Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім :
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті. Қараханидтер.

Қорытынды

Кіріспе

Бұлақ деген атпен белгілі қарлұқтар туралы бірінші мәлімет 5 ғасырдың еншісінде. 7 ғасырдың ортасында қарлұқ бірлестігініңқұрамына үш ірі тайпа кірді – бұлақ, чигил және ташлық. Көсемдері елтебер деген дәрежемен аталды. 742 жылы Монғол даласындағы саяси күш қарлұқтар, ұйғырлар және басмылдар құрайтын одақтың қолына өтті.
Басмылдар қысқа мерзімде басым болып олардың көсемі Қаған болды, бірақ 744 жылы ұйғырлар мен қарлұқтар басмылдарды талқандады. Осы жағдайдың нәтижесінде Орта Азияда Ұйғыр қағанаты деген жаңа мемлекет пайда болды (744 – 840).
Ұйғыр халқының көсемі жоғары қаған болып, қарлұқ көсемі батыс ягбу деген дәрежеге ие болды. Қарлұқтардың бостандыққа ұмтылуының нәтижесінде олар ұйғыр қағанатынан бөлінді.
8 ғасырдың ортасында оғыздар мен қарлұқтардың арасында түргештердің жалғасы үшін күрес болды.
766 жылы бүкіл Жетісу түргеш қағанының екі тірегімен – Тараз және Суяб қарлұқ ягбуының қолына көшіп Қарлұқ мемлекеті пайда болды. Қарлұқтардан жеңілген оздар Жетісуды тастап Сырдария жағалауына кетті.
Қарлұқтар тайпасы жаңа жерлерді иелену саясатын бастап, 766 – 775 жылдары Қашқарияны алды, соңынан 8 ғасырдың аяғында өз үкімін Ферғанаға жүргізді.
8 – 10 ғасырларда қарлұқтар тайпасы Қазақстанның кең аймағына жайылды. Жоңғар Алатауынан Сырдарияның орта ағысына дейін, Балқаш және Ыстық көл аралығында, Іле, Шу, Талас өзендерінің бойында, Тянь-Щань тауының тарамдарында, Исфиджаб облысында орта ғасырдың қаласы Отрарға дейін.
Қарлұқтар мемлекетінде 25 қала және елді мекендер болды. Үздіксіз соғысқа байланысты, (араптармен, көшпенді тайпалармен, усобицтермен) Қарлұқ мемлекеті 940 жылы Қашқарда күйреді.

Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті. Қараханидтер.

Екінші Түрік қағанатының құлауынан далада саяси қуыс пайда болды.
Түрік тайпаларына билік жүргізу үшін, қаған дәрежесі үшін жеңімпаз тайпалар Ашин империясын майдалаған басмылдар, ұйғырлар, қарлұқтар күреске кірісті. Басмылдардан билікті жеңіп алғанұйғырлар күшті шықты.
Ұйғырлар, түріктер, қырғыздар және қыпшақтар Орта Азияның ежелгі тайпа одақтарына жататын.
3 – 5 ұйғырлар, қытай династикалық хроникасында ГаоГюй деп аталалын бірлестікке кірді (биік арба). 5 ғасырда жаңа атау пайда болды, ол одақ – теле (тегрег “тележник”) деп аталды. Арбакештердің өте көп тобы батысқа қарай ауды, Қазақстан даласына және Оңтүстік – Шығыс Европаға. Қалғандары Орта Азия даласында түріктерге бағынып солардың мемлекетінің құрамына кірді.
Арбакештердің негізгі жерлері Жоңғарияда және Жетісуда болды. Бірақ 605 жылы батыстық түрік Чурын – қағанның жүздеген көсемдерін сатқындықпен сабағаннан соң ұйғыр басшысы тайпасын Хангай тауына алып кетті, сол жерде арнайы топ құрды, Қытай жазушыларының атауымен “тоғыз тайпа”. Орхан жазуында “токуз огуз” деп аталады.
