Ұсынылатын қызмет көрсетудің өмірлік циклінің үдерістерін жоспарлау
«Қарашығанақ» кенорнында мұнай тасымалдау бойынша, басқа ұйымдардың магистралды мұнай құбарларын қолдануды үйлестіру үдерісіндегі операторлық қызметті ұсыну бойынша тапсырыс берушілерге қызмет көрсету жұмыстары жоспарланады — мұнайды тасымалдау, операторлық қызмет көрсетуге қатысты басты келісім-шарттардың тапсырыс берушілермен келісім аумағында ұсынылатын қызмет көрсетулерге талаптар белгіленеді, магистралды құбырларды сенімді және қауіпсіз қолдануды қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірленіп, енгізіледі, магистралды құбырлар желісін, технологиялық байланыс жүйелерін және технологиялық үдерістерді басқару құралдарын дамыту жоспарлары әзірленеді. Мұнайды тасымалдау бойынша жұмыстарды орындау жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі. Жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу кезінде келесілер анықталады:
— сапа саласындағы мақсаттар және ұсынылатын қызмет көрсетуге қойылатын талаптар;
— берілген үдерістердің орындалуын реттейтін үдерістер мен құжаттарды әзірлеу кезіндегі қажеттілік;
— мұнайды тасымалдау, операторлық қызметті ұсыну бойынша жұмыстарды атқаруға қажетті ресурстар;
— мониторинг, қызмет көрсетуді өлшеу және сынау бойынша қажетті әрекеттер, сондай-ақ өнімді қабылдау критерийлері;
— орындалатын үдерістер қойылатын талаптарға жауап беруге сенімділік тудыратын қажетті жазбалар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Кәсіпорын сапасын жақсарту ұйымға да, тұтынушыға да табыс әкелу үшін қызметтер мен үрдістердің тиімділігі мен нәтижелілігін жоғарылату мақсатында мекемемен жүзеге асырылатын шаралардан тұрады.
Бұл курстық жұмыста қарастырылғандай, әзірленген, енгізілген және сертификатталған ықпалдастырылған менеджмент жүйесі – бұл бір-ақ рет белгіленген, тұрақты үрдіс емес, ол әрдайым ішкі және сырқты шарттардың әсерінен өзгеріп отырады. Бұл көбінесе, өндіріс технологиясы мен жұмыстарды ұйымдастыру саласындағы жаңа жетістіктермен байланысты.
ЫМЖ-ны жетілдіру үшін ҚР СТ ИСО 9004:2008 «Сапа менеджмент жүйесі. Қызметті жақсарту бойынша басшылық» атты халықаралық стандарты қолданылады.
Бұл курстық жұмысты орындау барысында, «Қарашығанақ» кенорнына толық сипаттама берілді, көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштері анықталды, сапаны жетілдіру бойынша шаралар ұсынылды, сертификаттау туралы ақпараттар келтірілді. Сондай-ақ, кәсіпорынның қызметі мұнаймен байланысты болғандықтан, оның тікелей қоршаған ортаға әсері бар екендігін ұмытпаған жөн, сол себепті кәсіпорында еңбекті қорғау және өндірістік экология жағдайы да қарастырылған.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Сериков Т.П. «Перспективные технологии преработки нефтей Казахстана» Монография. — Алматы: Ғылым, 2001.
- Мендебаев Т.Н. «Мұнай мен газ» Ғылыми-техникалық журнал. — Алматы: Ғылым, 2005.
- Гончарук В.А. Развитие предприятия. М.: Дело, 2000.
- А.Қ. Құсайынов. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Сәулет және құрылыс. Алматы: Республикалық мемлекеттік Рауан баспасы, 2000.
- Леффлер Уильям Л. «Перерабока нефти» — 2-е изд., пересмотренное / Пер. с англ. –М.: «Олимп Бизнес», 2004, — 224 с.:
- Интернет желісі: kk.wikipedia.org
- Интернет желісі: @kpo.kz
Тағы рефераттар
- Есімше
- Қазақстандағы басқару қызметінің құрылымы курстық жұмыс
- Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау
- Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері
- Қонақ үй кәсіпорындарының жіктелінуі