Жаңа тауарларды әзірлеу стратегиясы туралы қазақша реферат
Технологияның, тұтынудағы талғамның және бәсекелестіктің жылдам ауысуына байланысты кез келген фирма бұрынғы тауарларына сеніп отыра бермейді. Тұтынушы жаңа жетілдірілген бұйымдарды күтеді. Ал бәсекелестер осындай жаңа тауарлармен нарықты жаулап алуға бар күшін салады десек те болады. Демек, әрбір фирманың жаңа тауарларды әзірлеу бағдарламасчы болуы қажет.
Компания жаңа тауарларды екі түрлі жолмен ала алады. Біріншіден, оны басқа тараптан сатып алу арқылы, яғни жаңа тауар өндіруші бір фирманы, патентті немесе лицензияны сатып алады. Екіншіден, өз күшіне орай зерттеулер мен әзірлеу бөлімін ашып жаңа тауарларды өндіреді.
Жаңа тауарларды әзірлеу барысына тоқталайық. «Жаңа» деп бұрынғы тауарлардың жетілдірілген түрлерін немесе олардың жақсартылған нұсқаларын және мүлде жаңадан істелген бұйымдарды атаймыз.
Жaңaшылдық қapeкeт — бұл жақсы ұйымдастырылған, ұтымды және жүйелі жұмыс. Анығында, мұның өзі осы жұмыс барысындағы негізгі тезис. Оның үстіне бұл қабылдаумен де, концепциялармен де тығыз байланысты жұмыс. Қисынды қатаң талдау болмайынша жаңашылдық жүзеге аспайтыны айдан анық. Бұл орайда түйсіктен көмек бола қоюы неғайбыл, дәлірек айтқанда, түйсік дегенде субъектілік түйсіну айтылса ғана көмегі болар. Соған қарамастан талдау барлық ережелері сақталып жасалуға тиіс. Мұның бәрі «менде талдайтындай жеткілікті негіз жоқ, бірақ мен амалын табамын. Мен сол жердің өзінде шын жағдайды зерттеп, сұрастырамын, жұрттың айтқанын тыңдаймын» деуге әзір болуды талап етеді.
Жаңашылдық мүмкіндіктер жинақталған өзгерістер өнеркәсіптің осы саласына (немесе қызмет өрісіне) сұғына еніп, мұның салдары орныққанға дейін еленбей қала беретін жағдай болуы мүмкін. Компаниялардың көпшілігі азды-көпті қолайлы жағдайды қапы жіберіп алады да, жаңашылдыққа бейім неғұрлым көреген компаниялар суырылып алға шығады. Бірақ мұндай компаниялар, әрине, азшылық қой.
Қалай дегенмен де жаңашылдық өте тәуекелі мол іс. Көптеген компаниялар жаңа тауарларды өндіріске енгіземіз деп опық жеген. Негізінен көпшілік тұтынатын тауарлар нарығындағы жаңа тауаралардың 40% күйрейді, ал өндірістік бағыттағы жаңа тауарлардың арасынан — 20%, қызметтер нарығында бұл жағдай — 18%. Біздер көріп отырғандай халықтың тұтынатын тауарларының арасындағы табысқа жете алмаудың жоғары болуы көңіл аудартады.
Жаңа тауарлар неге сәтсіздікке ұшырайды? Мұның бірнеше себептері бар. Маркетингтік зерттеулерге қарамастан жоғарғы басшы өзіне ұнайтын идеяны жүзеге асырмақ болуы мүмкін. Идея жақсы болғанымен нарықтың сыйымдылығын асыра сілтеп жіберу мүмкін. Немесе тауар нақты істелген кезінде дұрыс жасалмауы да себеп бола алады. Немесе дұрыс жарнамалай алмастан немесе оған мүлде жоғары баға қойғандықтан болуы да ғажап емес. Кей кездерде жаңа тауарды әзірлеу шығындары есепке қарағанда тым жоғары болып шықса, енді бірінде бәсекелестердің жауапты соққысы күткеннен жоғары болуы да мүмкін.
Осылайша, фирманың алдында мынадай дилемма тұрады: бір жағынан жаңа тауарларды әзірлеу қажеттілігі, ал екіншіден – жаңа тауарлардың табысқа кенелуі мүлде қиын. Бұған жауапты біз фирманы арнайы бағыттай отырып жаңа тауарлар жасауға бейімдей алудан табамыз. Сонымен қатар, жаңа тауарларды жасайтын мамандар тобы жаңа тауарларды жасау сатыларының әрқайсысын егжей-тегжейлі әзірлеуі тиіс. Бұл процестің негізгі кезеңдері 1-суретте келтірілген.
Тағы рефераттар
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың дамуы
- Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі
- Барбитур қышқылы
- Мұрағаттық қорлардағы құжаттарды есепке алу ұғымы және негізгі ұстанымдары
- Абылайдың Қалдан Сереңде тұтқында болуы