630 жылдан бірінші түрік қағанаты құлағаннан соң токуз огуздар негізгі саяси күш есебінде көрініп, Яглакар тұқымынан бас болған оныншы тайпасы ішінде көсемдігін мойындатты. Токуз – огуздың көсемі елтебер Тумиду 647 жылы Тола, Орхан өзендерінің өуізінде өз мемлекетін құрды. Қытай хроникасы хабарлады: “Тумиду қаған деп өзін — өзі атады және шенділерді түрік шенділерімен теңестірді” деді. Тан үкіметі жаңа мемлекетті мойындамады. 630 – 663 жылдары токуз огуздар және Тан империясының арасында соғыс жүрді, ол соғыста қытай армиясы жеңіске жете алмады.
Бәрібір 80 жылдардың басында токуз огуздар Элтериш – қаған түріктерімен соғыста жеңілді және мемлекетінен айрылды.
Ұйғырлардың жаңа мемлекеті бұрынғы одақтастардың, басмылдар, қарлұқтардың қиянкесті соғыстарымен, Яглакар династиясына токуз – огуздардың қарысқан қарсылықтарын жеңумен дүниеге келді. Яглакар тұқымының қаған дәрежесін ұйғырлар сақтай алды, дегенмен толық жеңіс 755 жылғы Қытайдағы соғыстың үлкен жеңісінен кейін келді. Түрік – согди тұқымынан шыққан білікті де көрнекті әскери қолбасшы Ань Лушань басқарған шекара әскерінің көтерілісі соңынан азамат соғысына жалғасып кетеді.
Этелмиш Бильге – қаған (747 – 759) және оның баласы Бегю – қаған (759 – 779) , император үкіметіне қолдау көрсетіп, көтерілістерді басып, сол үшін үлкен көлемде пайда тапты. Табыс және шекарадағы тиімді сауда бірқатар уақытта қағанатта тынышық және абырой сақтады. Бегю – қаған Қытайдан өз астанасы Орхонғасоғыстан түскен олжаға және император силықтарымен қоса жаңа ілім өкілдерін – согдилік миссионерлерді ала кетті, соңынан Лоянда солардың дінін мойындады. 763 жылдан сол жүз жылдықтың соңына дейін ұйғырлар Орта Азияның ісінде саяси шешуші роль атқарды. Олардың қарсыластары тибеттер мен қарлұқтар ғана болды. Қарлұқтардың бас көтеруі Орталық Азияда батыс түріктерінің жаңа тармақта (тарихтың) мемлекетін қайта құруына байланысты болды.
“Уч карлук” деп аталатын ірі ұлт бірлестігі қытай жазбаларында бірнеше жерде кездеседі. 7 ортасындағы жағдайлардан кейін көп жылдар бойына Жоңғар көшпенділері Шығыс Қазақстан және Алтай (Монғол Алтайы да бар) қарлұқтардың негізгі аймағына айналған. 7 ғасырдың ортасында қарлұқтар батыс түрік қағанатында саяси белсенділік көрсетіп Жоңғар Алтайдан басқа Тохаристанды да бақылауына алды. Арабтардың мәліметтерінде Тохаристан билеушісі бірде “тохарлар ягбуы” ал бірде “қарлұқтар ягбуы” деп аталды. 710 жылы арабтың Орта Азияны жаулаушысы Кушейба ибн Муслим Тохаристан қарлұқтар ягбуын қамауға алды және ол көп жылдарын Дамаскіде өткізді, бірақ оның баласына әкесінің мұрасын жалғастыруға ол кедергі болған жоқ.
630 жылғы Қара Ертістің бойында Жоңғар қарлұқтарының көтерілісі, батыс түріктерінің Тон ягбу – қағанының өліміне бір себеп болды. 647 – 650 жылдарда қабылданған қарлұқтардың осы тобын шығыс түрік Чабыш – қағанға бағындыру әрекеті белгілі. Ол Солтүстік Алтайда Тан империясына қарсы күрес басталған болатын. Қарлұқтардың жалпы басшысы орхон жазбаларында елтебер дәрежесінде ескертіледі, үлкен бірлестіктерінің көсемдері де осылай аталған. Қытай мәліметтерінде қарлұқтардың салт – дәстүрлері батыс түріктерімен сәйкес делінген, ол тілдерінде де айырманың аздығын айтады. Қарлұқтардың тіл ерекшелігі Я әрпін Дже деп айтуында. “Ягбу” деген сөзді “Джагбу” деп айтатын. 7 ғасырдың соңынан шығыс түрік қағандарының қол астында бола тұрып қарлұқтар егемендігінен айрылғанына көне алмады. 8 ғасырдың бірінші ширегінде ғана Билге – қаған және Күл – тегін қарлұқтар көтерілісшілерімен шайқасқа үш рет қатысты, қолбасшы Кули – чора Тардушскийдің жазбаларында кескілескен шайқаста Тез өзенінің бойында (Солтүстік Батыс Монғолия) түріктердің жеңілісі айтылады. Басмылдар мен ұйғырлардың бірлестігіне қатыса жүріп, өзінің бұрынғы одақтастарымен жауласып, қарлұқтардың көсемі ягбу дәрежесін қабылдады, батыс түрік қағанаттарының басқарушылары солай аталатын. Ұйғыр Элетмиш Бильге – қағанның жазбаларында қарлұқтар жеңіліс тапқаннан кейін 746 ит жылы сатқындықпен қашты. Батыста “Он жебе” еліне келді. Элетмиш жағдайды дұрыс бағалаған еді. Келесі жылы қарлұқтар токуз – татарлармен одақтасып ұйғырлармен қайта соғысты. Бірақ Сырдария мен Алтай арасындағы әскери саяси жағдайдың күрт өзгеруіне қарлұқтарды жақын қарсыластарымен жаулықты уақытша ұмытып жаңа жаумен бірлесіп соғысуға мәжбүр етті.
Сулуктың өлімі мен Түргеш қағанатының ыдырауын пайдаланып Тан басшылары батыс шептен ақырындап Жетісуды бағындырды, ал империя армиясы Сырдарияға жылжыды. 740 жылы Қытай армиясы Таразды басып алып талқандады, басқарып отырған түргеш династиясы Қара Шора бір жола жоқ болып кетті. Жетісуда Қытай шендісі “хан он жебе” Ашина Сань пайда болып, 742 жылы куланда өлтірілді. 748 жылы қытай экспедициялық корпусы батыс түрік қағанатының астанасы Суябты басып алып талқандады. 749 жылы қытай армиясы Шаш қаласын алды (Ташкент). Жергілікті иесі өлтірілді. Тан губернаторы (Кучедегі) Гао Сяньчжи, Батыс шептегі айбынды қарсыластар толық мойынсұнды деп есептеді.
Дегенмен Хорасандағы аббас халифтерінің басшысы Абу Муслимнің табыстары қытайды алаңдатты, қарлұқтардың қарқынды қарсылықтарын шақырды.
Салих ибн Хумейдбастаған араб отряды Таразды алды, бірақ қытайдың күшті армиясының қоршауында болды. Шаш қаласының өлген иесінің баласының көмек сұрауына және өз отрядының тағдырына байланысты Зияда ибн Салихтың басқаруында бір отряд жіберуге мәжбүр болды. 751 жылы Талас өзенінің жағалауында қарсылас екі армия бірнеше күн бір шешімге келе алмай соңында жөндеріне кеткен еді. Бесінші күні Қытайдың арқа жағынан күтпеген жерден қарлұқтар соққы берді, ал алдынан арабтар шабуылға шықты. Тан армиясы көп әскерінен айрылып қашуға мәжбүр болды. Гао Сяньчжидің конвойы есі кеткен қашқындар арасынан әрең жол тауып алып шықты.
