1 Бірқатар цивилистердің пікірі бойынша жалпы меншік тек объективті мағынада ғана, ал субъективті мағынада ондай құқық жоқ дейді. Профессор Н.И.Коваленконвң айтуынша, құқықтың жалпы теориясы мен Азаматтық кодекстің «Жалпы меншік» тарауының кейбір бөлімдеріне қолданыстағы заңдылықтар қайшы келеді. Бұл екі пікірдің қайсысы сіздің ойыңызша дұрыс.

2 А.Асанова жұмыссыз үйде отырған ана, бірақ үйіндегі табыстың артық қалғанына үнемі алтын әшекейлер сатып алатын. А.Асанова күйеуімен некесін бұзған кезде сотқа ортақ меншікті бөлуді талап етеді. Пәтер үйленгенге дейін күйеуінің ата-анасынан қалған мұра болатын, бірақ, үйленгеннен соң ол үйді жекешелендірген болып шығады.

Пәтер мен алтын әшекейлер ортақ меншік болып табыла ма?

3 Г.Көпеева қайтыс болғаннан кейін оның ересек үш баласы анасынан қалған үйді  1/3 бөлікке бөліп иеленеді. Мұрагерлердің біреуі Алма ауылдан көшіп кетуіне орай өзінің екі бауырына өзіне тиесілі үлесін досы Айман Есжановаға сатқысы келетінін айады. Бұл жерде Алма бауырларының меншікке құқығын бұзып отырған жоқ па? Үйді сату жөніндегі хабарламаның нысаны мен мазмұны қалай болуы тиіс. Практикалық мысал келтіріңіз?

4 А.Қайдаровтардың отбасындағы фермерлік шаруашылығының меншігінде: жер телімі, шараушылықты жүргізу үйі, сиыр, құс, жеңіл және жүк көлігі, ауыл шаруашылығы техникалары және тағы басқа болды. Оның үлкен ұлы Самат үйленгеннен кейін фермерлік шаруашылықтағы өзінің үлесін шаруашылық ашуына байланысты беруді талап етеді. Саматтың бұл әрекеті құқыққа сай ма?

5 Апалы – сіңілілі  Алма мен Самал Армановалар ата – анасы өлгеннен кейін өсиет бойынша қалған үйге иелік етеді. Оның біреуіне екі болме, ал екіншісіне бір бөлме қалады. Асырайтын баласының жоқтығы және қаражатының молдығын ескере отырып екі бөлмеге ие болған Самалға Алма үйдегі электр жарығы мен төленетін салық құнын тең төлеуді талап етеді.

Алманың әпкесіне қойған талабының құқықтық себебі бар ма? Егер самал үйінің бір бөлмесін басқа адамға жалға беретін болса, сіздің пікіріңіз қалай болады?

6 РФ Азаматтық заңдылығында ортақ қызмет ету шарты РФ Азаматтық кодексінің ерекше бөлімімне, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімімен реттеледі. Бұл екі айырмашылықтың мәні неде?
Тағы рефераттар