Христофор Колумб туралы қазақша реферат
1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының Губернаторы болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материялды толық зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп санайды.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияғя қаржысы болмағандықтан, жаяу келеді. Мұнда ол өзіне жолдастар тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып достасады. Содан біраз уақыт өткен соң , достарының көмегімен Колумб жоспарын Испания короліне ұсынады. Король Фердинанд оның ұсынысын тыңдап болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап Колумб жоспарын ұзақ талқылап оны дінге қарсы қабылдауға болмайды деген қорытындыға келді. Жоспары Испанияда қабылданбаған соң ол Португалиғя қайтпақшы болды. Бірақ король айтқанынын айнып, егер Колумтың жоспары жүзеге асса біз португалия корольі алдында күлкіге қаламыз деп ойлады. Король мынандай шешімге келді:
Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан жерлерінің адмиралы болды; Ол өзі ашқан жерлерінің вице королі және губернаторы болады; Ол жерлерден табылған асыл бұйымдар – інжу-маржан, алтын, күміс, асыл тастардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.
Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды. Үшіншісін Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.
Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарына жетеді, одан тіке батысқа қарай 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік алып 19 қыркүйекте Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.
Колумбтың үш кемесі Атлынт мұхитында ұзақ жүреді, толқын шайқап, матростар арасынан қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз деушілер болады. Бірақ Колумб оларды алдағы ашылатын жерлерді айтып қызықтырады. Дегенімен 10 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 қазанда көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы қиыры болмайды. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан бұл аралды Сан-Салвадор (құтқарушы) деп атайды.
Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық халықты солай атады. Испандықтар жергілікті халықты көргенде олардың танауындағы, құлағындағы алтын күміс сырғаны көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.
Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар,- деп соған аттанады. Ол 15 қазанда екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 қазанда үшінші аралды ашып, оны Испания королевасының есімімен «Изабелла» деп атайды. Колумб қайтадан батысқа жүзіп, тағы да жеті арал ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралдағы жергілікті тұрғындармен ыммен сөйлескенде алтынды арал оңтүстікте дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды. Мұнда европалықтардың таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып танауынан түтін шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады. Бұл кереметке Испандықтар таңырқай қарайды, кейіннен олар табакты европаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумб жергілікті тайпа көсемі Кацигпен достық қарым-қатынаста болады, Колумб Испаньола деген аралға бекініс орнатты. Мартин Алонсо Пинсон командасындағы «Пинта» атты кеме өз бетінше зерттеулер жұргізе бастады. Желгілікті тайпалар Колумбқа алтын әкеліп тұрды. Колумб зеңбіректен оқ атып керемет көрсетті, Кациг оларды атпауын өтінді. Мұнымен біз Колумбтың отарлау пиғылын іске асыра бастағанын көре аламыз. 1493 жылы 3 қаңтарда Колумб Испаньола бекінісіне 39 адам қалдырып, өзі екі кемемен, жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай бірнеше арал ашты. 12 ақпанда Атлант Мұхитынан дауыл соғып, 15 ақпанда толқын Колубты Азор аралдарына айдап әкелді. Бұдан кейін де талай дауылдар соғып, Колумб бастаған топ әбден шаршады. Сөйтіп, 1493 жылы 13 наурызда олар Испания жағалауына келіп тоқтады. Бүкіл Испанния Колумбты зор қуанышпен қарсы алды. Колумб корольге өзінің сапары туралы, «Үндістанды», «Азияны» ашқандығын баяндап, әкелген қазыналарын алдына төкті. Сонымен, Американы ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың бірінші экспедициясы үлкен табыспен аяқталды.
Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королі қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13наурызда Португалия королі Иоанн ІІ эскадор ұйымдастырып, Атлант Мұхитының басыныан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королі де қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.
Испания королі жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан жігермен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қанша желкенді кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерлеріне тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды, дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп алды, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала кетті.
