Жоспары:
1.Батысшылдар мен славянофилдер XIX ғ. — XX ғ. басындағы орыс философиясының бастауы негізінде.
2. Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плехановтың философиясы.
3. Діни орыс философиясы.
Орыс философиясы ХІХ ғасырдан бастау алады. Әлем философиясының бір бөлігі бола отырып, ол ең негізгі философиялық мәселелерді шешуге келгенде өзіндік тематикалық және спецификалық бағытты қолданады. Орыс философиясын ескерту философиясы деуге де болады. Орыс философиясының басты идеясы — тұлғаларды қанау мен қинауға бағытталған қандай да болмасын әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік құрылымдарға адамгершілік жағынан тиым салу.
ХІХ ғасырдың 40-50 жылдары жалпы философиялық сұрақтар қатарындағы орыс қоғамы мен философиялық ойлар екі бағытқа бөлінеді: батысшылдар және славянофилдер. Батысшылдардың өкілдері немесе батысшылдардың ойынша — Россия, сонау Петр заманынан батыспен тығыз байланыста. Батысшылдардың идеологиясын В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский қолдайды. Негізінен олардың жұмыстары батыс еуропаның ең көрнекті өкілдерінің идеяларын қайта жаңғыртудан басталады: Гегель, Фейербах, француз материалистерінен.
Славянофилдердің лидерлері Россияның даму тарихының жолдары жайында айтады. Олардың ойынша, Европадағы өркениеттің жемісі көп жағдайда, жалпыадамзаттық өлшемде сипат алады.
Батысшылдар орыс философиялық-идеалистік ағымының көрнектісі болып табылады. Оның негізінде орыс халқының мессияндық ролінің идеясы жатыр, олардың діни, мәдени жағдайлары мен тиымдары да ескеріледі.
Славянофилдер халықтың рухани құндылықтарын ескере отырып, оларды идеалды сапалардың жиынтығы ретінде қарастырды. Ұлы тұлғалардың мақсаты сол, жоғарыда аталған халық рухының өкілдері болу. Олардың мақсатының жүзеге асуы, олардың мақсатқа қаншалықты тырысуларынан және халықтың үмітін қаншалықты оятуларына байланысты.
ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орыс философиясының революциялық-демократиялық бағыты: Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов.
ХІХ-ғасырдың екінші жартысында орыс философиясында нақты екі бағыт қалыптасты: радикалды, революциялық-демократиялық және діни идеалистік. Бірінші бағыттың көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Г.В.Плеханов болып табылады.
Н.Г.Чернышевский (1828-1889) орыс шаруашылық қоғамының идеологының бірі болды. Ол Россияның капитализмнен социализмге өтуін мүмкін деп болжады. Алайда Чернышевскийдің социализмі өркениетті сырып тастап, Россияны бастапқы кезіндегідей сақтап қалу еді.
Антропологизмге негізделген Чернышевскийдің философиясы, ғылыми дәлелденген, адамзат идеясының бірлігі идеясынан шығады. Чернышевский үшін адамгершілік- қоғамның күшімен жүзеге асатын физиологиялықтың құрылымдық түрі. Сондықтан адам кейбір жағдайда жақсы, кейбір жағдайда жаман қылықтар көрсетеді. Сондықтан адамды адамгершілікке бейімдеу үшін, ең алдымен оның жеке өмірін ескере отырып, қоғамға бейімдеу керек.
Адамгершілік әлем, Чернышевскийдің ойынша, физикалық әлем сияқты, себептілік заңына бағынышты. Онда болып жатқан жағдайлардың барлығы адам табиғатымен тікелей байланысты. Ойлау-сезу мен елестетуден басталып, ойлаушы организмнің қажеттіліктерін қанағаттандырады. Барлық адамдар тумысынан эгоист болып келеді, олар үнемі өздеріне ғана жақсылық жасауға бейім тұрады. Қажеттілік бәріне тән болғандықтан, жақсылық- үлкен пайда болып табылады.
Г.В.Плеханов (1856-1918), орыс марксизмнің негізін салушы, тарихты монистикалық тұрғыдан танушы болды. Экономикалық тұрғыдан қарастырған Маркстің идеясын ол географиялық ортамен байланыстырды. Оның ойынша географиялық орта өндіріс күштерін анықтай отырып, қоғамның дамуына ықпалын тигізеді.
Плеханов диалектикалық материализмде тартылуы (обьект) ойлауды (субьект) айрықша атрибуттар негізінде материяның соңы ретінде қолданды. Таным теориясында ол материяны «өзіндік зат» және «сезімдік таңдану» немесе «иероглифтер» деп бөліп қарастырды. Плеханов диалектикалық материализмді қарапайым сенсуализм деңгейіне дейін қарастырды. Ол құрастырған тарихи материализм марксистік ілімнен мүлде бөлек, ұқсамайтын болды. Ол капитализм өзінің толық күшіне енбей және тұрғындардың көп бөлігі пролетариатты құрамай, Ресейде революция болмайды деп ойлады. Плеханов марксизм методологиясына ешқандай жаңалық енгізген жоқ. Одан әрі орыс марксизмі халықтыққа жақындап, соңында большивизммен аяқталды.
Діни философия – коммунистік идеология үстемдігі жағдайында кеңістік философияда біржақты түсіндіріліп келген ХХ ғасыр басындағы орыс мәдениетінің аса маңызды бөлігі. Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бұл көзқарас өзінің шекті формасында, дәлірек айтқанда объект сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.
