Үдеріс — латынша алға жылжу, өзгеріс деген мағынаны білдіреді. Жағдай, даму сатысының қалыпты ауысымы.
Зерттеу — жаңа білім алуға бағытталған ғылыми қызметтің үрдісі мен нәтижесі.
Мәселе — латынша міндет, тапсырма. Бұл субъектінің нақты жағдайда туындаған қиындыңтар мен қайшылықтарды өз білімі мен тәжірибесі арқылы шеше алмайтының ұғыну. Мысалы, балаларды оқытудың әдістемесін жетілдіру педагогикалық зерттеулер мәселесі болуы мүмкін. Алайда, мәселені біржолғы эксперименттік зерттеу арқылы шешу мүмкін емес, себебі мәселе шешудің мол әдістері бар.
Болжам — бұл мөлшерлік ерекшеліктегі тұжырым, алға ұсыну мен әксперименттік тексеріске ғылыми және тәжірибелік ерекшеліктегі негіздерді қажет ететін пікір. Болжам ғылыми түрде тұрақты болады, егер мына талаптарға сай болса:
Болжам түсініктемесі өте анық және қарапайым болуы тиіс.
Болжам қағидалы түрде тексерілетін, яғни экспериментті түрде дәлелдемелі болуы керек.
Мағынасындағы барлық құбылыстар тұжырымдарына түсінік беру керек.
Болжам, мысалы, оқушылардың компьютерлік дағдыларының қалыптасу үрдісі тиімді болады, егер:
-оқушылардың оқу-компьютерлік дағдыларының мәні мен құрылымдық жүйесі анықталса;
-сабақта арнайы есептер мен жаттығулар пайдалану
оқушылардың оқу компьютерлік дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді;
Зерттеу мақсаты — бұл зерттеулерден күтілетін соңғы нәтиже. Қалыптасқан зерттеулер:
-бұрын зерттелмеген, аз зерттелген, қарама-қайшы зерттелген құбылыстар ерекшеліктерін анықтау;
-құбылыстар арасындағы өзара қатынастарды анықтау;
-құбылыстардың дамуын зерттеу;
-құбылыстың жаңа қалпын анықтау;
-құбылыстың жаңа табиғатын ашу;
-заңдылықтарды жинақтау, айқындау;
-топтастыру, жіктеу;
-әдістеме жасау;
-әдістеменің бейімделуі;
Зерттеу міндеті — алға қойылған болжамға сәйкес мақсатқа жету жолдары мен амалдарын таңдау. Міндет қою зерттеулер мақсатын шағын мақсаттарға бөлшектеумен негізделеді. Жұмыста алға бірнеше мақсат қойылуы мүмкін.
Зерттеу әдістемесі — бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу әдісі, заңды байланыстар, қатынастарды белгілеу мақсатындағылыми ақпараттар алу және ғылыми теорияны құрау.
Қарама-қайшылықтар дамуының қозғаушы күші болып табылады. Оларды жай түрде қалыптастыруға болмайды. Олар зерттеу нысаны мәнінен туындайды.
Зерттеу нысаны — бұл проблемалық жағдайды тудыратын үрдіс немесе құбылыс. Мысалы: тәрбие, білім, даму, жеке тұлғаның, ұжымның қалыптасуы.
Зерттеу пәні — бұл нысан шекарасына енетін, нысанның белгіленген қасиеттері. Пәнге жалпы құбылыс немесе олардың жеке жақтары, аспектілер мен жеке тараптар және олардың бөлінбес бөлігі арасындағы қатынастар болуы мүмкін.
Мысалы: зерттеу нысаны оқушыларды сабақта комньвдгерді қолданып математика мен информатикаға оқыту үрдісі болуы мүмкін.
Тағы рефераттар
- Қазақтың ұлттық музыка аспаптары
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және Екі жақты жазу жүйесі курстық жұмыс
- Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы
- Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
- Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың ортақ педагогикалық мақсат- мұраттары