1493 жылы 27 қыркүйекте 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол жөнекей бірнеше аралдарды ашып, ақырында аман-есен 22қарашада Испаньола аралына келіп тоқтады. Лұл аралды зерттеушілер төрт өзен тауып, олардың жағаларынан Колумбқа толып жатқан кесек алтын әкеледі. Мұны көрген адмирал библияда айтылған атақты «офир» алтын қоймасы осы Испаньола деген қортындыға келеді. Енді испандар Испаньоладан алтын өндірісін ашып, индеецтерге еріксіз жұмыс істетіп, ғасырлар бойы тұнып жатқан, аралдың табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын тиеп корольге жіберді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор етіп қалдырды да, өзі 500 адаммен алтын кенін игеруге Сибао аралына барып, бекініс салады, индеецтер Колумбқа саф алтын әкеле береді. Бұл аралда алтын алуға 56 адамды, оған басшы етіп Педро де Маргаританы қалдырып, Колумб қайтадан Изабеллаға келсе, мұндағы жолдастарының халі қиындап кетіпті. Ондағыларға көмек көсетіп, Колумб оң түстікке барып, Ямайка аралын ашады. Бұдан кейін Кубаны жағалай жүріп, барлығы 70 аралды ашады. Колумб осылай зерттеу жұмысында жүргенде, Испаниядаға дұшпандары оны корольге жамандап, ол жаңа жерді билемек болды, саған бағынбайды, ондағы жұмысы нашар, мотростар қырылып жатыр, — деп үсті-үстіне шағым жаудыратады. Король бұл өтірікке сеніп, жаңа ашылған жерге комиссар етіп Агудоны жібереді. Бұл Колумб дұшпандарының бірі еді. Ол Колумб жоқта келіп, оның інісі Бартоломей мен баласы Диегоны жауапқа алады. Кешікпей Колумб өзі келіп, онымен бірге жағдайды түсінісуге Испанияға аттанады. Ол 1496 жылы 10 наурызда Испанияға келеді. Енді оны бұрынғыдай салтанатпен қарсы алмайды. Дегенімен король сыр білдірмегенсіп, бұрынғыдай сенетінін байқатқан болады. Сонымен, Колумб қайтпақшы болып, корольдан тағы сегіз кеме сұрайды. Бірақ осы кезде Испания мен Франция арасында басталған соғысқа байланысты, оның қайтуы 1498 жылға қалдырады.
Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы үшінші саяхатына 1498 жылы 30 мамырда аттанады. Ол бүл сапарға өте көңілсіз қарады, өйткені сол кездегі жағдай, оның үстіне оның ауруы жанына қатты батты. Ол бұл саяхатқа дайындалмады. Оның жолын торып жүрген француз кемелерінен бұрыла жүріп, солтүстік Америка жағалауынан көптеген аралдар ашып, 1498 жылы 1 тамызда Америка жағалауын ашты. Бірақ Колумб оны Америка жағалауы екенін тағы да білмеді. 30 тамызда ол Испаньолаға келеді, кешікпей азық-түлік таусылып, матростардың наразылығы күшейіп, Рольдан оған қарсы көтерліс ашады оған индеецтер қосылады. Колумб Рольданмен екі арадағы қайшылықты қарап тексеруге корольдан комиссия жіберуді сұрайды. Бұған қосымша Испаниядағы Колумб дұшпандары корольдің Колумб келісімін бұзады, ол сені алдап жүр, оның ашамын деген Үндістанын Португалия теңізшісі Васко да Гама басқа жақтан ашып, Үндістаннан мол қазына әкелді деп лақап таратып, корольді сендіреді. Сондықтан Король Фердинанд бұл жұмысты тексеруге Испания бас губернаторы әрі армия командирі Бабадилді жібереді. Ол келіп Колумбқа корольдін жарлығын көрсетеді де Христофор, Бартоломей, Диегоны аяқ-қолын кісендеп, үшеуін үш кемеге мінгізіп, Испанияға алып барады. Мұндай жүгенсіздікке шыдай алмаған Колумб король мен королева алдына әкелгенде қатты налиды. Олар біз мұндай қатаң үста деген жоқ едік, — деп оны жұбатады, бәрі де бұрынғыша болады деп сөз береді. Колумб отар жайын корольға бастан аяқ баяндайды да,король сөзіне сеніп, корольдан тағы да жаңа жерге барып зерттеу жұмысын жүргізуді, Кубадан әрі суменен Үндістанға шығуды сұрайды. Король рұқсат етеді. Бұл кезде Португалия короліна Васко да Гама ашқан Үндістаннан, оның орталық қаласы Каликуттан* алтын, күміс, інжу-маржан әкеле бастаған еді.
