ХVІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс туралы қазақша реферат
ХVІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды.
Отар мемлекеттердің басқарылуы біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род-Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары» басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХVІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті.
1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті.
1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас қолбасшысы ретінде Дж.Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д.Адамстың, Т.Джефферсонның, А.Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы.
Тағы рефераттар
- У. Ростоу: экономикалық өсу стадиялары
- Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
- Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны
- Ұйымдық-құқықтық құжаттар
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы