Зергерлік бұйымдарды кешенді бағалау әдістемесінің жалпы тәсілдері туралы қазақша реферат
Ізгі металдар химиялық беріктілігімен, созылмалылығымен және де сыртқы түрінің әдемілігімен ерекшеленеді. Олардың кристалды торшалары тығыз, өздері жылтыр, әртүрлі атмосфералық құбылыстарға төзімді келеді, және де басқа металдармен жақсы қорытылады. Осының барлығы зергерлік бұйымдардың эстетикалық қасиеттерін едәуір «күшейтеді».
Бұйымдарды таза күйінде дайындау үшін бұл металдар қолданылмайды. Өйткені, олар салыстырмалы түрде жұмсақ және механикалық төзімділігі аз болып келеді. Сондықтан ізгі металдардың қорытпаларын басқа металдармен қосып пайдаланады. Таза металға қарағанда, қорытпалардың механикалық қасиеттері жақсы, балқу температурасы төмен және белгілі реңкі болады. Осындай қорытпалардың құрамына кіретін металдарды лигатурлы деп атайды. Қорытпалар құрамы мемлекеттік стандарттармен қатаң белгіленіп, олар лигатура деп аталады.
Ізгі металдарға алтын, күміс, платина, сонымен қатар платиналық металл топтары (палладий, родий, рутений, иридий және осмий) жатады. Ал түсті металдар қатарына мыс, мырыш, никель, қалайы, қорғасын, кадмий, хром және алюминий кіреді.
Зергерлік бұйымдарды дайындау кезінде, белгілі мөлшердегі алтын мен лигатура мөлшері бар қорытпаларды қолданады. Бұл қорытпаның таза алтынға қарағанда қаттылығы мен мықтылығын күшейтеді. Демек, мыс пен платина алтын қорытпасының (лигатураның) қаттылығын өсірсе, күміс оның балқу температурасын төмендетеді.
Қорытпаның құрамына қарай, алтынның түсі мен реңкі өзгереді. Күміс пен платина алтын қорытпасына бозарған түс, мыс қызаруға айналған сары түс, темір қоспасы – көк реңк, ал кадмий болса – жасыл түс береді. Мырыш, никель және паладий қоспаларынан қорытпа ақ түсті береді.
Зергерлік тастардың жарыққа байланысты түсін өзгерту қабілеттілігі де жоғары бағаланған. Мысалы, александрит тасы күндізгі жарықпен жасыл болып көрінсе, ал жасанды жарықта – қызыл түске айналады.
Тастардың жарқырауы, сәулелердің шағылысуы мен бейнеленген тұстың сипатына байланысты. Олардың жарқылы жалтылдаған, қатты, жай және көмескі болуы мүмкін.
Зергерлік бұйымдардың негізгі эстетикалық қасиеттерінің бірі – жарықтың шағылысуы. Шағылысу көрсеткіші дегеніміз, кеңістіктегі жарық жылдамдығының берілген ортадағы жарық жылдамдығына қатынасы. Бұл көрсеткіш, ақ түсті басып кету қай ортада күштірек болса, сонда жоғары болады. Дұрыс және жақсы өңделіп ажарланған тастар ғана өте жақсы жарқырайды. Жарықпен шағылысу неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тас «жарқырап ойнайды». Анизотропты кристалдарда оптикалық қасиеттер жарық бағытымен өзгереді: оларға түскен жарық ағыны екі еселеніп, сондықтан бұл кристалдарды екі есе шағылысқан деп атайды. Зергерлік шеберлер тастарды өңдеу кезінде, осындай екі еселенген шағылысты жақсы көрсетуге тырысады.
Соңғы кездері зергерлік әшекейлерді қолдануда әртүрлі компоненттерден тұратын ақ алтынның қорытпасын қолданады. Мысалы, 750-ші сынамалы ақ алтын қорытпасының құрамына 75% алтын, 9% күміс, 6% мыс және 4% никель немесе 75% алтын, 7% күміс, 6% мыс, 8% мырыш және 4% никель кіруі мүмкін. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдарды жасау үшін қолданатын ақ алтынның басқа да құрамды қорытпалары бар.
Зергерлік бұйымдардың тұтастық қасиеттері мен сапасының қалыпасуына әсер ететін негізгі фактор болып, оның өндірісі табылады. Зергерлік бұйымдарды шығарудың бір ерекшелігі, оларды өндіруде шебер-зергердің, өзі қолданып отырған материалдардың әдемілігі мен сәндік қасиеттерін мейлінше тауып және көрсетуге тырысуында жатыр. Мысалға алсақ, алтын — ауқымды ірі бөлшектерден едәуір ұтылады, ал керісінше, жұқа безендірілген жұмыстарда әдемі көрінеді. Суреттің жақсы көрінуі және бекітілген тасқа сәндік беру үшін, күмісті әдетте оксидтейді. Тас пен ілгектің бір-біріне сәйкестігі мағыналы орын алады. Мысалға, аметист пен меруерт тас алтында жақсы көрінсе, көк тас үшін оксидтелген күміс тән. Гауһар тас ақ алтын мен платинада өз орнын табады.
