М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе……..4-5

І. Үндістан, Қытай, Жапония елдерінің тарихы
1.1. Үндістан тарихы……….6-7
1.2. Қытай тарихы…………..7-10
1.3. Жапония тарихы……….10-14

ІІ. Үндістан, Қытай, Жапонияның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздері
2.1. Үндістанда феодалдық қатынастың орнауы. Гупта мемлекеті…….14-21
2.2. Қытайда феодалдық қатынастың пен құқықтық институттардың орнауы…….21-25

Қорытынды…26-28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..28-29

Кіріспе

Халықаралық қатынастар тарихын және сыртқы саясатты тұтастай меңгеру үшін пән мазмұны ірі аймақтардың, әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді.

Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады. Сонымен бірге жиналған нақтылы деректерге теоретикалық тұрғыдан талдауға аса мән беріледі. Материалды беруде жүйелік, хронологиялық, жағрапиялық және маңызды мәселелік қағидалар пайдаланылған.

Көрсетілген мамандықтың типтік оқу жоспарының мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, бұл бағдарлама студенттердің халықаралық қатынастар жүйесін және қазіргі сыртқысаяси мәселелерді толықтай түсінуін дамытуға көңіл бөледі.

Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiнiң жариялауы дүниелiк бiрлестiкке бiздің елiміздiң кiруiн бiлдiрдi. Өз сыртқы саяси функцияларының жүзеге асырулары үшiн егемендi республикаға халықаралық қатынастарға арналған мамандар керек. Олар халықаралық қатынастар тарихы білуі керек. Қазақстан Республикасы халықаралық аренаға шықты. Шетел елдерімен өзара әрекеттесуді оның саласы едәуір кеңіді.

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі – мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз – белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент – нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, Министрліктер – нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т.б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі – объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т.т.

Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп  пен мінез-құлық, ережелерінің үлгісі. Ал мінез-құлық дегеніміз – жеке алып қарағандағы әрбір адам емес, тұтас адамдар ұжымына да тән жағдай. Жеке адаи ғана емес, бірнеше адамнан құрылған ұжымдар да бір-бірімен қатынасқа келеді. Демек, құқық нормаларымен реттелетін қатынастарға түсе отырып, адамдар, олардың ұйымдары өздерінің мінез-құлқымен сол нормаларды бұзбайтын болуға тиіс.

Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық, қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Адамдар бір-бірімен экономикалық қатынаста, яғни материалдық игіліктерді өндіру жөніндегі қатынастарда болады. Мысалы, заводтарда, фабрикаларда нормативтік құқық актілері аоқылы белгілі бір реттілік, еңбек тәртібі орнатылады. Материалдық игіліктерді бөлу мәселесінде де экономикалық қатынастар пайда болады. Қызметкерлер өздерінің еңбегі үшін сияпат ақы алуға тиіс. Бұл да тиісті нормативтік актілермен реттеледі. Адамдар бір-бірімен неше түрлі шарттық қатынастарға түсіп жатады. Олардың арасындағы сату-сатып алу, айырбас, жоралғы, қарыз т.б. әрекеттер құқық нормаларының шеңберінде ғана хатталуға тиіс.

Құқық қоғамның саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік органдардың құрылымы, оларды жасақтау тәсілдері (сайлау, тағайындау, олардың билік аясы (өкілеттілігі), іс-әрекеттерінің түрлері мен әдістері т.т. құқықтық нормалар арқылы анықталады.

Қоғамдық тәртәп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне қатынасу үшін пайдаланатын саяси құқықтары мен бостандықтары тек қана нақ осы құқықтық актілер арқылы белгіленеді.

Құқық қоғамның әлеуметтік өмірінде де зор рөл атқарады. Құқықтық нормалар білім алудың, денсаулық сақтаудың, отбасын құрып, оны нығайтудың т.б. қажеттіктердің заңдық шарттарын белгілейді.

Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Азаматтар өздеріне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланғанда, құқық нормаларының талаптарын орындағанда, мемлекеттік органдар құқық нормаларының талаптарын бұзған адамдарға шара қолданып, тиісінше жазалап отырғанда, құқық нақты іс жүзіне асқан болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі: Үндістан, Қытай және Жапония өте беделді әрі ұлы державалар болып саналатын мемлекеттер қатарына енеді. Әрине, әр кезде әр мемлекеттің дамуы әр түрлі жағдайда болды. Десек те, Қытай елі мен Үндістан, Жапония жер көлемі, адам саны мен экономикалық жағынан қай елден асып түсетін мемлекеттер. Ал олардың бұл деңгейге жету тарихы қандай, рулық, тайпалық кезеңдер, феодализм, коммунизмге өткен уақыттары мен бүгінгі жағдайларына қысқаша шолу жасауды ұйғардық.

Курстық жұмыстың міндетері:

— Үндістанның саяси феодалдық құқықтық институтарының негізгі және қайнар көздерін анықтап, сараптама жасау;

— Қытай елінің саяси феодалдық құқықтық институтарының негіздеріне сараптама жасау;

— Жапонияның жалпы тарихы және феодалдық құқықтық сипаты.

Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: Үнді, Қытай, Жапония елдерінің феодалдық құқықтық тұрақтану тарихы.

Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Курстық жұмыс / 29 бет


Тағы рефераттар