Мұсылмандар мен қарлұқтар үлкен олжаға кенелді, тұтқындардың ішіндегі қытай өнерлілерінің байқалғандары Самарқандқа жеткізілді және Иракқа. Ол жерде олар жібек мата, қағаз дайындаумен айналысты. Талас соғысы Тан қытайының Орта Азия ісіне араласуына біржола нүкте қойды.
Талас шайқасына қатысуымен қарлұқтар Тан сарйларымен қатнасын бұзған жоқ. 752 жылы алты жыл үзілістен соң қарлұқ ягбуының елшісі Чанаь империялық астанасына келді. Байланыстың тез қалпына келуіне екі жақты да алаңдатқан ұйғырлардың әрекеті болды. Сол жылы-ақ қарлұқ пен ұйғыр арасында соғыс басталды. Ягбу, Отюкен черндегі Орта Азияның кәдімгі билеушілері Яглакарлардың алған қаған престолын алуды армандаған еді, және ол негізсіз емес еді. Оның одақтастары енисей қырғыздары, басмылдар, түргештер, ал Хангай тауында қалған 744 жылдан кейінгі қарлұқ тұқымдастары Элетмиш үшін ең қауіпті болды.
Соғыс кезекті жеңіспен ұйғыр жерінің ортасында екі жылға созылды. Ұйғыр қағанына жеңіс өте үлкен еңбекпен келді.
Карлуктардың келешегі үшін соғыс салдары аз әсер еткен жоқ. Отюкен карлуктары Элетмишке бағынды, олардың белгілеген тутукін (управитель) қабылдады. Карлук Егбуы Қағанаттан біржола күдерін үзді және түрік Әулеті үшін соғысты тоқтатты. Оның бар арманы Жетісуды иеленіп Жоңғарды бекіну, Тарим бассейні қалаларында орналасу еді. Ол бұл жерде де сәтсіздікке ұшырады 756 жылы Карлук Әулетін жоңғар тобына бағынуға ұйғырлар мәжбүр етті. Екі қолбасшының (элетмиштің) батыс жорығы туралы Қағанның Терхин жазбаларынан белгілі. Ань Лушан көтерілісімен алынғаннан кейін Қытай батыс гарнизондарын қолдай алмады.Ұйғыр қағанатының бақылауында тек қана негізгі қалалардың орталықтары емес (Тарим әуізінің) Шығыс Түркістанның түрік әулеттері де болды. Олардың ортасында бірінші рет Егма деген одақ немесе ұлыс аталды. Персид географиялық шығармалары «Худуд ал-онам» және «Зайн ал-хабар» да Егма туралы айтылады. Гардизи (XI ғ.). Осы шығармаларда шығыстағы ұйғырлармен, батыстағы көшпелі Карлуктармен, оңтүстікте Тарим ағысы Шығыс Тянь-Шаньның аралығындағы көптеген ұлыстар ягмаға бірігеді. Батыста ягманы округ және Кашгар қаласы бақылады.X ғасырда ягманың басқару әулеті токуз-огуздан шықты.
VIII ғасырдағы алдыңғы қатардағы Гардизи мәліметтерінде Ягма бай адамдар еді дейді. Бір айлық жүретін жердің және үлкен табынды жылқылардың иелері еді дейді. (Бартольд, VIII,с 45-46) Екі шығармадада Ягманың Карлуктармен және кимактармен үздіксіз шайқасы туралы айтады, батыс түрік қағандарына тәуелді болғанын да айтады. Алайда Жетісуда Карлуктар, Тюргеш княздері мен вассалам Егбулардың майда одақтарының қарсылығына емес бірінші Түрік қағанатында бұрыннан тұратын, жүздеген жылдар токуз-огуз шығыс тармақтары, Огуз әулетінің кескілескен қарсылығына тап болды. Күрестің жалпы барысы ашық көрсетілмеген. VIII ғасырдың екінші жартысында огуздар Жетісуды қалдырып Сырдарияның төменгі жағына кеткендігі ғана белгілі.Олардың көсемі де Егбу дәрежесін алған. Батыс түріктердің Әулетімен талас болған. Көп ұзамай Арал маңында Огуз мемлекеті құрылды, мұсылман деректерінде «Гузза» деп аталған, астанасы Енгикент Сырдариядағы қала.
Огуз мемлекетінің тарихы XI-XII ғасырда Орта және Таяу Шығысты, Түркменнен Кіші Азияға дейін иеленген Сельджук державасының басы болды. Сельджукс мемлекетінің тарихы және оның өзге мемлекеттермен байланысы кең көлемде зерттелген. (Агаджанов,1991)
Карлуктардың билігі Жетісуда 766 жылы Тараз бен Суябты алғаннан кейін біржола бекіді. Содан бастап Шығыс Түркістан үшін Карлуктармен ұйғырлар күрес бастады. 80 жылдарда VIII ғасыр ұйғыр династиясымен Тарим қаласының тұрғындары арасындағы қарым- қатынас бірден нашарлады. Наразылық және сақтану Ордабалықта үлкен төңкеріске алып келді, Бегю-қағанның өліміне себеп болды. Оны өлтірген өзін Алп Кутлуг Бильге қаған деп атаушының, ұйғыр астанасында тұратын манихей діншілдері мен согдиліктердің бұрыңғы, қазіргі өткізілген басымшылығына қарсы әрекеті еді. Тан империясының орталығына (Жетісудан) дейінгі сауда жолында өктемдік жүргізушілер манихей діншілдері еді. Ордабалық арқылы өтетіндіктен астананың билігін қолға алу өте-мөте керек еді. Тарим оазистерінде Бегю –қағанның шартты қағидалары бұзылды, узурпатор согдиліктер мен түріктерді тонауды дұрыс көрді. Сарақылықтың салдары көп күттірген жоқ. Тянь-Шань маңындағы қалалар көтеріліске шықты, көршілері карлуктар және тибеттер өзара шарт жасасып, одақ құрып көтерілісшілерді қолдады. Қытай тарихи жазбаларына қарағанда «ақ киімді түріктер» — манихейлер карлуктармен бірігіп, ұйғыр армиясының қолбасшысы Иль Угесиге бірнеше рет ауыр соққы берді делінген. 790 жылы тибеттер және түріктер Бешбалықты алды, ұйғырлардың соңғы әрекеті. Ұйғырлардың 50-60 мыңдық жаңа армиясы жағдайды өзгертуге әрекет жасағанмен Жоңғарда Таримде сәтсіздікке ұшырауы, Қағанат үшін оңайға түспеді, ыдырау басталды. Алп Кутлугтың мұрагері өзінің кіші інісінің қолынан қаза тапты. Карлуктармен, Тибеттермен ауыр соғыс жалғасты, бірақ ол туралы деректерде айтылмаған.Ордабалықта сол бір күңгірт заманда «Еглакар атын қабылдаған» Эдиз деген Жаңа династия өмірге келді, және Қаған Әулетіненбіз деп есептеді.756 жылы астанада «Жарық сенімі» (религия света) қалпына келтірілді және онда манихей дінбасы келді. Он бес жыл үзілістен соң Тянь-Шань маңындағы манихей топтарымен одақтық, шарттық қатынастар жаңартылды, «Ұйғыр жолымен» жібек жолы Ордабалық арқылы керуен үшін ашылды.
Тянь-Шаньның солтүстігінде көшпенді әулеттердің қалалары Отюкен черндерін Қағанат жалғасы деп мойындаған соң Карлуктар үлкен тірегінен айырылды. 803 жылы ұйғыр әскері Кочоны алды (Турфан) және карлуктарға соққы беріп Фергана арқылы Сырдарияға шықты. Бұл ұйғырлардың батыс шекарадағы соңғы жеңісі еді. IX ғасырдың бірінші онжылдығында ұйғыр қағанатының басты жауы енисей Қырғыздары болды. Олардың арасындағы соғыс ауыспалы жеңіспен жиырма жылдан артық жүрді. 840 жылы Қырғыздар ұйғырдың сатқын қолбасшыларымен бірігіп Ордабалықты алды. Ұйғыр қағанаты шайқаста құлады. Ералмағандарын, күдер үзгендерін, токуз-огуздардың қалдықтарын, Еглакар принцін бас етіп қалдырып өздерінің бұрыңғы шекарадағы жеріне оралды. Көп ұзамай ұлыстың бірлігі жоғалды. Қашқындар Куча мен Бешбалықта орналасты. Бешбалық ұйғырларының көсемі Буку Чин тибеттерді талқандап Тарим әүізінің барлығында барлық жағдайдың билеушісі болып алды. Турфан мен Бешбалықты орталықтарымен Ұйғыр мемлекеті Кочо осылай басталған еді.
IX ғасырдағы Карлук мемлекетінің жағдайы Жетісудың бай қалаларына арқа сүйеп кейбір сәтсіздіктерге қарамастан нық тұрды. Егбудың байлығы түрік құлдарын аббасид халифтерінің армиясына Сырдарияның еріксіз базары арқылы сату, Қытай, Тараз, Ыстықкөл арасындағы өтпелі жолды бақылау арқылы келді. Ферғанада Карлуктардың шептері бекіді, (арабтардың бірнеше рет ысырып тастағысы келгеніне қарамастан.) Егбу үшін ең қауіпті Халиф ал-Манун (813-833), Фадла ибн Сахла, Зу-р-рийасатайн дәрежесімен белгілі («екі тудың иегері») осылардың жорығы еді. 812-817 жылдары арабтар Отрарға жылжыды. Сонда Карлук шекарашыларының бастығы өлтірілді, соңынан Егбудің семьясы қолға түсті, өзі кимактарға қашып кетті. Шапқыншылардың әрекеті артықтау көрсетілген, дегенмен бәрібір Егбу үшін шекарадағы жағдай оңай емес еді. Ширек ғасыр өтті және Отюкен қағанының соңғысының күйреуі, (бұрын үш ғасыр бойы басымдылық көрсеткен) барлық түрік Орта Азияда мүлде жаңа жергілікті саяси жағдай туғызды,- бірінші рет үш жүз жыл бойына Түркістандағы кез келген мемлекеттің өмір сүруіне мүмкіншілікті шешетін теңдесі жоқ орталық біржола жоқ болды. Қазір қаған әулетін жалғастырушыларды ақсүйектер деп қана мойындайды ал біріккен билігін ешқашан көрмейтіндігіне сенімді. (Түрік Әулеті).
Кейбір мұсылман тарихшыларының деректеріне қарағанда, ұйғырлардың жасампаздығынан айырылғаннан кейінгі абыройы Карлуктар көсемдеріне өткен сияқты. Түрік қағанатын басқарушы, Ашин Әулетінен шыққан біреу Карлук династиясына бұрынғы дәреже Егбуды тастап жаңа Қағанды қабылдауды маслихат етті. «Егбу дейді автор « Худуд ал-алем X ғасырда – бұл бұрынғы патшасының дәрежесі».
IX ғасырда түрік әулетінің үстінен карлуктардың билігі туралы айту екіталай. Моральдық-идеологиялық тұрғыдан ғана айтуға болады. Ең түсініктісі ол Масуди туралы. Карлуктар ішінен шыққан Қағандардың қағаны, ол бүкіл түрік Әулетінің үстінен билік жүргізеді, ал оның ұрпағы Афрасият және Шана (Ашина). Орта Азиядағы және Кашгариядағы жаңа түрік империясы осылай орнаған еді. Орыс ғылымында Караханидтер мемлекеті деп аталған. Ол ал-Масуди хабарында өте ашық көрсетілген.