Түбіршілер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі Ф.М.Достоевский (1821-1881). Ол философ болғанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы – ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойы және қылықтары. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында Адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көрсетеді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынай жолы» — бұл Құдай адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.
Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе – бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның жауабы дайын – ешқандайда жоғары мақсат бейкүна сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл жолмен Құдай мен әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғарғы ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып табылады.
Ресейде Достоевский діни философияның бүкіл кейінгі дамуына үлкен ықпалын тигізді.
ХІХ-ХХ- ғасырдың басындағы орыс философиясының діни-идеалистік бағыты: В.С. Соловьев, Н.А.Бердяев.
Орыс діни философиялық негізін қалаған ірі орыс философы В.С.Соловьев (1853-1900). Ол адам өміріндегі әлеуметтік және діни бірігуін жалпы дүниетанымдық жүйеге енгізді. Мүндай дүниетанымның негізі Соловьев бойынша христиандық болу керек Соловьев бүкіл христиан конфессияларының бірігуін қолдады. Ол христиан дүниетанымына жаратылыстану, тарих және философия пәндерін және жаңалықтарды енгізе отырып, дін және ғылым синтезін жасамақшы болды.
Соловьев бойынша философиядағы негізгі принцип: жағымды барлық бірігушілік. Болмыс ең алдымен игілік пен еркіндіктің пайда болуы, екіншіден ақиқат пен сана байланысы, үшінщіден әсемдік сезім көрінісі ретінде. Осыдан мынадай принцип шығады: «Абсолютті игілік ақиқат арқылы әсемдікте көрінеді» Осы үш бастау: игілік, ақиқат және әсемдік- бөлінбейтін бірлікті құрайды. Сол сияқты: махаббат, күш, эгоизм тамырлары.
Болмыстың жоғары біріктірушісі, Соловьев бойынша, құдай Абсолюттегі болмыстың тереңдігі мен толықтығы, абсолютті тұлғаны құрайды. Ол тұлға еркін және белсенді, игілікті, қайырымды, күнәларын мойындаушы. Тек құдай ғана болмыстың бірлігін құрайды барлық сансыз көп үлгілір болмысы құдаймен ғана біріктірілген. Барлық материалды құндылықтар құдіреттілік бастамамен басталып, әлемдік жан немесе софияға өтеді.
Уақыт пен кеңістік және механикалық себептілік эмпирикалық және материалдық әлемде хаостік деңгейде болады. Мессиандық рольде адамда құтқарушы және еркіндікке шығарушы рольді алады. Тек адамшылық қана құдайшылық пен табиғилықтың арасында. Оның санасында жалпы бірлік формасы қалыптасады. Адам осындай аралықта болғандықтан өзінің табиғатын интеграцияға дейін өзгерте алады. Осыдан келіп әлемдік тарих мақсаты шығады: құдайшылық өмір мен құдайсыз өмірді анықтайды. Тұлғаның құндылығы құдыреттілік пен табиғи әлемдердің арасы. Оның шындығы басқа адамға, құдайға, табиғатқа деген сүйіспеншілік. Сүйіспеншілік, махаббат құндылығы, адамды абсурдке жақындатады. Махаббаттағы ақиқат пәні- ол мәңгі нәзіктік, барлық бірігудің жеке үлгісі.
Қоғамда барлық идеялардың бірігуі қасиетті адамдардың бірігуі сияқты. Яғни шіркеуде барлық ұлттардың, әлеуметтік қарама-қайшылықтардың жер шарындағы «құдыреттілік патшалығында» жиналғандығы сияқты. Мұнда «құндылық тәртібінің нақтылығы» түсінігі қалыптасады. Бұл бірігулердің негізі католик және православиелік шіркеулер болып табылады.
Осы бағыттың тағы бір өкілі Н.А.Бердяев (1874-1948 ж.ж.) Оның шығармасындағы негізгі идея антропозиция, яғни адамды шығармада ақтау немесе шығарма арқылы ақтау. Ол көне өсиеттің «діни шығармашылықтың кезеңі» бөлімінде айтылады. Бірақ, Бердяев бойынша үшінші ашылымды күтпеу керек, оны адам жасау керек. Сондықтан құдай жаратушы барлық болмыстан күшті. Бірақ болмыс еместе, жасалмаған еркіндікте ешқандай күші жоқ. Бұл еркіндік түбінде жамандықтың көзіне айналады.
Адам экзистенциалистік әлемнің ортасы болып табылады. Алайда еркіндік болмыстан бөлініп кете алмайды, ол болмысқа дейін болатын нәрсе, яғни болмыс еместен шығады. Адам құдайдың және анықталмаған еркіндіктің перзенті. Сондықтан құдай-жаратушы болмысқа үстемдік ете алады, ал болмыс емеске, анықталмаған еркіндіктің алдында дәрменсіз. Еркіндік құдай мен адамнан аластатылған. Бірақ шығармашылық еркіндіктен шығатын болғандықтан жаңа діни кезеңге жол ашылады
Бұл бағыттың көрнекті өкілдері С.Н.Булгаков, И.А.Ильин, С.Л.Франк, Л.П.Карсавин, Н.О.Лосский. Орыс философиясындағы діни-идеалистік бағыт 1922 жылға дейін өмір сүрді. Себебі, саяси жағдайларға байланысты көптеген көрнекті өкілдері жер аударылып кеткен.
Тағы рефераттар
- Несие теориясы және оның дамуы
- Ұлы жүз
- Топырақтың морфологиялық қасиеттері
- Қазақ тіліндегі аударма саласының тарихы
- Қаратаудың ортағасырлық керуен жолдары