ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ……….3-5
II .НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Ұлы географиялық ашылулар
1.1. Христофор Колумбтың экспедициялары………6-10
1.2. Васко да Гамманың географиялық еңбектері…….10-13
1.3. Америго Веспучидің ашулары…….14-15
1.4. Фернандо Магелан саяхаты………..15-16
1.5. Европа мен Азияның солтүстік жағалауын және Солтүстік
Мұзды мұхит теңіздерін зерттеу. Пираттар экспедициясы……..16-17
2. ХYІІ және ХYІІІ ғасырдағы зерттеулер
2.1 . Уильям Дампир……….18
2.2 . Генри Гудзон…………18-19
2.3 . Джеймс Кук…………..19-20
2.4 Лаперуздың географиялық ашулары……… 20
III. ҚОРТЫНДЫ………….21-22
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………23
V. ҚОСЫМША………..24-30

КІРІСПЕ

  Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.

Мұндай ізденістің басты себептері:     

15 ғ-дың ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады.                                                                                                                                                     15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.1488 ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.

1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт. Американың солт. жағалауы ашылды. 1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама (Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн Мәжит бастап барды). 1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро). 1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып, “Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние жүзін айналып шықты (1519 — 1522). 16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының бірінші кезеңі аяқталды. 16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне Еуразияның және Солт. Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Жер шарында ұлы географиялық зерртеулер XY ғасырдан басталады. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып, онымен сауда, қарым–қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда әр елде теңізде жүзу етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мұхит толқынына жүзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне осы кезде Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан, олар Батысқа қарай жүзе берсе Азияның Шығысына шығатынын айтты. Бірақ оның айтқанын Батыс елдері бірден қабылдамады, көп қиыншылықтардан соң ол өз дегеніне жетті. Колумб Европада бірінші болып Шығыстан Батысқа қарй Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.

Ұлы географиялық ашулар заманында көптеген жерлер ашылды. Бірақ, бұл материктер толық зерттелмеген еді. Ендігі кезең материктердің зерттелуін қамтиды (ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлар). Бұл еңбекте Христофор Колумбтың экспедициялары, Васко да Гамманың географиялық еңбектері, Америго Веспучидің ашулары, Фернандо Магелан саяхаты, Уильям Дампир, Генри Гудзон, Джеймс Кук, Лаперуздың географиялық ашулары туралы қамтылды.

Географиялық ашулар сауданың бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғаюына себепкер болды. Жеке материктер арасында байланыс орнап, дүниежүзілік сауда өріс алды. Отар елдерден еуропалықтар көптеген өнеркәсіп тауарын, қару-жарак, мата және басқа да бұйымдар алып Тұрды. Еуропаға енді Америкадан темекі мен какао, Азиядан шай мен кофе әкеле бастады. Отарлардан Еуропаға көптеген алтын мен күміс әкелінді. Осы бағалы заттардың көбі Испания мен Португалия корольдері мен феодалдарына тиді. Бірақ бұл елдер мешеу болатын, олардың өз өнеркәсібі жоқтың қасы еді. Сондықтан алтын феодалдардың басқа елдерден сатып алған бұйымдарының төлеміне жұмсалып жатты. Ұлы географиялық ашулар отарлардан тоналып алынған бағалы заттар көпестердің, банкирлердің, аса дамыған Еуропа елдерінің ірі кәсіпорын иелерінің қалталарына түсті. Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар өндіруді жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Американың, Азия мен Африканың халықтары үшін бұл отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.

Зерттеу обьектісі: Ұлы географиялық ашулар.

Курстық жұмыс мақсаты: Ұлы географиялық ашулардың  адамзат үшін маңыздылығы мен пайдасын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Жаңа ашуларға итермелеген негізгі себептер.
  2. Ұлы географиялық ашулар кезеңіндегі саяхатшылардың тәжрибесі.

 Курстық жұмыс / 30 бет
Тағы рефераттар