Үйлер мен ғимараттарды жалдау туралы қазақша реферат
Үйді немесе ғимараттарды жалдау шарты бойынша жалға беруші үйді немесе ғимараттарды жалға алушының уақытша иеленуіне және пайдалануына беруге міндеттенеді.
Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартының кәсіпорынды жалдау шарттарынан айырмашылығы, ол кәсіпкерлік және кәсіпкерлік емес болуы мүмкін. Өйткені үйлер мен ғимараттардың әртүрлі тағайындалуы болуы мүмкін. Олар мәдени, ғылыми, қайырымдылық мақсаттарында, білім беру қызметін ж.б. атқару үшін қолданылуы мүмкін.
Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартының нысаны кәсіпорынды жалдау шартымен бірдей. Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартының елеулі жағдайларына оның нысанасы және арендалық төлемдердің мөлшері туралы жағдайлар жатады. Азаматтық кодекстің нормаларымен қатар үйлер мен ғимараттарды жалдау қатынастары.
Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартының элементтері.
Бұл шарттың субъектілері болып қандай да болсын жеке және заңды тұлғалар келе алады. Жалға беруші тарапынан мүліктің меншік иелері немесе заңмен немесе шартпен мүлікті беруге бекітілген өкілетті тұлғалар қатысады. Егер жалға мемлекеттік мекемелердің немесе кәсіпорындардың балансына берілмеген, бірақ мемлекеттің, меншік құқығында тұратын жылжымайтын мүлік берілсе, онда мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлігі атынан шартқа өкілетті органдар отырады.
Үйлер мен ғимараттарды жалдау шартының нысанасы.
Оларға барлық үйлер мен ғимараттар жатады, оларды тұруға да пайдалануы мүмкін, бірақ жалға алушы тұру мақсатында оларды жалға алмайды, мысалы, егер жалға алушы көп қабаттық тұрғын үйдің пәтерлерін тұрғындарға одан әрі жалға беру мақсатында жалға алса.
Мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерін жалға беру түрінің пәнін басқаша белгілейді.
Осы Ережелерінің 1-т, 5-т. сәйкес, мемлекеттік тұрғын емес қоры — тұрғын қорына қосылмаған мемлекеттік үйлер, ғимараттар. Ережелердің 1-т, 6-т. сәйкес аренда объектісіне:
1. Бөлмелер, бөлек тұрған ғимараттар мен үйлер, олардың ведомстволық тиістілігіне (байланысты) қарамастан;
2. Ведомстволық балансына жататындығына қарамастан тұрғын үйлерге құрыстырылған бөлмелер;
3. Мәдени, тарихи, архитектуралық ескерткіштері бар үйлер, ғимараттар;
4. Мемлекеттік тұрғын қорынан тұрғын емес қорына ауысқан бөлмелер;
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің аумақтық органдарының қарамағында өзге де заңды әдіспен өткен бөлмелер.
Мәдени, тарихи ескерткіштер болып келетін ерекше үйлер мен ғимараттар (мемлекеттің ерекше меншігінде болатындар), оларды пайдалану тұтыну жағдайлары келіспегенде ғана жалға беріледі. Егер ол үйлер мен ғимараттар Қазақстан Республикасында немесе әлемге маңызды болса, онда Қазақстан Республикасының (республикалық, жоғарғы) органдарының келісімі қажет. Жалға жергілікті аумақтық мәні бар үйлер мен ғимараттар берілетін болса, онда ол жергілікті атқару органдарының келісімімен беріледі.
Үйлерді, ғимараттарды жалға беру, оларға қызмет ету үшін қажетті (оларда үй, ғимарат орналасқан) жер учаскесін дәл сондай мерзімге уақытша жер пайдалануға, беруге әкеледі. Егер жер пайдаланушыда өзіне тиесілі жер пайдалану құқығын иелігінен шығара алмаса, онда ол жер учаскісінде орналасқан үйлер мен ғимараттарды да иелігінен шығаруға құқылы болмайды.
Үйді және ғимаратты жалдау шартында жалдау бағасы (аренданың бағасы) әдетте қолданылатын бағалармен анықталуы мүмкін емес, сондықтан ол шартта көзделуі тиіс. Шартпен аренданың төлемінің толық (жалпы) сомасы белгіленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ол жалға берілген мүліктің бір бірлігі үшін немесе басқа көрсеткіш арқылы есептік жолымен белгіленуі мүмкін. Мысалы, жалға берілген бірнеше бөлмелердің көлемі бірдей болса, жалдау бағасы бір бөлек бөлме үшін көрсетілуі мүмкін.