Қортынды

Караханидтер мемлекеті тарихи жеке дәстүрді қалдырмаған, ол туралы араб, персид авторлары Қағанаттың сыртындағы жағдайға жазып қалдырған. Бірден бір Караханидтер тарихшысы имам Абу-л-футу-ха ал Гафира ал Алмаи, дің «Тарихи Кашгар» деген еңбегі сақталған Джамал Каршидің үзінділерінде бар (XIII ғ).
Тарихи деректердің жоқтығы туралы Карахинидтердің соңғы жалғасының бірі, персидтің көрнекті әдебиетшісі Низами Арузидің еңбектерінде айтылды. 1156ж.
Хакан үйіндегі хандардың аттары Бертельс ақынның шығармаларынан белгілі. (1960 бет.458).
Караханидтердің шығу тегі туралы жеті түрлі болжам бар. Бартольд үшеуімен ғана шектелген. (Карлуктар, Егма, Чигили). Қазір белгілі болғандай Чигили және Егма түрік Әулетінен тухси және орхон түріктерінің қалдықтары Карлук Әулеттерінің одақтарына кірген, жалпы алғанда IX ғасырдан ажырамаған. Джамал Каршидың Кашгар салтында (Қарахандардың жеке нұсқауы) Қарахандардың бірінші елбасы деп Бильге Кюль Кадыр- қағанды атайды, ол Самар-Қанд, Бұқара билеушілерінің, Әмірлерімен соғыс жүргізген. Ол Әмір нух ибн Асад екендігі белгілі болды, 840 жылы Жетісу түріктеріне қарсы жорық ұйымдастырып Исфиджабты алған. Дәл осы жылы Гардизидің хабарлауы бойынша Карлук Егбуы Қаған дәрежесін алған. Мәліметтер білезігі түйісті, 840 жылы Караханидтер династиясының Әулет басшысы, бұрынғы Карлук Егбуы, бірден-бір Қаған, Бильге Кюль Кадыр-қаған. Караханидтер мемлекетінде билік, екі Әулеттік топтарға бөлінді, IX ғасырда Карлук Әулетінің негізін құрушы одақ- Чигил және Егма. Сырттай қағанат екіге бөлінгендей көрінетін, шығыс және батыс өз қағандарымен. Шығыс Қаған жоғарғы деп есептелінді, Кашгар және Баласағұнда орын тепкен (Боран қалашығы, Токмак қаласына жақын, Қырғызстанда). Ол чигилден еді Арслан Кара-Хакан дәрежесімен аталды. Батыстағы Кіші қаған Егмадан еді, Богра Кара-Қаған дәрежесінде болды, Таразда орналасты, кейін Самар-Қандқа ауысты.

Әдебиеттер тізімі
1. Chavannes E.,- Documents sur les Tou-kine (Turcs).
2. Кляшторный С.Г.,- Терхинская надпись.-«Сов.тюркология», 1980, №3.
3. Бодльшаков О.Г.,- К истории Таласской битвы (751г.).-«Страны и народы Востока», 1980, вып.22, кн 2.
4. Бартольд, I-IX, — Академик В.В. Бартольд. Сочинения. Том 1-9, М.1963-1977.
5. Агаджанов С.Г.,- Государство Сельджукидов и Средняя Азия в XI-XII вв. М., 1991.
6. Бертельс Е.Э.,- История персидско-таджикской литературы. М.,1960.
7. П.Агапов,М.Кадырбаев. Сокровища древнего Казахстана. Алма-ата, 1979.
8. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (Очерки). Алматы, 1993.
9. Ныгмет Мынжан. Краткая история казахов (на казахском языке). Алматы, 1994.
10. М.Барманкулов. Хрустальные мечты тюрков о квадронации. Алматы, 1999.
Тағы рефераттар