Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар туралы қазақша реферат
Жануарлар мен адам психикасының өзіндік ерекшеліктері және сипаттары түрліше, олардың арасында айрықша айырмашылықтар бар. Жануарлардың «тілі» мен адамның сөйлеу тілін салыстыруға мүлде болмайды. Жануарлар жануарларға белгі берумен ғана шектелсе, ал адам анық сөйлеу тілі арқылы әр алуан хабарлар беріп, қазіргі жағдай мен болашақ жөнінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сөйлеу нәтижесінде әлеуметтік тәжірибесін өзгелерге жеткізеді, сөйтіп, пікір алысады. Даму тарихында анық тіл арқасында адамдардың бейнелеу мүмкіндігі қайта құрылып, жаңа сыр-сипаттарға ие болады. Адам өз миында ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесін күрделі мәселелерді шешуге пайдаланады, өзі ешқашан кездестірмеген құбылыстар жайында түсінік алады. Сол анық тілі арқылы әр түрлі сезімдік әсерлері жөнінде өзіне-өзі есеп беретін деңгейге көтеріледі. Жануарлардың қатынас жасау тәсілдері мен адамның сөйлеу тілінің арасындағы ерекшелік — олардың ойлау әрекетінді. Мұндай жайттан біз әрбір жеке психикалык. процестің басқа функциялармен тығыз байланыста дамып отыратындығын кереміз.
Зерттеу тәжірибелеріне қарағанда, жоғары сатыдағы жануарларда әрекеттік ойлау кездеседі. Ойлаудың ондай түрі-маймылдың бағдарлау мен айлалы әрекеттер жасап, мақсатына жету үшін түрлі жағдайларда «құрал» қолдануынан көрінеді, (5-сурет). Жануарлар психикасы олардың сыртқы әсерлерді тікелей қабылдайтын жағдайына тәуелді. Ал адамның нақты жағдайларға бейімделуі ойлаудағы дерексіздендіру әрекетіне сүйеніп, іс-әрекет нәтижесін алдын-ала болжай алады. Адам нақты жағдайды бейнелеумен бірге одан шығатын нәтижені де пайымдайды. Сондай-ақ, ол еңбек құралдарын жасап, қажетіне қолданады. Ал жануарлар «құралды» тек нақты, көрнекі әрекетке ғана жұмсайды. Өзге жағдайларда жануарлар «құралды» қажет болар-ау деп тани алмайды. Жануарлар үшін зат тек нақты жағдайда ғаиа белгілі бір мәнге ие болады. Олардық заттық-құралдық әрекетінде ұжымдық бірлесу сипаты болмайды. Ең әрі кеткенде бір маймыл екінші маймылдың әрекетін бақылауы мүмкін: Бірақ олар ешқашан біріне-бірі көмектесіп, бірлескен әрекет жасамайды.
Адамның жануарлардан басты ерекшелігінін, бірі — еңбек құралын ойлап, жоспарлап жасауы. Оны қажет кезінде қолданып, сақтайды. Екіншіден, құрал-саймандарды басқа адамдармен бірлесіп қолданады. Адамның психикалық әрекетіндегі саналылықтың үшінші ерекшелігі — олардың қоғамдық тәжірибені бір-біріне жеткізіп, мұра етіп қалдыратындығы. Адам да, жануарлар да жеке өз тәжірибелерін жинақтайды. Алайда, адам сол тәжірибелерін саналы түрде менгереді. Әрбір адамның мінез-құлқында қоғамдық тәжірибенің ізі сайрап жатады. Қоғамдық тәжірибе адам психикасын дамытуға күшті ықпал етеді. Нәресте жарық дүниеге келісімен, әрқилы әрекеттер жасап, құралдарды қолданып, айналасындағы адамдармен қатынаста болады. Сөйтіп, адамзат баласының психикалық функцияларынын жетілуіне әлеуметтік орта әсер етіп, қажетті құралдарды меңгеруінде сапалық өзгерістерге ұшырайды. Адамға ғана тән жоғары функциялар — ырықты зейін, ырықты ес, абстрақтылы ойлау дамиды.