Онда аренданың төлемінің жалпы мөлшері жалға алушыға берілген ғимараттың немесе үйдің жалпы мөлшеріне қарап есептелінеді. Мемлекеттік меншігіндегі үйлермен ғимараттар арендаға берілген кезде ол аренданың төлем ақысына коммуналдық қызмет үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеуге кеткен төлем ақы, объектіні күтіп ұстауға қажет төлемдер қосылмайды. Осы төлемдер жалға алушылармен санитарлық, коммуналдық, тұтынушылық қорғау қызметін атқараты ұйымдарға тікелей төленеді. Тағы да бір ерекшелік бар. Мемлекеттік үйлер мен ғимараттарды жалдау шартында жалға төлем ақының мөлшерін инфляция деңгейіне қарай әр үш ай сайын қайта қарау ережелері көзделуі керек. Жалға беруші жалға алушыға үш ай сайын инфляцияның және басқа да жағдайлардың себебінен аренда үшін төлемді көбейту мөлшерінің коэффициентін хабарлауға міндетті.
Үйлер мен ғимаратты жалдау шартының мазмұны.
Жалға беруші үйді немесе ғимаратты беруі және оны жалға алушының қабылдауы, кәсіпорынды жалдау шарты сияқты өткізу актісі немесе тараптар қол қоятын өткізу туралы өзге де құжат бойынша жүзеге асырылады. Өткізу актісін (өткізу құжатын) жасау міндеті шартпен тараптардың біреуіне жүктелуі мүмкін. Азаматтық кодекс оны кімнің жасау міндеті екенін анықтамайды, сондықтан дау болған жағдайда кәсіпорынды жалдау шартының нормалары ұқсастық бойынша қолданылуы мүмкін.
Жалға берушінің өткізу құжатын жасау міндеті мемлекеттік тұрғын емес қорының объектілерінің жалға беру тәртібі 35-т. көзделген. Үйлер мен ғимараттарды жалдау туралы жалпы ережелерде жалға алушыға объектілерді беру мерзімдері анықталмайды, олар шартта көзделуі тиіс, егер шартта мерзімдер көзделмесе, онда үйлерді, ғимараттарды беру қисынды мерзімдерде жүзеге асуы тиіс. Аталған ережелерге сәйкес жалға беруші аренда шартына қол қойғаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде объектінің берілуін (өткізілуін) қамтамасыз етуге міндетті.
Объектіні жалға алушыға бергеннен басқа жалға беруге жалға алушының мүлікпен (үйлер мен ғимараттар) шартты жағдайларына сәйкес иеленуіне жөне пайдалануына кедергі іс әрекеттер жасаудан бас тартынуға міндетті.
Жалға алушының негізгі міндеті аренда нысанасын шартқа сәйкес пайдалануда, мүлікті күтіп ұстап оның нашарлауын болдырмауда және көрсетілген мерзімде жалға берушіге қайтарып беруде болып келеді. Үйді (ғимаратты) қайтарып беру өткізу актісі негізінде жасалады.
Қорытынды
Біз өте күрделі тақырыпқа біршама бойлап ендік. Соның арқасында азаматтық айналым қатынасының қатысушылары арасындағы мүлік жалдау қатынастарын реттейтін шарт жөнінде біршама мағлұмат алдық. Шамалы да болса олардың түрлерін саралап, ара жіктерін айыра алатындай болдық. Отандық цивилистиканың қазіргі даму сатысында әдебиеттердің аздығы мені біршама ойландырып тастады. Әрине біз осы курстық жұмысымызда прокат жөнінде және біздің елде енді кеңінен етек ала бастаған көлік жалдау туралы қамтымадық, бұл курстық жұмыс көлеміне байланысты туындады. Осы курстық жұмысымды жазуда жинақтаған білімім маған келешекте қызмет етер деген сенімдемін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік-құқықтық актілер
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 07.10.98ж.) Алматы: Жеті-Жарғы.
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы, Ерекше бөлімдері. Алматы, Юрист, 2003 ж.
Арнайы әдебиеттер
1. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, оқулық, Алматы, 1999 ж.
2. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Ерекше бөлім. 1-2 томдар, Алматы, 2003 г.
Тағы рефераттар
- Қарсыластық стилі
- Қылмысқа қатысу нысандары
- Бюджетті жоспарлау мен болжаудың ролі және мақсаттары
- ҚР-дағы ауыл шаруашылығын дамыту жолдары
- Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару