедегі Қытай философиясы