1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты бітіру үшін шықты. Ол бұл кезде 66 жаста болды. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған еді.
Колумб жолда аралдарды аралай жүріп, 29 шілдеде Изабелла қаласына келді. Бірақ онда бұл көп аялдамады. Себебі оны қаланың жаңа губернаторы Овандо қабылдамайды. Жолда Колумб кемесі апатқа ұшырап, Изабелла қаласынан көмек сұрауға кеме жалдап екі мотрос шығады, бірақ оларды Овандо қайтармай қояды. Колумб пен оның командасы өте көп қиындық көреді . Бір жылдай аралда жергілікті тайпалардан қорқытып азық алумен болады. Жыл өткен соң Колумб ақшасына кеме жалдап кеткен екі матрос Мендос пен Фиэско 1504 жылы 24маусымда келіп, науқас жатқан ұлы теңізшінің жолдастарына жол жабдығын дайындатып, 12 қыркүйекте Европаға қарай жүзеді. Кеме ашық мұхитқа шығысымен теңізде дүлей толқын басталады. Олар әзер дегенде 1504 жылы 7 қарашада Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына келіп тоқтайды. Аман келіп жеткен Колумб Севилия қаласына барады. Мұнда дем алып, денсаулығын түземекші еді, бірақ оны король салқын қабылдайды. Колумбты қудалау бітпейді,оны қолдайтын королева өліпті, оның сұраған үлесін сотқа тапсырыпты. Испандықтар онда қазына көп деп ойлайды, бірақ Колумбта ол кезді паналайтын баспана да жоқ еді. Король атақты теңізшінің еңбегін бағаламайды, ауруы күннен күнге меңдей береді, король оның тез олуін тілейді. Севилия қаласынан Колумб Вальядолид қаласына көшіп келіп орнығады, өлім жақындағанын сезген Колумб балалары Диего мен Фернандоға барлы-жоқты қаржысын қалдырып, ақтық өсиетінде: өлген соң аяқ-қолыма салған кісенді қабіріме бірге салыңдар деп тілепті. Ертеңінде, 1506 жылы 20 мамыр күні қайтыс болады.
Туыстары оны Вальядолидтегі монастырға жерледі. 1513 жылы оның сүйегін өзінің туған қаласа Сивилияға апарып, Картезиян монастырына апарып қайта жерледі. 1536 жылы Колумб сүйегін Испаньолаға апарып қойды. Кейіннен оның сүйегін Кубадағы Гаванна қаласына әкелді. Кубаны 1897 жылы Солтүстік Америка билеуіне байланысты Христофор Колумбтың сүйегін қайтадан Испанияға әкеліп, Сельск соборына сақтады.
Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып берді. Бірақ өмірінің соңына дейін Колумб жаңа материк – Американы ашқанын білмеді. Ашқан жерін ол «Индия» деп , ал оның халқын «үндістер» деп атап кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер, су, арал, түбектер, асқыр таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл — оған арналған мәңгі ескерткіш.
жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші сапарында — өмірінің соңғы жылдарында өзінің «бөтен бір дүние бөлігін» ашқандығы жайында ойлана бастайды.
Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге Америго Веспуччи де аттанды.
Тағы рефераттар
- Адамгершілік арқауы — ұлттық тәрбиеде
- Орыстың шығыстанушысы – В.В.Бартольд
- Құқық бұзушылыққа алдын ала жол бермеу
- Ойлаудың психологиялық теориясы
- Шерубай батыр