Өндірілу тәсілдері бойынша, зергерлік бұйымдар жеке және жалпылама (сериялық) түрде шығарылады. Жеке дайындау кезінде, зергер тек қана алғашқы өнімді немесе қажетті металл пішінін алатын жабдықтарды пайдалана отырып, барлық жұмысты басынан аяғына дейін қолмен жасайды. Бұл тәсіл жеке үлгілерді, не болмаса күрделі және нәзік суретпен әрленетін қымбат зергерлік бұйымдарды шығару кезінде, сонымен қатар формалары бағалы және жартылай бағалы тастар көлеміне келетін стандартты емес бұйымдарды пайдаланғанда қолданылады.
Жалпы дайындау кезінде, бұйымдар механикалық өңдеуден өтіп, балқыту модельдері бойынша нақты құю жолымен шығарылады. Үлгілі зергерлік бұйымдарды аз топтармен өндіреді.
Зергерлік бұйымдардың өндірілуі келесі кешенді процестерден өтеді: материалды дайындау, бұйым қалыпын құрастыру, әрлеу жұмыстары, әшекейлеу және тастарды бекіту.
Ең алдымен, лигатура құрастырылып, оны балқыту, уату, созу, соққылау және кесу жолдарымен материалдар дайындалады.
Зергерлік бұйымдар өндірісінде зергерлік тастарды қолданады («тас» тым нақты атау емес, өйткені Жер тастардан емес, минералдар мен тау жыныстарынан тұрады).
Бағалы тастар (алмас, жақұт, зүбәржәт, сапфир) табиғатта сирек кездеседі, оларды алтыннан жасалған қымбат бұйымдарға шектеулі түрде қосады; бағалы тастарға меруерт тасты да жатқызады. Жартылай бағалы тастар (аквамарин, александрит, турмалин, гранат, аметист, опал, көк тас, топаз, янтарь және тағы басқалары) көп тараған; оларды әдетте алтынмен, күміспен, мельхиормен қосады, және де тас кесу бұйымдарында пайдаланады. Өңдеу тастарына агат, лазурит, нефрит, оникс, яшма, малахит және тағы басқалары жатады.
Зергерлік ісінде түсті металдарды, сыртқы түрі бағалы металды еске түсіретін қорытпалар түрінде қолданады. Қорытпалардың негізгі компоненттері болып мыс, мырыш және никель табылады. Мыс – жұқа беттерге жеңіл ауысатын және сымға тез созылатын қызыл түсті, жұмсақ, созылмалы да ұрылғыш материал. Тығыздығы – 8,93 г/см3, Моос шкаласы бойынша қаттылығы – 3, балқу температурасы – 1083оС, көмір қышқылы бар дымқыл ауада мыс тез тотығады. Мысты негізінде кеннен өндіреді, алайда ол табиғи күйінде де кездеседі. Оны лигатурлы материал ретінде алтын қорытпаларында қолданады.
Мырыш – ақшыл-көк түсті жеңіл балқитын, нәзік материал. Мырыш тығыздығы – 7,14 г/см3, балқу температурасы – 419,4оС. Ол дымқыл ауада тез тотығып, тотықтың қорғау қабатымен жабылады. Оны көптеген қорытпаларда лигатурлы материал ретінде қолданады. Қорытпалардың мырышқа қосылуы, оларды ақшыл етеді және балқу температурасын төмендетеді.
Никель – жылтыраған ақ-күміс түсті, ауада өзгермейтін қатты, тығыз балқитын металл. Оны басқа металдардың сыртын коррозиядан қорғау мақсатында қаптайды. Қалайыны металдарды жалғау үшін және әртүрлі қорытпаларда пайдаланады. Алюминий – жақсы иілетін жеңіл де жұмсақ металл. Ол жеңіл пленкамен жабылып, ауада жақсы сақталатын болғандықтан келешекте тотықпайды. Алюминий әртүрлі сәнділіктер жасауда (алқалар, білезіктер, баулар және т.б.) және тұрмыс заттарында кең қолданылады. Хром механикалық тозуға берік келеді. Оны металл зергерлік бұйымдарын тозудан, коррозиядан сақтау үшін, затқа әдемілік беру мақсатында да пайдаланады. Кадмий – алтын және күміс қорытпаларын дайындау үшін қолданылады.
Қымбат емес жеке әшекей заттарын дайындауда, сыртқы түрі алтын мен күміске ұқсайтын түсті металдардың қорытпаларын қолданады: жез, томпақ, мельхиор, нейзильбер.
Тағы рефераттар
- 1917-1930 жж. кеңес өкіметінің музей ісіне арналған іс-әрекеттері
- Әртүрлі типтегі сауда кәсіпорнында тауар ассортиментін қалыптастыру курстық жұмыс
- Жұмыскерлер мен басқа да қызметкерлердің дебиторлық борыштар бойынша есеп айрысу операцияларының есебі курстық жұмыс
- Қоғамдағы педагог-психолог қызметінің мәні
- Цесна ЖШС қаржылық жағдайын талдау курстық жұмыс