Хан, халық туралы мақал-мәтелдер
Хан қарау болса, халқы ұры болады.
Халық ұйғарса, хан түйесін сояды.
Қара халыққа хан ие, қара ханға халық ие.
Хан – қарақшы,
Халық – орақшы.
Хан азарында, қарашысымен қас болады,
Би азарында, қайырымы жоқ баймен дос болады.
Хан соқыр болса,халық та соқыр болады.
Хан екі айтса қара болады; қара екі айтса, қатын болады.
Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар.
Бидің айтқанын құл да айтады.
Әр ханның тұсында бір сұрғылтай.
Хан – қазық,
Би – тоқпақ.
Патша залым болса жұрт тозады,
Патша алым болса жұрт озады.
Халыққа аға болғанның арқасы жауыр болар.
Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Тағы рефераттар
- Жол тәртібін білейік, аман есен жүрейік балабақшадағы ашық сабақ
- Әртүрлі мектептердің негізінде қалыптасқан басқару әдістері
- Ертедегі Вавилон мемлекетінің құрылымының алғы шарттары
- Дені сау бала – болашақ жемісі (балабақшадағы жоба)
- Менеджменттегі жоспарлау