Адам сезімінің дамуы және абстрактылы ойлауы нәтижесінде болмысты бейнелеу тәсілдері өзара ұқсас. Сондықтан, адам айналасында болып жатқан жағдайлардың сырын білуге терең үңіледі. Өзіне әсер ететін заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстарды бейнелеп, олардың бір-біріне қатынас себептерін таниды, әр қилы эмоцияларға әсерленеді. Мұндай сипаттар — адам психикасының өзіндік тертінші ерекшелігі. Тек адам ғана басынан кешірген окиғаларға қайғырып, қуанады. Басқа адамның басына түскен жағдайларға жаңашырлық білдіріп, оларға жан дүниесімен тебіренеді. Табиға тәсемдігін қабылдап, оған шаттанады, жасампаздық іс-тердің нәтижесіне қуаныш білдіріп, рақаттанады. Сөйтіп, саналы тіршіліктің түрлі сырларын танып, ақыл-ой сезімін байытады.
Адам психикасының жануарлар психикасынан тағы бір ерекшелігі сол — жануарлар дүниесінін дамуы биологиялық эволюция заңына тәуелді болса, ал адамзат санасы қоғамның тарихидаму заңдылықтарына бағына-ды. Адамдардың өзара қарым-қатынасы мен өмір тәжірибесі оның көңіл-күйін, ырықты зейіні мен есте сақтауын, абстрактылы ойлау қабілетін жетілдіріп, жеке басының кісілік қасиеттерін қалыптастырады. Адам психикасының қоғамдық даму сипатын түрлі себептермен жас кезінен жануарлар ортасында өскен адам баласының жағдайларынан толық аңғаруға болады. Барлық маугли балаларда жабайы аңдарға тән тіршілік сипаты мен реакциялық әрекеттер болған. Ал адамның жас кезінен қалыптасатын, әлеуметтік ортаға бейімделген сапалары байқалмаған. Егер маймылдық балалары өз үйірінен ажырап қалатын болса, олар тек маймылға тән әрекеттерінен жаңылмайды. Адам баласы адам болып өсуі үшін жарық дүниеге келгеннен бастап адамдар арасында, әлеуметтік ортада өмір сүруі қажет.
Адам психикасы — бүкіл материяның эволюциялық даму нәтижесі. Психиканың даму сатыларын талдау нәтижесінде біз сананың пайда болуы биологиялық фактормен байланысты екенін түсінеміз. Адамның арғы тегі заттық әрекет ету негізінде ойлаған. Сөйтіп, жоғары жүйке жүйесінде, әсіресе, бас миында көптеген уақытша байланыстар жасауға қабілетті болған. Алғашқы адамдар қолға ұқсасалдыңғы аяқтарының кемегімен қажетті құралдар жасап, оларды нақты жағдайға қолдана да білген. Жануарлар эволюциясының мәнін түсінуде сана адамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы екенін айқын түсіне аламыз. Адамдардың алғашқы қоғамдық қатынастарының сипаты — үйірленіп тіршілік етіп, топтасып өмір сүруі. Сөйтіп, олар өз жауынан қорғанған, тамақ табуда біріне-бірі көмектескен. Еңбекке қажетті құрал жасап қолданған. Еңбектену әрекетінде алдыңғы екі аяғы әр алуан іс-қимылдар жасауға икемделіп, денесін тік ұстаған. Мұндай даму адамнын бас миының жетілуіне зор ықпал еткен.
Тағы рефераттар
- Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық құрылысы
- Қаржылық салымдардың аудиті
- Кенесары Қасымұлы кезіндегі қарулы күрестің күшейген кезеңі және оның жеңілуі
- JK триггерлер
- СУЛЬФАТТЫ КОРРОЗИЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ШАРТТАРЫ МЕН ДАМУЫ